Жоспар: Ас қорыту мүшелерінің физиологиясы Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері Қарындағы ас қорыту


Сілекей безінің құрылымдық қызметтәк бірлігі - саливон



бет5/9
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#80798
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ас қорыту

Сілекей безінің құрылымдық қызметтәк бірлігі - саливон. Элементтері: бөліктері (ацинус), сілекей өзегі
Ас қорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде ас қорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы ас қорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.
Ас қорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

Ас қорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50-2 000 мл

5,6-7,6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2,0-3,0 л

1,49-1,8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин

3. Панкреатин сөлі

600-700 мл

8,6-9,0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500-1200 мл

5,6-8,5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1 000 мл

5,05-7,07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.

6. Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6,1-7,31

Су

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақытта болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН – реакциясы сілтілі реакция болғандықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы муциннің маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өнешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.
Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды.
Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ олардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері көбейеді, бірақ бұл кезде баланың сілекейді жұту қабілеті нашар болғандықтан сілекейі шұбырып, өте көп өндірілетін сияқты сезім тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін мезгілі 9 бен 12 айда және 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Сөл құрамында белокты ыдыратытын пепсин, сүт казеинін ұйытатын химозин (мәйек), майды қорытатын липаза ферменттері болады.
Тіл
Дәм сезумен қатар басқа да көптеген қызметтер атқарады, тағамды механикалық өңдеу, өңделген тағамды жұту және сөйлеуге қатысады. Тіл жотасында бүртікшелер орналасқан, олардың бірнеше: жіпше, жапырақша, конусша, санырауқұлақша бүртік түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет