Балаларда ұйқы безінің ерекшеліктері
Кіші көлемді боп келеді. Жаңа туғандарда ұзындығы 5-6 см, ал 10 жаста екі еселенеді. Ұйқы безі шекарасы X кеуде омыртқасына ,ал өсе келе I бел омыртқасына сәйкес келеді. Оның қарқынды дамуы 14 жасқа дейін жүреді:
Ұйқы безінің өлшемдері: (см): 1) жаңа туғандарда - 6,0 х 1,3 х 0,5; 2) 5 айда - 7,0 х 1,5 х 0,8; 3) 1 жаста - 9,5 х 2,0 х 1,0.
Ұйқы безі ерекшеліктері
Ұйқы безі қан-тамырлармен жақсы қамтамасыз етілген. Оның капсуласы ересектердікімен салыстырғанда әлдеқайда тығызырақ боп келеді. Шығару өзектері кең, сондықтан жақсы дренаждық қызмет атқарады. Ұйқы безінің ішкі және сыртқы секреторлы қызметтері бар Олар асты қорытатын, альбуминнен, глобулиннен, микроэлементтен және электролиттен , ферменттен тұратын ұйқы бездік сөлін бөледі
.
Бала туылғанда үйқы безі анатомиялық тұрғыдан қалыптас қанмен, оның сыртқы секреторлық қызметі онша дамымаған. Алғашқы 3 айда үйқы без сөліндегі амилаза, трипсин және липаза белсенділігі төмен. Осы мезеттегі эндокринді қызметі ( инсулин гормонын бөлетін) жеткілікті..
Бауыр
Бауыр мынадай қызметтерді атқарады: 1) ішекте қорытуды қамтамасыз ететін өт бөледі.;
2) өт әсерінен ішек моторикасын белсендіреді; 3) қоректік заттардың қоры;
4) қорғаныс қызметін атқарады;
5) зат алмасуға қатысады, сомен қатар А, D, С, В12, К дәрумендерін өндіреді;
6) құрсақішілік дамуда қан жасау мүше болып табылады
Нәрестелерде билирубиннің метоболизмі толық болмайды.
Балаларда бауырдың ерекшеліктері:
Балалардың бауыры ересек адамдардыкімен салыстырғанда үлкен. Оның нәрестедегі мөлшері дене массасының 4,3 %, ал ересектерде — 2 % құрайды. Яғни ол құрсақ қуысының жартысын алып жатады,ол оның құрсақішілік дамуда қан түзу қызметімен тығыз байланысты. Бала бауыры лимфа және қан тамырларымен жақсы қамтамсыз етілген. Алайда, бауыр бөліктері және оның құрылымы айқын дифференцияланбаған . Бауыр құрылымының дамуы 4—5 жаста аяқталады. Жас келе оның құрамында тығыз заттар көбейе түседі. Нәресте бауыры: 75—80 % судан, ал ересектерде— 65—70% тұрады..
Ерте жастағы балалардың бауырларының құрылымы онша дамымағандықтан
- уытты заттарды бейтараптауға қабілеттіліктің төмендеуі
- қорғаныс қабілетінің қамтамасыз етілуінің нашарлауымен
- Басқада қызметтердің төменділігімен сипатталады.
Түйіндеме
Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан ағза өзіне тән бейімделген заттарды құрады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |