Ас қорыту жүйесі
Алдыңғы бөлім
Ортаңғы бөлім
Соңғы бөлім
- Асқазан
- Ащы ішек
- Тоқ ішек
- Бауыр
- Ұйқы безі
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды.
Строение полости рта:
Достарыңызбен бөлісу: |