Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата16.05.2020
өлшемі1,01 Mb.
#68949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
МФил. СИЛЛАБУС. Тід білімініңжаңа бағыттары



 

 


 


 

Оқытушы жайлы ақпарат 

Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 

доценті,  филология  ғылымдарының  кандидаты;  (87182)  651615;  e-mail: 

adilbek.61@mail.ru

; №5-501 501»а» -аудитория. 

 

Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі 

Қазіргі  тіл  ғылымының  басты  сипаттарын  ғылым  салаларының  өзара 

ықпалдастығы,  бірін-бірі  толықтырып  байытатын  теориялардың  көптігі, 

антропоөзектілігі, 

когнитивтік 

және 


функционалдық 

бағыттылығы 

анықтайды. Мұның өзі тілге бұрынғы біржақты көзқарасты өзгертті. Тілдің тек 

өзін,  «тілді  тіл  үшін»  зерттеу  тіл  ғылымының  өткен  тарихы  болып  қалды. 

Антропоөзектік  ұстаным  бойынша,  тіл  иесі  ұлттың  ойлау,  дүниені  тану, 

тұрмыс-салт  ерекшелігімен,  мәдениетімен  тікелей  байланысты,  олай  болса 

тілді  ұлттың  барлық  бітім-болмысымен  бірлікте  зерттеу  қажет.  Ал 

функционалдық  ұстаным  бойынша,  тілді  оның  атқаратын  қызметімен 

байланыстырып  зерттеу  маңызды.  Міне,  тілді  танып-білудегі  осындай 

көзқарастар  тіл  ғылымында  түрлі  бағыттар  мен  теорияларды  туғызды. 

Магистрант  оларды  танып-біліп  қана  қоймай,  сын  елегінен  өткізіп,  өзіндік 

пайымдау-тұжырымдыр жасай білуі тиіс.  

Пәннің  мазмұны  қазіргі  тіл  ғылымындағы  көптеген  теорияларды  жүйелеп, 

ғылыми білімдер жүйесін игеруге, олардың методологиялық негіздерін тануға 

көмектеседі.  Қазіргі  тіл  білімінің  жай-күйінен  мағлұмат  беретін  еңбектерді 

талдап,  курстық  және  магистрлік  жұмыстарға  қажет  материалдарды 

сұрыптауға және зерттеу әдістерін таңдауға бағыт береді.  

 

Мақсаты 

магистранттарды  жаңа  ғылыми  теорияларды,  концепцияларды  талдап, 

олардың  методологиялық  негіздерін,  өзекті  6  мәселелерін  анықтау  арқылы 

қазіргі тіл ғылымының жай-күйі туралы білімдер жүйесімен қаруландыру.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет