Емтихан қабылдаушыларға арналған



бет1/10
Дата10.05.2023
өлшемі64,5 Kb.
#176354
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет


Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:студенттің ЭКГ тіркеп жазып алу ептілігін төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес бағалаңыз.Студентпациент/волонтердың ЭКГ-сың тіркеп жазып алып, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.

Қад- р

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Бағасын бағалау баллдары

1.

Студент сәлемдесті, амандасып, өзін таныстырды. Волонтердің эмоциялық жағдайын және реакциясын бақылап, эмоциялық көніл-күйіне түсінік берді.
Пациенті (волонтер) кушеткаға жатқызды, алдын ала сирақ-асық, кәріжілік-білезік буындары мен кеудесін жалаңаштауын сұрады. Пациентке (волонтер) ЭКГ жазамын деп айтты.
Студент аспапты жұмысқа қалай дайындау керек айтты (таспаның қозғалу жылдамдығын 25 мм/с немесе 50 мм/с, калибрлеу сигналын 1 мм - 0,1 мВ қойды)

20

15

10

0

2.

Студент ЭКГ тіркеп жазып алуда үш стандартты биополярлық тіркеу бойынша электродтардың дұрыс орналасуын көрсетті. Электродтардың терімен жақсы жанасуы үшін арнайы сұйықтық қолданды. (Электродтарды оң (қызыл) және сол (сары) қолдардың білектеріне, сол сирағына (жасыл), оң сирағына (қара) – электр тізбегін жерге тұйықтау үшін орналастырды).
Студент I, II, III тіркеулер аяқ-қолдың қайсылары арасында тіркелетінін айтты.

20

15

10

0

3

Вильсонның униполярлы кеуделік тіркеуінде студент электродтарды қайда орналастыратынынкөрсетті:
V1 төртінші қабырға аралығында төстің оң жағынан 1см.оңға қарай; V2 - төртінші қабырға аралығында төстің сол жағынан 1см солға қарай; V3 V2 мен V4 аралығына; V4 - бесінші қабырға аралығында сол

20

15

10

0




бұғананың ортаңғы сызығы тұсына; V5 бесінші қабырға аралығында алдыңғы аксиллярлық сызық тұсына; V6 бесінші қабырға аралығында ортаңғы аксиллярлық сызық тұсына













4

Студент тағы қандай тіркеулер қолданатынын дұрыс түсіндірді: униполярлы күшейтілген тіркеулербойынша (aVR, aVL, aVF) аяқ-қолдың біреуі мен бейтарап (индифферентті) электрод арасындағы потенциалдар айырмашылығы тіркелді

20

15

10

0

5

Студент қорытынды жасады: қанша тіркеулер қолданылатындығын, қандай тісшілер тіркелетіндігін айтты. ЭКГ-да12 тіркеулер қолданылатындығын және P,Q, R, S, T тісшілері тіркелетіндігін және олар нені сиппатайтынын айтты.Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті

20

15

10

0




Барлығы

100

75

50

0

Электрокардиограмма тісшелері мен олардың аралықтарының сипаттамасы..







Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Бағасын бағалау баллдары

1.

Электрокардиография дегеніміз – (студент дұрыс анықтамасын берді)
Студент ЭКГ дұрыс схемалық бейнелейді, барлық оң және теріс тісшелерді, аралықтары мен сегменттерін атады

20

15

10

0

2.

PQ аралығын студент Р тісшесі басталатын жерден қарынша жиынтыгы басталатын жер аралығы деп сипаттады.
PQ аралығы қозудың атриовентрикулярлық түйіннен өтуі кезінде жазылатын,жүрекшелерге, Гис шоғырына және оның үш аяқшаларына қозудың таралуының жалпы уақыты деп сипаттады.
PQ аралығының ұзақтығы негізінен жүректің соғу жиілігіне байланысты болады. P-Q аралығының 0,20-ден жоғарылауы атриовентрикулярлық түйін өткізгіштігінің бұзылыстарынан болуы мүмкін.
PQ сегменті Р тісшесі біткен жерден бастап Q тісшесі басталған жерге дейінгі аралықтан өлшенеді және атриовентрикулярлық түйінде кідіру уақытына ғана сәйкес келеді.
PQ сегменті = 0,02-0,04 сек.
Студент S-TсегментінТ тісшесінің жоғарыға бағыттылған иінінен бір қалыпты өтетін және көрші бөліктер аралығында потенциалдар айырмашылығы байқалмағанда,
екі қарыншаны да қозудың толық жайлап, таралуына сәйкес келетін, QRS жиынтығы аяқталған жерден бастап Т тісшесінің басталған жері арасын ЭКГ-нің бір кескіні ретінде сипаттады.

20

15

10

0




Q –Таралығын студент Q тісшесінен бастап Т тісшесіне дейінгі кесіндіні қарыншалардың барлық бөліктерінің қозуы кезіндегіқарыншалардың электрлік систоласы деп сипаттады.Q-T аралығының ұзақтығы ЖЖЖ байланысты.















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет