«Емтихан» психологиялық ойын
Мақсаты: Оқу процесіндегі маңызды емтихан кезіндегі күйзелістік ахуалдың алдын алу және психологиялық дайындығын нығайту.
Өткізілу уақыты: 60 минут
Ойын аудиторияда немесе акт.залында өткізуге болады.
Бұл ойын 9-шы және 11 кл оқушыларын алдағы маңызды емтиханға дайынындық жасау негізінде ұйымдастырылады.
Бұл ойынға 9 класс (11класс) оқушылары қатыстырылады және мектеп түлектері, педагогтердің қатысуына болады.
Ойын барысындағы маңызды міндеттер:
Емтихан кезіндегі стресстік ситуацияны «бастан» кешіру» арқылы соған деген жағымсыз қатынасын өзгерту;
Емтихан кезіндегі проблеманы айқындай және оған ортақ талдау жасай отырып, шешудің тиімді жолдарын табу;
Емтихан ситуациясынан бірнеше рет өткен ересектердің тәжірибелерін талдау (түлектер, мұғалімдер)
Емтихан комиссиясының құрамымен таныстыру;
Топтық бірлескен қарым-қатынас жасай білу дағдысын дамыту.
Ойын «Емтихан» кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс
Комиссия, билеттер, тапсырманы орындауға шектеулі уақыт, бағалау –мұның бәрі ойынның салмақтылығын көрсетеді.
Сергіту жаттығуы :
оң жағынан дәлелденген математикалық белгі (плюс); Жер шарын өлшейтін доп? (глобус); баяндау сөйлемінің соңы ...? (нүкте) ; Пифагор шалбары...? (барлық жағынан тең) дененің ақылды құрылымдық бірлігі(тау); шахмат тақтасы және дәптер (тор);
"Рено" автокөлігінің бамперіндегі геометриялық фигура(ромб) ; түзетілген ромб (шаршы);
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?(3 кг)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе? (Есіміміз)
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды
екен)
Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте) Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе
өліп жатыр? (Сіріңке)
Үйдің ең суық жері? (Сырты)
Электровоздың түтіні батысқа қарай
созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? (Электровоздың түтіні болмайды)
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
(Запастағы дөңгелек)
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)
Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада? (Талдықорғанда)
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
(Ұйықтап жатсың ба?)
Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
Теңіздің ортасында не бар?(“ң” әріпі)
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?
(Үсті су болып шығады)
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр
екен, себебі не? (Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен)
Адам нені бұзғанда қуанады? (Рекорд)
Балықтар неліктен сөйлемейді?(Су жұтып қоймау үшін)
Ненің көлеңкесі жоқ?(Көлеңкенің)
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар?(мен)
Алфавиттің ең соңғы әрібі?(т)
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа
ұқсайды? (Жаңбыр астында өскендіктен)
Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ)
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
екеу Астанада көп? Ол не? (“а” әрібі)
Қажетті материалдар:
Емтихандағы ситуацияны суреттеуге негізделген сұрақ карточкасы (осы арқылы топтасады); (Емтихандағы келеңсіз ситуацияға қандай оқиға әсер етті? Емтиханға байланысты дискомфортты қандай жағдай туғызды? Емтихандағы жағымсыз ситуация неден басталды? Егер еш нәрсе өзгермесе, бұл жағдай қандай нәтижеге алып келеді?)
Тапсырманы орындау үшін өз ара талдауға 5 минут уақыт беріледі.
А4 қағаз (әр топқа) ситуацияны сипаттау мақсатында;
Қоңырау ;
Сценарий
Емтихан өткізілу кабинеті жабдықталады.
Есікке «ЕМТИХАН ӨТІП ЖАТЫР» ескертпе жазылады.
Аудитория топтасуға ыңғайлы форматта дайындалады.
«ЕМТИХАН» ұғымына ассоцация тыңдалады.
Сергіту жаттығуы (3- 5минут)
Емтихандағы ситуацияны суреттеуге негізделген сұрақтар таратылады (әрбір оқушыға) яғни оқушы санына қарай жасалады
Сұрақтар арқылы құрылған топ өзіне берілген тапсырманың негізінде ситуацияны көрсетеді.
Әрбір топтың бейнелеген ситуациясын анықтау қажет болады.
Әрбір оқушы тапсырманы орындау барысындағы өздерінің ішкі эмоцияларымен бөліседі.
Жүргізуші педагог-психолог оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қатысты өзіндік кері байланысын береді.
Ситуациялық тапсырманың сұрақтары :
*Емтихандағы келеңсіз ситуацияға қандай оқиға әсер етті?
*Емтиханға байланысты дискомфортты қандай жағдай туғызды?
*Емтихандағы жағымсыз ситуация неден басталды?
* Егер еш нәрсе өзгермесе, бұл жағдай қандай нәтижеге алып келеді?
Пайдаланылған әдебиет: Практикум по психологическим играм с детьми и подростками.Моква.208 \ 223-230\
Достарыңызбен бөлісу: |