1 А. Нұрқатовтың өмірі мен шығармашылығы А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі



бет1/5
Дата19.12.2022
өлшемі44,8 Kb.
#163259
  1   2   3   4   5
Байланысты:
А Нұрқатов


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 А.Нұрқатовтың өмірі мен шығармашылығы


2.А.Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
2.1 Абайтануға қосқан үлесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Филологияның өзі жеке ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасқанын ескерсек, қазақ филологиясының ғылым ретінде шаңырақ көтерген уақытын өткен, XX ғасырдың бастапқы жылдарына телісек те, ғылыми филология көшінен кенже қала қоймасымыз анық. Бұл жағдайда баршаның ойына ең әуелі Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанұлы, Халел Досмұхамедұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы т.б. қазақтың біртуар зиялыларының еңбектері оралуы да заңды. Қазақтың көркемдік таным дүниесінде жарқын із қалдырған


Ш. Уәлиханов, халқымыздың көркемдік әлемінде көсем болмысымен дара тұрған А.Құнанбаев сияқты дара тұлғалардың өріс алып жатқан әдеби-сыншылық пікірлердің XX ғасыр басындағы ұлт зиялылары еңбектерінде ұлттық-халықтық мұрат тұрғысынан көрініс тапқаны да айдан анық. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің ғана емес, әдебиеттануы мен сынының да көш басында болған С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Тоғжанов, М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмаилов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин еңбектерінен бастау алып,кешегі күнге дейін ізденіс аясы, бағыт-бағдары тұрғысынан түрлі деңгейде, алуан сипатта болып келген үлкенді-кішілі зерттеулердің ғылым дамуындағы маңызын ескермеу шындыққа қиянат болмақ.
Әдебиет тарихының сан-салалы мәселелері әр қырынан қарастыратын еңбектерден бөлек алғанның өзінде, әдебиеттану және әдебиет сынына қатысты көптеген зерттеулер жазылғаны мәлім.Бұл тұста А.Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышынан бастау алып,М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, Б.Ыбыраимов т.б. ғалымдардың әдебиеттің теориялық мәселелеріне арналған еңбектерін, әдебиеттану мен сын тарихы мәселелеріне негізделген Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғали, М.Қаратаев, Т.Кәкішев сынды майталмандардың зерттеулерін айтуға болады. Қайсы бір ғылым саласында болмасын, ғылымды жасаушы да, дамытушы да, халық игіліне жаратушы да – жекелеген дарынды тұлғалар.
Әдебиет ғылымы мен әдебиет сынының даму тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған сыншылар мен ғалымдардың еңбектерін жан-жақты саралай қарастырып, салыстыра бағалау нәтижесінде ғана нақты кезеңге тән әдеби үрдістің шынайы бейнесі объективті көрініс табатыны айқын. Қазақ әдебиетінің әдебиеттануының сын мәселесіне өзінің үлесін қосып, артынан мол мұра қалдырған қазақтың біртума перзенттерінің бірі, дарынды ғалым – Айқын Нұрқатов еді. Зерттеудің өзектілігі: XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы сын және әдебиеттанудың дамуы, А.Нұрқатовтың әдеби сын, ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы және әдебиеттанудағы орны. Зерттеудің мақсаты: А.Нұрқатовтың ғылыми-зерттеу еңбектерін зерделеп қарастырып, олардың әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы маңызын айқындау, оның сыни еңбектерінің әдебиетте атқарған міндеттері мен бүгінгі әдебиеттану дамуындағы өзіндік орнын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. А.Нұрқатовтың өмір кешкен кезеңнің өзіндік сипатына сай оның сыни, ғылыми еңбектерін қарастыру арқылы қоғамдық-әлеуметтік, танымдық көзқарасының қалыптасу жолдарын анықтау;
2. Қазақ қоғамының дамуында маңызды орын алатын демократ- ағартушылар мен кеңестік дәуірдегі көрнекті қаламгерлер шығармашылығы, олардың әдеби үрдіс дамуындағы ізденістері, алатын орны, әсер-ықпалы туралы еңбектерін қарастыру нәтижесінде А.Нұрқатовтың сыншы-зерттеушілік ролін анықтау;
3. М.Әуезов шығармашылығының ерекшелігі жайындағы ғалым зерттеулерінің маңызын анықтап, көрсету;
4. Абайдың шығармашылық даралығы, ақын шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық, ақындық айнасы, ақын дәстүрінің жалғастығы, ақын шығармаларындағы көркемдік-тілдік сипаттарын саралауға қатысты еңбегінің маңызын ашу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет