1 А. Нұрқатовтың өмірі мен шығармашылығы А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі



бет5/5
Дата19.12.2022
өлшемі44,8 Kb.
#163259
1   2   3   4   5
Байланысты:
А Нұрқатов

Сөз айттым, «Әзірет Әлі, айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, -
деген шумақта терең мағына барын аңдата келе ғалым Абайдың кітаби ақындардың тіліне қатысты ұстанымы мынау еді дегенді айқындап береді: «Абай діни аңыздардың кейіпкерлерін, шындықтан шалғай адам бейнелерін жырлауға ғана емес, жалпы өлім жырын, о дүние жырын жырлауға қарсы. Адамның ең бір қартайған, қалжыраған шағы – кәрілік жайлы жырлағанда да адамды түңілтерлік, оның рухын шаршатып, жігерін жасытарлық сарындарға бармау керек. Адамды, оның өмірін мадақтаған, бүкіл шығармашылығын сондай ұлы мақсатқа арнаған кемеңгер Абай өз поэзиясының оптимистік сипатын осы тұста да ақын танытады», - деген тұжырым жасайды. Расында да, ғалымның бұл пікірімен толықтай келісуге болады. «Қисасул әнбие» қатарлы, ислам діні пайғамбарлары мен әулиелерін туралы діни дастандар ежелден бері түркілік, қазақ әдебиетінде бар. Алайда, адамзат баласы ғылым мен білімге, жаңашылдыққа ұмтылып жатқан заманда діни-мистикалық сарындағы көне туындыларға басымдық беріп, сонымен бірге мынау пәниді бес күндік баянсыз жалған дей отырып, бақилық ғұмырды мадақтау, адамды бұл өмірден баз кештіруге тырысудың дұрыс еместігін дәл қазіргі қоғамдағы ахуал анық көрсетіп отыр. Демек, Абай да, Абай шығармашылығын тәпсірлеуші Айқын Нұрқатов та бұл жерде дұрыс бағыт-бағдарда екендігі анық болмақ.
Айқын Нұрқатов Абайды ескі мен жаңаның ара жігін ажыратушы феномен тұлға деп бағалағандығы анық. Абай шығармашылығының ұлылығына, халқымыздың бүкіл өміріне рухани азық боларлық қуатына сенеді. Бұл жөнінде белгілі әдебиеттанушы Мүслім Базарбаев мынадай естелік қалдырған екен: «1962 жылы сыйлаған «Идея және образ» деген кітабында «Жаңа жылдың басшысы Мүсекеңе. Інілік ізетпен. «Автор» деп жазыпты. Абайдың: «Жаңа жылдың басшысы ол, мен ескінің арты едім» дегенінен алған бұл сөздерді қайталап, Айқынның өзіне әбден айтуға тиіспін: жаңа, өнерпаз, ынталы буынның басы еді Айқын, оның қостаушылары да, қолдаушылары да көп болды, аз өмірінің ішінде мол еңбек еткен талапкер болып есімізде қалды. Сөзіміздің басында айтқандай, Айқын Абай поэзиясының мән-жайын мұқият зерттеп, ақындық өнер жайында пайымды кітап қалдырған маман. Абай поэзиясы, оның ақындық өнері жайында кейін мұндай арнаулы еңбек жазылған жоқ».
Абайдың ақындық әлемі туралы талдау еңбегінің «Абай шығармашылығының дәстүрлік және жаңашылдық сипаттары» атты бөлімін Айқын Нұрқатовтың Абай өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу сипатындағы кіріспе деуге болады. Аталған бөлімде Абай тұлғасының қалыптасуына әсер еткен бастаулар мен Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңашылдығы туралы молынан тоқталып, талдаулар жасайды: «Қазақ поэзиясының түр, ұйқас, ырғақ және өлшем жағынан енгізген ұлан-асыр жаңалықтарын айтпағанның өзінде Абай қазақтың қарапайым халық тілі арқылы адамның көңіл-күйі мен сыр-сезімдерінің алуан түрлі реңктері мен қайталанбас сәттерін бар бояуымен, бусанып тұрған шындығымен бейнелеуге, жеткізіп суреттеуге болатындығын көрсетті. Тұтастай алғанда оның поэзиясы – нағыз «сөз патшасы», «тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім», өзгеше көркем, өзіне ғана тән хас қасиеттері бар, мол сырлы дүние», - деп аталған бөлімді қорытындылайды.

ҚОРЫТЫНДЫ


Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» еңбегі абайтану ғылымы белесіндегі елеулі еңбектің бірі ретінде қала бермек. Иә, ол заманда Абайдың өзіне үлгі тұтқан айтулы шығармашылық иесі Дулат Бабатайұлы, соңынан ерген мұраттас інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы, қазақтың бас ақынының шығармашылығын шынайы биікке көтере зерттеудің негізін салушы Әлихан Бөкейханұлы бастаған Алаш арыстарының есімдерін атауға болмайтын еді. Сондықтан да коммунистік кезеңдегі абайтану ғылымы бойынша талдау, зерттеулерге еріксіз жалаңдық, жорта жұтаңдық, аясы барынша тар зерттеу ауқымы тән еді. Абайды оның өзі өмір сүрген замандағы қоғам өмірінен, тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайлардан бөліп алып жеке-дара қарауға болмайтынын және Абайдың шығармашылығы өз дәуірінің прогресшіл сипатымен тығыз байланысты екендігін өз ғылыми зерттеу еңбегінде айқындап көрсете білді. Айқын Нұрқатов еңбегінен де осы сипаттар байқалғанымен, аталған еңбек тым әсірелеуден аулақ, ғылыми салқынқандылықты ұстана отырып жазылғандығын атап өткен жөн. Сондықтан да бұл еңбекте айтылған тұжырымдар мен талдаулар қазіргі күні де маңызын жоймақ емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қабдолов 3. Арна, Зерттеу. Сын.Эссе - Алматы: Жазушы, 1988.-2566.
2. Нұркетов А, Жалғасқан дәстүр. Зерттеулер. Мақалалар - Алматы:
1980-3106.
3. А. М.Әуезов. Монографиялық очерк - Алматы: Қазақтың
іжеттік көркем әдебиет баспасы, 1957 -1836.
4. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. Мақалалар. Зерттеулер -Алматы:
Жазушы, -2326.
5. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы - Алматы; Санат, 1994-
4486.
6. Ғабдуллин Н. Шығарма арқауы - шындық - Алматы: Жазушы, 1968
- 1926.
7. Нұрғалиев Р. Телағыс - Алматы: Жазушы, 1986 - 4406.
8. Ахметов З, Өлең сөздің теориясы - Алматы: Мектеп, 1973 - 2126.
9. Қазақ әдеби сынының ғылыми негіздері: Ф.ғ.д.тиясы - Алматы, 1994.
10.1 Пов Т. Оңаша отау: Қазақ әдебиет сынының жанрлық қалыптасуы хақында. - Алматы: Жазушы, 1982 - 2246.
12.Нұрқатов А. Ақын туралы эпопея //Әдебиет және искусство. -1956.
13.Нұрқатов А. Сәбиттің прозасы // Лениншіл, жас. -.Хо 58, 2-б.
14.Нұрқатов А. Халық жазушысы // Лениншал жас. - 1960, 36. 13қараша.
15.Нұрқатов А. Қазақтың тұңғыш! эпопеясы // Лениншіл жас. - 1957, 28
Қыркүйек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет