Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы: Сөз бен сөздердің байланысу тәсілдері
Орындаған: Тұңғушбай А.
Қабылдаған: Байғұтова А.
Шымкент 2020
Жоспары:
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдері.
Қиысу туралы зерттеу.
Матасудың қазақ тілінде алатын орны.
Меңгеру туралы деректер.
Қабысу және Жанасудың ерекшеліктері.
1.Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан байланысу түрлері болады. Ондай байланысу түрлері бесеу: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
2. Қиысу — синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрі, сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңкы мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланып байланысады. Қиысу сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасын байланыстырады. Бастауыш пен баяндауыш жіктік жалғаулары арқылы не жіктелу ретімен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп байланысады. Мысалы: Мен айттым — сен айттың — ол айтты. Біздер айттық — сіздер айттыңыздар — олар айтты. Қолданбалы тіл білімі (орыс. прикладное языкознание) — тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу әдістерімен шұғылданатын тіл біліміндегі бағыт.
Тіл білімінің мәселелері
Тіл білімінің дәстүрлі, қолданбалы мәселелері мынадай:
әліпби түзу, оны жетілдіру;
ауызекі сөйлеудің, шет тіл сөздерінің жазылуын реттеу; *стенография;
соқырларға арналған жазу жүйесін жасау;
ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру;
жаңа өнімдер мен тауар атауларының колданылу ережесін жасау;
тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге қажетті тілдік материалды сұрыптау, осы сияқты мәселелерді шешу үшін арнайы анықтамалар жасау, жасанды тілдерді қалыптастырып, оларды үйрету.
20 ғ. 2-жартысында Қиысу т. б. жоғарыдағы мәселелерді адамның ғана емес, сонымен бірге автомат-ЭЕМ-нің көмегімен шешу әдістерін қарастырды. Осыған орай "есептеуіш тіл білімі", "инженерлік тіл білімі", "автоматты тіл білімі" терминдері қолданылды. Қиысу т. б. термині 20 ғ. 20 жж. пайда болды. Оның жалпы әдістері теориялық тіл білімінде тілді талдаудың алгоритмдік жүйесінің зерттелуімен, математикалық тіл білімімен байланысты. Қиысу т. б.-ның негізгі бағыттары: ақпараттық жұмыстарды, мәтіндік аудармаларды автоматтандыру, басқару жүйесін автоматтандырудың тілдік мәселелерін шешу, ғылыми-техникалық терминологияны стандарттау.[1]
3. Матасу — синтаксистік байланыс түрлерінің бірі. Матасудың бірінші сыңары ілік септігінде, екіншісі тәуелдік жалғауында келіп, сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады. Мағыналық және тұлғалық жағынан мәндес сөздер тіркеседі, Матасудың сыңарлары:
зат есім,
есімдік
субстантивтенген (заттанған) атаулар.
Мысалы, ананың қуанышы, кішінің көмегі, жақсының шапағаты.
Матасудың ерекшеліктері: ілік септігіндегі сөз граммат. жағынан тиянақсыз болып, тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етеді. Ілік септікті сөз негізгі саналып, нысанның иесі болады, ал тәуелдік жалғаулы сөз нысанның меншіктік қасиетін білдіреді. Матасудың сыңарлары сөйлемде қатар және алшақ тұрып байланысады.
Матасудың 4 мағыналық қатынасы бар:
меншіктік — университеттің кітапханасы, құстың шырылы;
бүтін мен бөлшектік — көздің қарашығы, кітаптың мұқабасы;
зат пен құбылыстар арасындағы қатыстық — күннің күркіреуі, желдің лебі;
туыстық — Абайдың ұрпағы, Дананың әжесі.
Қолданыста Матасудың екі түрі кездеседі: толық матасу және толымсыз матасу
Толық матасуда қосымша тұлғалар толық сақталады: баланың күлкісі, үйдің берекесі.
Толымсыз матасу да, ілік септігі түсіріліп, сөздер қатынасы тәуелдік тұлға арқылы көрінеді: арман қуаты, жүрек жылуы. Тіл дамуында М. лексикаланып, атаулық сипатқа ие болады: балалар бақшасы, жер шары, еңбекақы, т.б.
Матасу арқылы жаңа терминдер жасалады: абай шумағы, басқару жүйесі, архив қоры, тыныс демікпесі, кітапхана ғимараты.
Матасуды М.Балақаев, Р.Әмір, Е.Ағманов, Ә.Аблақов, С.Исаев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдар зерттеді.[2]
Меңгеру – синтаксистік байланыс түрлерінің бірі.
Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады. Басыңқы сыңар негізгі қызмет атқарады, осыған байланысты меңгеру:
есімді (бетегеден биік, жусаннан аласа);
етістікті (ауылдан келді, аттан түсті),
ортақ (айтқанын дұрыс көрді, жиырма күн мөлшерінде оралды) болып бөлінеді.
Есімдердің барлығы бірдей меңгеруде басыңқы сыңар бола бермейді, предикаттық қызметте жұмсалатын абстрактілі зат есімдер мен сапалық сын есімдер ғана басыңқы қызметте жұмсалады. Етістіктер табыс септігін меңгеруі негізінде салт және сабақты болып бөлінеді. Меңгеру толық сипатта да, жасырын түрде де келе береді (көрме аралады, кітапты оқыды). Меңгеру әр түрлі қатынаста жұмсалып, түрлі мағыналарды білдіреді.
Мысалы, барыс септігі арқылы жасалған меңгеру:
іс-қимылдың бағытын (оқуға кетті, далаға шықты);
нысанын (балаларға айтты, кітапқа қарады);
себебін, мақсатын (айтуға келді, баруға талаптанды) білдіреді.
Жатыс септікті меңгеру пысықтауыштық, анықтауыштық қатынаста тұрып, мезгілдік және амалдық мәнде қолданылады.[1]
Меңгеру (тіл білімінде) - қосымша тәсілі негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс түрінің бірі. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы сыңарларымен атау мен іліктен басқа септік жалғауларында тұрып байланысады. Меңгеру де басыңқы сыңар шешуші қызмет атқарады, өйткені басыңқы сыңар өзінің лексика-грамматикалық мағынасы арқылы бағыныңқы сыңардың белгілі бір септік жалғауында тұруына ықпал етеді. Меңгерілетін сөздер табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде келеді де, меңгеретін сөздер етістіктер, есімдер не екеуінің бірлескен тобы болады, осымен байланысты меңгеру іштей үшке бөлінеді:
етістікті меңгеру (мектепке келді),
есімді меңгеру (бізбен көрші),
ортақ меңгеру(сөйлегенін мақұл көрді).
Меңгеру - етістікке тән, сондықтан да бұлардың қабілеті есімдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мұны мынадан байқауға болады:
1) Меңгеру етістікке тән болғандықтан, оның тамыры тым әріден басталады. Мысалы, Орхон-Енисей ескерткіштер тілінде етістіктердің болмаса, есімдердің меңгеруі кездесе бермейді. Демек, есімдердің меңгеруі етістіктердің меңгеруі негізінде кейінірек қалыптасқан, сондықтан да есімдер меңгеру қабілеті жағынан да, сөз тіркесін құрау мүмкіншілігі жағынан да етістіктердей емес, тынысы тар;
2) Етістіктер лексика-грамматикалық мағынаға аса бай, сондықтан да бұлар қатарынан бірнеше септік жалғаулы сөздерді жетегіне алып, алуан түрлі грамматикалық мағынасы бар сөз тіркестерін құрайды. Мысалы, ауылға келді - бағытталған қимыл- әрекеттің орнын білдіреді; қаладан келді- қозғалыс-әрекетінің басталған жерін білдіреді; жаз айында келді - қозғалыс-әрекетінің мезгілін білдіреді; машинамен келді - қозғалыс- әрекетінің тәсілін білдіреді. Ал есімдерде мұндай қабілет бола бермейді;
3) Табыс жалғаулы сөзді етістік меңгере алатын болса, есімдер меңгере алмайды;
4) есімдер, негізінен, баяндауыштық (предикаттық) қызметте жұмсалғанда ғана меңгеру қасиетіне ие болатын болса, етістіктер өзінің лексика-грамматикалық мағынасына орай еркін меңгере алады;
5) Етістіктер меңгерілетін сөзімен берік байланысқа түсе алатын болса, есімдерде ондай қабілет жоқ, әлсіз байланысқа негізделеді, бірақ осындай ерекшеліктеріне қарамастан меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері тілімізде кеңінен қолданылады. Есімдердің ішінен сын есімнің меңгеру қабілеті мол, өйткені ол, біріншіден, сын, сапаны білдіретіндіктен, баяндауыш болуға бейім тұрады, екіншіден, сын есімге шырай категориясы тән, ал шырайдың мәні, негізінен, салыстыру үстінде айқындалады, салыстырудың дені шығыс жалғаулы сөз тіркесі арқылы беріледі(Саптанаттан көрікті, Салтанаттан көріктілеу).
Зат есімдердің ішінен сын есімге жақындау жатқан, жалпылық сипат алған түрі болмаса, нақты, заттық мәнді білдіретін түрі септік жалғаулы сөздерді меңгере алмайды (бізбен құда, сізбен дос, ұйымға мүше). Есімді меңгеру, "ортақ меңгерудің" негізінде жасалған, сондықтан да олар кейбір ретте белгілі бір жағдайға байланысты бірімен екіншісі орын алмасып қолданыла береді. Мысалы, өткен, келер шақты білдіру қажет болса, меңгерудің "ортақ меңгеру" түрі қолданылады да, осы шақты білдіру керек болса, есімді меңгеру түрі қолданылады. Мысалы, Әлимен жолдас болатын (өткен шақ), Әлимен жолдас болмақ (келер шақ), Әлимен жолдас (осы шақ). Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары мен басыңқы сыңарларының өзара байланысу дәрежесі біркелкі болып келмейді. Мысалы, Күләшті көрдім, үйде көрдім деген тіркестерде үйде көрдім тіркесі Күләшті көрдім тіркесінен әлдеқайда әлсіз байланысқан. Сондай-ақ кітапты берді, маған берді, өз қолымен берді сөз тіркестерінің байланысу дәрежесі де біркелкі емес. Берді етістігі табыс, барыс жалғаулы сөздермен берік байланысқа түскен де, көмектес жалғаулы сөзбен әлсіз байланысқа түскен. Тағы бір назар аударатын нәрсе, етістік бірнеше септік жалғаулы сөздерді меңгергенде, кейде оның біреуімен берік байланысқа түссе, кейде қатарынан екеуімен берік байланысқа түседі. Мысалы, киімді қолы босағанда машинамен тігу, малды иесіне дер кезінде тапсыру. Берік меңгеріле байланысқандары - киімді тігу, малды иесіне тапсыру. Осыған байланысты берік меңгерудің өзі іштей жалаң берік меңгеру (киімді тігу) және қосарлы берік меңгеру (малды иесіне тапсыру) болып екіге бөлінеді. Етістіктер меңгеруінің берік және әлсіз байланысқа түскен түрі болып саралануы тікелей басыңқы сыңар мағынасына байланысты. Егер меңгеру етістіктің тікелей лексикалық мағынасына байланысты болса, онда ол берік меңгеруге жатады да, ап қосымша граммат. мағынаға қатысты болса, әлсіз меңгеруге жатады. Сабақты етістік табыс жалғаулы сөзді меңгергенде, табыс септігінің жалғауы бірде түсіп, бірде түспей қолданылады (кітап оқыды, кітапты асықпай оқыды). Табыс септігі қандай тұлғада қолданылмасын, бәрі бір, екі тіркестің екеуі де объектілік (толықтауыштық) қатынасты білдіреді, сондықтан кітап оқыдыны қабысуға жібермей, меңгерудің қатарында қараған орынды.[5]
5. Қабысу- сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі тәсілі арқылы байланысуы. Сөз тудырушы формалары жоқ немесе аз тілдерде бұл тәсілдің атқарар қызметі ерекше. Мысалы, қытай, ағылшын, француз тілдерінде сөздердің орын тәртібі өзге тәсілдердің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Сөз түрлендіруші формаларға бай түркі тілі, соның бірі қазақ тілінде де атапған тәсілдің атқарар қызметі кем емес.
Қабысу синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрінің бірі. Тіл фактілеріне жүгінетін болсақ, кез келген сөздер жалғаусыз, шылаусыз орын тәртібі тәсілі арқылы байланысқа түсе бермейді. Олар өзара тіркесу үшін мағыналық жақтан да, грамматика жақтан да сәйкестікте болуы керек, әрі ондай сөздер іргелес тұрып, араларына сөз салмай, белгілі бір ырғақпен айтылуы қажет. Мағыналық тұрғыдан байланысы бар сөздердің басын құрастыруда ұйтқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Осымен байланысты іштей қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері және қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері болып екі салаға белінеді.
Қабысу байланысқан есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары әр уақытта есімдер, олардың ішінде зат есімдер болып келеді. Өйткені зат есімдер өзінің лексика-грамматика мағынасына орай түр, түс, сын, сапаны білдіретін сын есімдермен, анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есім, зат есім, есімшелер, есімдіктермен тіркесуге бейім тұрады да, анықтауыштық қатынастығы сөз тіркестерін құрайды.
Қабысу байланысқан сөз тіркестерін құрастыруда етістіістердің де атқарар қызметі мол. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдың мәнін айқындау үшін етістіктер ұйтқы сөз ретінде үстеулермен, көсемшелермен, еліктеу сөздермен, ретіне қарай сан есім, сын есімдермен тіркесе береді. Жоғарғы оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақтілі" (1992, 82-6.) оқулығында ағаш кесу, пішен ору, үй салу, газет оқу тәрізді тіркестер қабысудың қатарында қарапған. Сырттай қарағанда осылай ету орынды да, апайда осылардың іргелес тұрып жымдаса байланысуы бағыныңқы сыңар құрамынан табыс септік жапғауының түсіп қалуымен тікелей байланысты. Егер аталған сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына табыс септік жалғауын жалғайтын болсақ, тіркес құрамындағы сөздердің байланысы солғындайды, арқауы босайды, арапарына өзге бір сөз кірістіруге болады: ағаш кесу ағашты балтамен кесу. Жоғарыда келтірілген мысалдар табыс септігінің жапғаулы түрінде болсын, болмаса жапғаусыз түрінде қолданылсын, бәрі бір, тек бір ғана мағынаны, бір ғана синтаксистік қатынасты білдіреді, ол тура объектілік мағына, толықтауыштық қатынас. Сонымен атапған тіркестердің қандай қолданыста болмасын тек толықтауыштық қатынаста жұмсалуы, сондай-ақ бағыныңқы сыңар құрамына қинапмай, кедергісіз табыс септік жалғауының жапғануы мұндай типтті тіркестердің қабысуға емес, меңгеруге жататындығын көрсетеді. Алайда бұдан бір сөз тіркесі екінші сөз тіркесіне ауыспайды деген пікір тумаса керек. Тіл дамуы барысында бір құбылыстың екінші бір құбылысқа ауысып, көшіп отыруы-заңды нәрсе. Мысалы, кешке келеді, түнде кетеді, бурыннан біледі, кезекпен сөйлейді, етпетінен құлады тәрізді сөз тіркестерін алатын болсақ, бұлар тарихи тұрғыдан меңгерудің қатарына жатқан да, кейіннен қабысудың немесе жанасудың қатарына кешкен. Бұған бағыныңқы сыңар құрамындағы септік жапғауларының өзіндік мағыналарынан алшақтап, жалғанып турған сөздерімен тұтасқан қалпында үстеуге айналуы себеп болған.
Қабысу байланысқан сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді: жібек орамал, ағаш күрек — жалаң, темір қанат балапан, жалғыз аяқжол, сылқсылқ, күлу-күрделі.
Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан әркелкі болуына қарай қабысу байланысқан сөз тіркестері әр түрлі қатынаста жұмсалып, әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы, қабысу байланысқан есімді сөз тіркестері, негізінен, анықтауыштық қатынаса жұмсалады да, қабысу байланысқан етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді. Мысалы, биік үй, алтын сағат, бесінші орын, осы бала, көреген жігіт анықтауыштық қатынаста, шапшаң жүреді, еріксіз күледі, зыр жүгіреді, мұлтіксіз орындайды, күле қарайды, ыржиып күледі пысықтауыштық қатынаста жұмсалып түр.
Сонымен кабысу жанасудан араларына сөз салмай жымдаса байланысуымен, іргелес түруымен, негізінен, шылаусыз байланысуымен, бір ырғақта болуымен ерекшеленеді.[1]
Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. I
Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1967; Ағманов Е., Қазақ тілінің тарихи синтаксисі, А., 1991;
Балақаев М., Сайрамбаев Т., Қазіргі қазақ тілі. А., 1997. А. Салқынбай
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі|Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е., Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі, А.,1997;
Жай сөйлем синтаксисі|Әмір Р., Әмірова Ж., Жай сөйлем синтаксисі, А., 1998
Достарыңызбен бөлісу: |