1.Оқушыларға ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен басқыншылық жорықтары туралы әңгімелеу. Ежелгі кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын көрнекілікпен интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыға жеткізу.
2.Оқушыларды интернет және бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы өзіндік жұмыстарын қорғауға, өз ойын,пікірін ашық айтуға, үйрету.
3.Данышпан Кун-фуцзы ілімі, Қытай тарихының атасы- Сыма Цянь және Қытай халқының өнер, білім негіздерін жетілдірудегі ерекшеліктерін көрсете отырып құрметтеуге тәрбиелеу.
1. Б.з.б. ІІІ ғасырда Қытайдан батысқа аттанып, 13 жылдан соң елге оралған император
А) У Ди В) Ин Чжен С) Кан Чи Д) Чжан Цзянь
2. Қытайлықтардың ата-бабалары б.з.б.ІІ мың жылдықта қай жерді мекендеген? А) Тибет аймағы В)Таримнің орта ағысы С) Хуанхэ өзені бойы Д)Хайнонь аралын
3. Қытай әскері қашан біріктірілді және оның алғашқы императоры кім болды? А) У Ди б.з. б. ІІІ ғасырдың бас кезі В) Ин Чжен б.з.б. 221 жыл
С) Кан Чи б.з. б. ІІ ғасыр Д) Чжан Цзянь б.з. б. ІІІ соңы
4. Қытайдағы Хань империясы қашан құрылды?
А) б.з. б. 206 жылы В) б.з.б. Ү ғасыр С) б.з. б. ІІІ ғасыр соңы Д) б.з. б. ҮІ ғасыр
5. Хан империясы кезіндегі халық қозғалыстары?
А) Согдиана халықтарының көтерлісі В) «Қызыл қастылар» және «Сары орамалдылар » көтерлістері С) Оңтүстік Қытайдағы толқулар Д)Ферғана тұрғындарының көтерлісі
6. Конфуций кім болған ?
А) абыз В) дәрігер С) Қытай ойшылы, мемлекет қайраткері Д) жазушы