Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан бастап қолданыла бастады. Республика президентінің төсбелгісі сияқты ол да мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып табылады. ҚР Президентінің 2012 жылғы 31 қазандағы Жарлығында Президент байрағының сипаттамасы берілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Оны ресми пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2736 «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес айқындалған. Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген.