Әр түрлі жас кезеңдеріндегі әйелдер денесінің клиникалық



Pdf көрінісі
Дата07.02.2023
өлшемі78,98 Kb.
#167854
Байланысты:
14бөж



Әр түрлі жас кезеңдеріндегі әйелдер денесінің клиникалық
-
физиологиялық 
сипаттамалары
Жыныс ағзалары өзара байланысты –
өсіп өрбу (репродуктивтік), эндокринді 
және сексуалдық қызметтер атқарады. Жыныстық белгілерді біріншілікті және 
екіншілікті , ал жыныс ағзаларын ішкі және сыртқы деп бөлу қабылданған.
Біріншілікті жыныс белгілері эмбрионалды кезенде қалыптасады және бірден 
туылысымен анықталады. Оларға әйелдерде: жыныс еріншелері, жатыр, қынап 
пен аналық жыныс бездері жатады.
Өсіп даму кезінде екіншілікті жыныс белгілері байқалады: қолтық пен мүше 
үстінің түктенуі. Әйел балаларда сүт бездері ұлғаяды, мүше үстері түктенеді.
Әйелдердің ішкі жыныс ағзаларына: жатыр, жатыр түктері мен аналық жыныс 
бездері жатады. Әйелдердің сыртқы ағзалары –клитор (шошақай), жыныс 
еріндері, кынап жатады.
Аналық бездер, жатыр түтігі, жатыр және қынап жамбас қуысына орналасып, 
аналық жыныс жүйесін құрайды.
Аналық бездерінде көпіршіктер шоғыры –
фолликулдар болады. Аналық жыныс 
клеткалар –
жұмыртқа клеткалар дамиды. Жаңа туған қыздың Аналық безінде 
400 мыңдай жетілмеген жыныс клеткасы болады, олардың 350
-500-
дейі ғана 
пісіп жетіледі. Әрбір аналық без жатыр түтігіне ұласатын түкті ворнкаға батып 
тұрады. Жатыр түтігі жатырға ашылады. Жатыр –
кілегейлі қабықшамен 
астарланған, іші қуыс бұлшықетті мүше. Жатырдың төменгі ұшы –
мойны 
қынапқа ашылады. Қынаптың аузы тері қатпарлары –
жыныс ернеуінің 
аралығында болады. Жас қыз қынабының аузын дәнекер тіканьді жарғақ –
қыздық жауып тұрады. Үрпі жолының тесігі қынап аузымен қатар орналасады.
Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз горионының 
әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар бір фолликул 
жетіледі.Сперматозоидтың ядросындағыдай, әрбір жұмыртқа клеткасының 
ядросында да хромасомалар –
ата
-
аналардың тұқым қуалайтын белгілерін 
жүргізушілер болады. Бірақ мұның адам денесіндегі басқа клеткалардан 
өзгешелігі сол, жыныс клеткаларының ядроларында 46 емес, 23 хромосома 
болады.Жетілген фолликул аналық бездің бетінен томпайып көріне бастайды, 
сыртқы қабырғасы жұқарады; екінші
аптаның аяғында көпіршік жарылады да, 
жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп 
аталады. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне 
түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткасы 7 күнде жатыр түтігін 
бойлап, жатырға жетеді.
Жарылған фолликул қуысы бірте
-
бірте май тәрізді сары түсті заты бар клеткаға 
толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен 
сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны келесі 
фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де жатырдың кілегейлі қабықшасы ұрық 
қабылдауға даяр болады. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене 
овуляциядан кейінгі 13
-14- 
күні гормон бөліп шығаруын тоқтатады. Өзгеріс болған 
жағдайда жатырдың кілегейлі қабықшасы бұзылады. Кілегейлі қабықшаның 
түйірлері қанмен бірге қынапқа ағып шығады. Бұл етеккір кезеңі 3 күннен 5 күнге 
дейін созылады. Осыдан кейін жатырдың кілегейлі қабықшасы қалпына келеді. 
Овуляция айына 1 рет қана болатындықтан, етеккір циклі де 118 ай сайын 
қайталанады. Ол 20
-
30 күнге, көбіне 28 күнге созылады. Осы кезең ішінде 
фолликулдар пісіп жетіледі, овуляция процесі өтеді, сары дене гормон түзеді және 
оны бөліп шығаруын тоқтатады.


Жыныс қызметінің биологиялық дамуы. Жыныстық жетілу эндокрин және нерв 
жүйелерімен байланысты.Жыныстық жетілу қыз балаларда ер балалардан гөрі 
ертерек 9
-
12 жаста басталады.Қыз балалар толығымен 16 жасқа қарй жетіледі. 
Жыныс қызметінің тоқтауы әйелдерде едәуір ерте 40
-
50 жасқа таман басталады, 
ал ерлерде бұл көрініс 65
-
70 жаста байқалады. Сонымен әйелдерде 
репродуктивті жас шамасы 16
-
45 жас шамасында болып, 30 жылға созылады.
Алайда, биологиялық өз дегенімен ер не әйел қылмайды. Биологиялық 
сипаттамалар психологиялық жыныспен толығулары қажет, бұл психосексуалды 
даму процесінде байқалады.
Адамның жыныс мүшесінің дамуы негізгі биологиялық және әлеуиеттік иаңызды 
кезеңдерден өтеді.
Биологиялық жыныс былай құралады:
1. Генетикалық жыныс –
ұрпақтан 
-
ұрпаққа жұмыртқа жасушасы арқылы 
беріледі.
2. Гонадалық жыныс –
генетикалық негізде қалыптасып, ер немесе әйел 
жынысына сай ішкі секреция бездерінің қалыптасуымен байқалады.
3. Гормоналды немесе морфологиялық жыныс –
бездер гормондарды секреттей 
бастағанда гонадалық жыныс негізінде қалыптасады, олардың әсерінен 
біріншілікті –
аталық немесе аналық жыныс жүйелері қалыптасады.
4. Акушерлік жыныс –
сәби туылғанда анықталады.
5. Пубертатты жыныс

жыныс бездерінің функциясының күшеюімен анықталады 
және екіншілікті жыныс бездері қалыптасады.
Биологиялық сипаттама, психосексуалдық даму барысында пайда болатын 
психологиялық жыныс толықтырылуы тиіс.
Психосексуалды даму. Жыныстық жетілу процесі кезінде дене мен жыныс 
мүшелерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, адамның жыныстық мінезінің 
психологиялық жақтары да дамиды. Бұған енетіндер:
1. Жыныс идентификация (айырымдық)
2. Жыныс стереотиптер.
3. Жыныстық мінез құлық.
4. Психосексуалдық бейімделу.
ЖЫНЫСТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ. Кішкентай баланың өзіндік ең алғаш жете 
сезінері –
жынысы. Алайда біріншілікті жыныстық идентификациялау толығымен 
3 жаста қалыптасады.
Ол өзіндік сана
-
сезімнің негізі болып табылады.
ЖЫНЫСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР. 6
-
7жасқа тамн балада оның жынысына сай мінес –
құлық түрі қалыптасады. Бұны қыз балалар (қуыршақ, көйлек, ыдыс, отбасы т.б.) 
ойнағанды ұнататындарын сезуге болады. Көбінесе ата
-
аналары жыныстық 
стереотиптер бекуін қолпаштап, ынталайды. Көбіне «сен қыз емессің бе, қыздар 
төбелесе ме?» деген сөздерді естуге болады.
ЖЫНЫСТЫҚ МІНЕЗ
-
ҚҰЛЫҚ

бұл мәнісінде жыныстық стереотиптер жалғасуы 
мен дамуы. Егер бұрын стереотиптер сыртқы сипатта болса, енді, 10
-
12 жаста 
олар саналы жыныстық мінезге ауысады. Балалар толығымен ерлер мен 
әйелдер құрылысын, олардың ұрпақ жалғатыруындағы ролін біледі. бұрынғы 
сыртқы өзгерістердің үлкен мәнді екендігі мәлімделеді.
Психосексуалды бейімделу. Бұл кең сезімді, әрі ең әлеуметке негізделген 
кезеңдердің бірі. Осы кезде жыныстық роль қалыптасадыда, барша өмірі 
жалғасады. Бұл жыныстық жетілу уақытында өтеді. Сыртқы жыныстық белгілер 
сексуалды –эротикалық белгілерге алмасады. Ең жоғары деңгейдегі сана
-
сезім 
қалыптасады.Егер психосексуалды бейімделу ерте кезеңдерден жыныстық 
рольге сәйкес болса, бұл адамның дұрыс, жан
-
жақты дамуының белгісі.


Қыз бала мен қыздың жыныстық жетілуі. Қыз баланың жыныстық жетілуінің 
бірінші белгілері 8
-
9 жастан басталады. Жыныстық жетілудің кезеңінде екі 
сатыны айырады: 13
-
14 жасқа дейінгі препубертатты (сексуалдыққа дейінгі), 
және пубертатты 
-
16018 жасқа дейінгі. Бұл сатылар тек қана жасаралық 
шекаралар емес, ол оның жетілуінің нақты өзгерістерінің кезеңдері.
Бірінші сатыда бой өсуі тезделеді, дене салмағы ұлғаяды. Бой өсуінің шегі 11 
жаста басым болады, ол негізінен аяқтарының ұзаруы есебінен өседі. Ал, 14 
жастан соң бой өсуі, дене өсуі есебінен болады.
Дене салмағы бірте
-
бірте 14 жасқа дейін ұлғаяды. Сүт бездері 9
-
10 жаста ұлғая 
бастайды. Осы кезде оның пішіні, жамбас сүйектері белсенді түрде өсіп, сандары 
дөңгелектенеді.
10-
11 жаста емшек үрпісі өсуі басталып, жыныс мүшесі үстіне түк өседі. 11
-12 
жаста ішкі және сыртқы жыныс ағзалары өзгереді. 12
-
13 жаста емшек үрпілері 
қоңыр түстенеді, сүт бездері дөңгелектенеді. Осы кезеңге қарай бірінші 
етеккірлер (менструация) байқалады. 16
-
17 жастағы қыздарда әдетте, қаңқа өсуі 
аяқталады.
Етеккірлер(менструациялар). Етеккірлер не айлықтар –жыныстық жетілудің 
негізгі кезеңдерінің дұрыс өткендігінің басты белгісі.
Етеккір –сыртқы жыныс ағзаларынан сатылы түрде қанды бөлінулердің пайда 
болуы. Бұл айлық жыныс клеткаларының жетіліп, оның жыныс бездерімн 
шығуымен, сонымен қатар жатырдың кілегейлі қабығының сатылы түрде өсіп, 
пісіп

жетіліп, сылынуымен тығыз
байланысты.
Ұрықтанған жыныс клеткасы жатыр қуысынан шыққан кезде оның қабырғасына 
бекуі (имплантация) тиіс. Жатыр қабырғасы бұл үшін дайын болуы керек. Егер 
босаған жыныс клеткасы ұрықтанбаса, имплантацияланбайды, ал 
имплантациялануға дайын кілегейлі қабат біраз уақыттан соң сылына бастайды. 
Осы кезең орта есеппен 28 күнге созылады. Алайда кему не ұзару ауытқулары 
болуы да мүмкін. Кезекті етеккір пайда болуымен қатар кезекті әйелдік айналым 
да басталады. Ол –организмнің басты эндокрин безі –гипофизбен қадағаланады. 
Гипофиз екі негізгі жыныс гормонын бөледі. Олардың біріншісі 
фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ)аналық жыныс безінде фолликул 
дамуын қамтиды.Ол өз алдына эстрогендер жатырдың кілегейлі қабатын өсіреді. 
Фолликул жарылған кезде жыныс клеткасы босайды

бұл овуляция сәті. Бөлініп 
жарылған фолликул кейіннен сары дене –
«уақытша» эндокрин безіне айналады. 
сары дене гипофиздің екінші гормоны –
лютейндеуші гормон (ЛГ) әсерінен дами 
бастайды. Егер жыныс клеткасы ұрықтанса, онда сары дене өсе түсіп 
прогестерон гормонын бөледі. Ол гормон жүктілікті сақтайтын гормон болып 
табылады. алайда, егер ұрықтану мен имплантациялану байқалмаса, гипофиз 
қауырт түрде ФЫГ мен ЛГ бөлінуін азайтады, ал бұл сары дененің кері дамуына 
әкеліп соғады, яғни жатырдың үстіңгі кілегейлі қабық қабаты семеді (атрофия). 
Сөйтіп бәрі қайтадан басталады.
Ұрықтану (жүкті болу) овуляциядан кейін 2
-
3 күн ішінде болуы мүмкін. Овуляция 
сәтін дене температурасы арқылы анықтауға болады: ол шамамен бір градусқа 
ауытқиды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет