Күні: 24. 10. 2015 Пәні: Сауат ашу Сыныбы: 1“Ә”
Дата 19.12.2016 өлшемі 7,3 Kb. #4129
Күні: 24.10.2015 Пәні: Сауат ашу Сыныбы: 1“Ә” Пән мұғалімі: Қайролла М.М Балаларды Ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ , пәнаралық байланыс түрінде комплексті білім беру.(Табиғат, өмірмен, математика, тіл дамыту, жапсыру, музыкамен, дене тәрбиесімен). Сабақтың әдісі – тәсілдері: ойын элементтері , көрнекілік, сұрақ – жауап, сөздік. Көрнекі құралдар: ойыншықтар, кеспе әріптер, суреттер , буындар, үлестірмелі материалдар, текшелер т.б. І Ұйымдастыру кезеңі Балалармен амандасып, сабаққа назарын аудару” Сәлемдесу: Мен талапты баламын , Дайын дәптер, қаламым. Есептерді шығарып, Жазуларды жазамын. ІІ Өткен сабақты еске түсіру Қане, балалар жұмбақ шешейік. Ұя, ұлу, ұшақтың Басын бастап беремін. Құс, жұмыртқа, бұтақтың, Ортасында келемін . Ендеше бүрінгі қонаққа келетін дыбыс Ұ дыбысы екен. Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Жуан ба , жіңішке ме? Жуан дауысты дыбыс. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық. Тік ұста бойыңды Жоғары соз қолыңды , Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойнына. Сергіту сәті Жаза, жаза жазуды, Талып кетті қолымыз. Жақсы жазып жазуды, “5” аламыз бәріміз "Ұшқыш болу - арманым" әңгіме а) Әңгіме кім жайлы? б) Сұлтанның арманы қандай екен? -Балалар қазір біздерде Сұлтан сияқты арманымызды бір-бірімізбен бөлісейік. Дыбыс нешеге бөлінеді? Қазақ тілінде барлығы неше әріп бар? Бүгін қай әріппен таныстық? Ұ қандай дыбыс? Жуан ба, жіңішке ме? Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Достарыңызбен бөлісу: