Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты



Дата04.11.2016
өлшемі25,6 Kb.
#124
түріСабақ
Мерзімі:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8 – сынып

Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- Фараби

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Әбунасыр Әл-Фараби өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;

Дамытушылық: Өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

Тәрбиелік: Екінші ұстаз ретіндегі мүмкіншілігін таныту, идеялық-эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Әл-Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты — Ұзлағ, ал арғы атасының аты — Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Әл-Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезде-ақ, Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Ол он алты жасында оқу іздеп Бағдатқа барады. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.

Әл-Фарабидің «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы», «Логика», т.б. еңбектері бар


Кітаппен жұмыс: Әл-Фараби шығармаларын оқиды

Топтастыру стратегиясы:

Музыка математика




Әбунасыр айналысқан ғылым салалары

логика


философия

астрономия әдебиеттану




Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Еркін түрде «Екінші ұстаз» деген тақырыпқа шығарма жазады. : Әл-Фараби өмірбаянына қосымша деректер жинау.
Каталог: uploads -> doc -> 0816
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
doc -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
0816 -> Сабақ тақырыбы: Сезім мүшелері. Мақсаты
0816 -> Қазақ тілі. 7-сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет