Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты



Дата26.08.2017
өлшемі44,97 Kb.
#28243
Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру. Амандасу түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Халықтық салт-дәстүрмен таныстырып, мәдениетін үйрете от ырып, бойларына сіңіру, ұшқыр ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу, рәсімдерін айту арқылы, әдептілікке, қарым-қатынас жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, әңгімелесу,рольдік ойын, топтық жұмыс


Сабақтың көрнекілігі: «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Сәлем-әдептіліктің белгісі», «Сөз анасы-сәлем» т.б нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар,күн бейнесі, сиқырлы қорапша, бейнеролик.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
1)Шаттық шеңбері
-Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір -бірімізді көргенімізге қуанышты екенімізді көрсете отырып, амандасайық.
2)Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Кіріспе сөз
-Оқушылар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік.
Бүгін сабақта топпен жұмыс істейтін боламыз.(1 топ, 2 топ, 3 топ)
Әр орындалған тапсырма үшін топтарға фишкалкр беріліп отрады. Сабақ соңында фишкалар саналып қорытынды шығарылады.
- Бүгін бізге ақылды үкі көмек сұрап келген екен. Ақылды үкі Астана қаласына сапар шекпекші екен. Бірақ ақылыд үкі көптеген жолда кездесетін кедергілерден өте алмаймын ба деп қорқып тұрған сияқты.
-Балалар ақылды үкіге саяхат жасауға кедергілерден өтуге көмектесеміз бе?
-Ендеше сапарымызды бастайық!

III. Өткен сабақты пысықтау


1-кедергі. Терең су. (1 слайд)
Судан өту үшін әр топ «Даңғой» мысалы бойынша түсінгендерін айтады.

IV. Мақсат қою


2-кедергі. Ну орман.(2 слайд)
Орманнан өту үшін оқушылар сөзжұмбақ шешулері керек.
1Қосмекенділерге не жатады?(бақа)
2Ақ алтын деп нені атайды? (мақта)
3Жылқы атасы кім?
4Ас атасы-? (нан)
5Өмірге сәби келді деген сөзде «Өмір» сөзін басқа қай сөзбен алмастыруға болады? (дүние)
6Ақ көйлекті көк желек
Ораманда орны бір бөлек.? (қайың)
7 Қыстап қалатын құс? (сауысқан)
8.Адам қажеттіліктерінің бірі? (Су)
-Балалар сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
- «Амандасу»
-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің сбағымыз ен жайлы болмақ?
-Нені оқып білетін боламыз?
-Дұрыс айтасыңдар бүгін біз амандасу салты жайлы сөз қозғайыз.Дұрыс-қарым-қатынас жасап қазақ халқының салт-дәстүрін ұстауға үйренеміз.Білгенімізді ортаға саламыз, білмегенімізді үйренеміз.
-Сендердің ойларыңша адамдар не үшін сәлемдеседі?
-сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар өз ойларын білдіреді.
V. Жаңа сабақ
3-кедергі. Нөсер жауын.(3 слайд)
Ол кедергіден өту үшін мәтінмен жұмыс жасалады.
-Мәтінді оқу
-Әр топ бөлімдерге бөліп талдау жасау.
-мәтін бойынша үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
1-топ
Екі адамның амандасуы қандай ниеттерді білдіреді?Мәтіннен тауып жазыңдар.
2-топ
Мұсылман халқында амандасуда қандай сөздер,қандай тілектер айтылады?
3-топ.
Жа стар қалай амандасады? Амандасуға қатысты нақыл сөздерді мәтіннен тауып жазыңдар.

Сергіту сәті


«Сәлемдесу» ойыны.
-Өазір біз сендермен ойын ойнаймыз.Қимылды тез-тез жасаймыз.Амандас көзбен, қолмен, баспен, иекпен, өкшемен т.б.

4-кедергі. Қамал.(4 слайд)


Қамалдан өту үшін амандасуға қатысты видеоролик көріп талдау жасау.

IV. Сабақты бекіту.


5-кедергі.Биік таулар.(5 слайд)
Бұл кедергіден өту үшін әр топ өздеріне ұнаған түсті конвертті таңдайды. Конвертте әр топқа жағдайлар беріледі. Сол жағдайды көрініс ретінде көрсетулері керек.
Қызыл конверт.Қария мен жас бала арасындағы кездесу
Көк конверт.Көп көріспеген достардың кездесуі.
Сары конверт.Оқушы мен мұғалім арасындағы кездесу.

V. Сабақты қорытындылау


-Балалар міне сендермен бірлесе отырып ақылды үкімізбен бірге кедергілердін сүрінбей өтіп Астана қаласына да келіп жеттік.осымен саяхатымыз аяқталды.

Психологиялық тренинг.


-Балалар мынау не?
-Доп,шар, күн.
-Бүгінгі сабақ ерекше көңілді , қызықты өтті.Сондықтан мен оны күнге теңесем қалай болады.
-Күнге шуағы жетіспей тұр.
-Оны өздерің толықтырыңдар. Б.гінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік күн шапағына жазып толықтырайық.
VI. Сабақты бағалау.
Әр топтың жинаған фишкаларына сәйкес бағаланады.
VII.Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу.Амендасуға қатысты қызықты деректер іздестіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет