Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас



бет1/2
Дата12.06.2020
өлшемі27,69 Kb.
түріСабақ
  1   2

Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас

Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала


Сабақтың мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру
Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі,

Әңгімелесу:


- Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
- Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау
1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді.
- Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді.
- Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер?
3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра қалып жіберді.
- Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.
- Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
Мәтінмен жұмыс: «Кімнің жұмысы» Т. Дәуренбеков
Оқушы оқып шығады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы балалардың білімін байқайды.
- Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
- Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
- Қыз бала мен баланың өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?
- Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату - тәтті болып, сыйластықты қарым - қатынас жасай білу - әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

Шығармашылық жұмыс:


Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Мысалы: Қыз бала: әдепті, сұлу, нәзік инабатты, ақылды, әдемі, мейірімді, ұқыпты т. б Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты, шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б

Дәйексөз:


«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т. б

Ойын:
Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам...» атты ойын ұйымдастырылады.


Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам» дегенді жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

Күтілетін жауаптар:


Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т. б
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын, дауысымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын, бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін, ұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т. б

Жүректен - жүрекке


Бір ұл, бір қыз болып араласып шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет