Мәтінді талдаудың түрлері Қазіргі оқыту үдерісіндегі көркем шығарманы талдау әдістері



Дата03.05.2023
өлшемі14,68 Kb.
#175943
Байланысты:
Дастан 11- 15


  1. Мәтінді талдаудың түрлері

  2. Қазіргі оқыту үдерісіндегі көркем шығарманы талдау әдістері

  3. Көркем шығарманы проблемалық-тақырыптық талдау әдістері

  4. Түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс жасаңыздың спецификасы

  5. Лирикалық шығарманы талдау әдістемесі



  1. Мәтінді талдаудың түрлері


  1. Қазіргі оқыту үдерісіндегі көркем шығарманы талдау әдістері

Көркем мәтінді талдау әдісі – бұл әдеби талдаудың ғылыми негізделген әр түрлі жолдары мен тәсілдерін іздестірумен айналысатын сала. Әдеби талдау үстінде көркем шығарманың мазмұн‑пішіні, кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылады. Әдебиетті оқытудағы басты мәселе – шығармаға, яғни көркем мәтінге талдау жасау. Әдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді. Олар: образ бойынша талдау; проблемалы талдау; тұтас талдау; тақырыптық талдау.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр.
Образ бойынша талдау кезінде оқушылар адамды танып‑біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Автор өз кейіпкерін мәтіндегі әр алуан іс‑әрекеттермен, оқиғалармен, басқа кейіпкерлермен байланыстырады, көркем шығармадағы бейнелер жүйесін өзара тұтастырады
Шығарма талдаудағы келесі әдіс – проблемалы талдау. Көркем шығармада сан тарапты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама‑қайшылықты, талас пікірлі оқиғалар туындап жатады. Осыған байланысты жазушы көтерген проблеманы танып‑білу керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет.
Автор ізімен талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс‑әрекетті жан‑жақты, жүйелі қарастырға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мәселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет