Зерттеу жұмысы Тақырыбы: Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіщтері Орындаған



Дата14.12.2021
өлшемі135,17 Kb.
#126399
Байланысты:
@Назар Гүлжан




Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіщтері



Орындаған: Назар Гүлжан

Тексерген:

Алматы, 2021

Бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдері ғылымсыз, озық білім мен инновациялық технологияларсыз мемлекеттің экономикасы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын түзеу мүмкін еместігін жақсы түсініп, өздерінде ғылым саласының дамуына басымдықтар беріп, ғалымдарын бағалап, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызуда. Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. Себебі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік ахуалы, тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты. Елдің бәсекеге қабілетті болуы көп жағдай­да оның ғылыми әлеуеті мен ғалым­дарына байланысты екенін жақсы түсінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, осы жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын еліміздегі адами капиталдың дамуына арнап, отандық білім және ғылым саласының дамуына қатысты тың бастамалар көтеріп, нақты тапсырмалар берді. Жалпы, кез келген саланы дамыту үшін оған білікті мамандар қажет екені белгілі. Сол себептен, ғылыми кадрлардың әлеуеттерін арттыру үшін биылдан бастап мемлекет тарапынан жыл сайын 100 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларында тағлымдамадан өтіп, тәжірибе алмасуларына жағдай жасалып отыр. Кейбір статистикалық мә­лі­мет­тер бойынша Қазақстанда 1991 жылы ғылыми-зерттеулермен шұ­ғыл­­­данатындар саны 42 мың адам болса, 2014-2015 жылдары бұл көрсеткіш 19 мың адамға дейін төмендеді. Ал қазіргі статистикалық деректер «Қазақстанда 8000 ғылыммен шұғылданатын адам бар» дейді, оның 1000-ы – жас буын өкілдері. Дүние жүзінде әрбір 1000 адамның біреуі ғалым, ал Қазақстанда 2500-дің біреуі ғана ғалым. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Әрине ғалымның саны ғылым сапасының негізгі көрсеткіші емес. Ғалымның деңгейі мен оның ғылыми жұмыстарының нәтижесі дүниежүзілік атақты журналдарға шыққан мақалаларымен, сол мақалаларға басқа ғалымдардың сілтеме жасау санымен бағаланады.

Қазақстан Республикасының ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштеріне (2003-2009 жылдар аралығындағы)(млн,тг %, бірлік) корреляциялық талдау жүргізілді.Ғылымның дамуына әсер ететін факторлар У- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған ішкі шығыстар, млн. Теңге

Х1- Жалпы ішкі өнімнен ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындардың үлесі, %

Х2- ҒЗТКЖ-мен айналысқан ұйымдар (кәсіпорындар) саны, бірлік

Х3- ҒЗТКЖ-ны орындаған қызметкерлер саны, адам

Х4- зерттеуші-мамандар

Х5- ғылым докторы

Х6- бейіні бойынша докторы

Х7- ғылым кандидаты

Сурет 1. Корреляциялық матрица





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет