Орта ғасырлардағы тарихи көркем шығармалар



Дата05.11.2016
өлшемі135,75 Kb.
#907
Орта ғасырлардағы тарихи көркем шығармалар




Ғалымның аты-жөні

Өмір сүрген уақыты

Өмір жолы

Шығармасы



1


Әбу Наср әл-Фараби


870-950 жж



•Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған.

• Отыра қаласында қыпшақ тілінде білім алған.

•Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск, қалаларында үйренген.

•Философ, музыкант, астроном, логика, анатомия ғылымдарына қосқан үлесі зор




«Ғылымдардың шығуы»



2


Әбу Райхан әл -Бируни

973-1050 жж



•Энциклопедист –ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазған.

•Жердің геоценртлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.



«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»,

« Асыл тастар»



3




Махмуд Қашқари


1030-1090ж




•Шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари.

•Әкесі Қашғар қаласында туған.

• Махмуд алғаш Қашқар қаласында, кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алған, араб тілін жетік білген.

•Саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

«Түрік тілдерінің сөздігі» кітабы –түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы.

•Орыс ғалымы А.Н.Кононов:» М.Қашғаридың бұл кітапты жазудаға мақсаты –түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен еш кем түспейтіндігін дәлелдеу болды» дейді.

• Н.А. Баскаков: «М.Қашғари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды» деп жазды

• Бұл кітап сол кездегі түріктердің мекен-жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, әдебиеті туралы көп мағлұмат береді.






«Түрік тілдерінің сөздігі» ( Диуани лұғат ат түрк)



4




Жүсіп Баласағұни


1021-1075 ж





• Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған.

•Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни.

«Құт негізі –білік» («Құтадғу білік») еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған.

• Ж.Баласағұн : « Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп жазды

• Ж.Баласағұн өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеу, жазу сияқты әрекеттерге қарсы болды.

• «Құтадғу білік» -ХІ ғ дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек.

• Ж.Баласағұн бұл еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.

• Сүлеймен Арслан хан сыйлығы үшін Ж.Баласағұнға Ұлы хас –хажип атағын берген.




«Құт негізі –білік»

( «Құтадғу білік», )

(« Бақытқа жету жолдары туралы ілім»)





5



Ахмет Иүгнеки

---------

•Шын аты Әдіб Ахмет Махмұдұлы

• Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын

• Түркістан қаласының аймағында туған

•Көзі тірі кезінде-ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» дер баға берген.

•Бізге жеткен еңбегі –«Ақиқат сыйы»

•«Ақиқат сыйы» түрік тілінде жазылған, халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.


« Ақиқат сыйы»

6



Қожа Ахмет Йасауи

1103-1167 ж

•Сайрам қаласында туған

•Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған.

•Анасы -Мұса шайқының қызы Айша ( кей деректерде Қарашаш)

•Жастайынан әке-шешесінен айырылып, әпкесі Гауһар –Шаһназдың қолында өскен.

•Бала кезінде Йасы ( Түркістан) қаласында тұрған.

•Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алған.

•Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтты.




«Даналық кітабы»

( «Диуан- и хикмет»)

7

Сүлеймен Бақырғани

-----------

-----------------



8

Әли ақын

ХІІІ ғ

  • Махабаттағы адалдықты жырлаған поэма жазды

«Жүсіп-Зылиқа»

9

Исхақ әл Фараби

Жауһари әл Фараби

Ахмад әл Фараби

ХІІ ғ

ХІІ ғ


  • Фараб өлкесінен шыққан ғалымдар

  • Фараб өлкесінен шыққан ғалымдар









10



Мұхаммед Хайдар Дулати

16 ғ


Арғы атасы Жетісуды билеген әмірші Поладшы Дулати, Хайдар Дулати оның жетінші ұрпағы

  • Моғол хандығы ыдырай бастағанда Қабұлғазы Бабыр сұлтанның тәрбиесіне көшкен

  • Кейін немере ағасы Сұлтан Саид хан сарайына келген.

  • Моғолстаннан шыққан тарихшы

  • Араб, парсы тілдерін жетік білген

  • «Та,рих – и Рашиди» еңбегін 1541-1546 ж Кашмирде парсы тілінде жазған

  • «Та,рих – и Рашиди» еңбегінде 15-16 ғ Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның саяси жағдайы баяндалады және қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп шығу себептері тұңғыш рет айтылады, қазақ хандығының құрылған уақыты туралы нақты мәлімет береді



«Та,рих – и Рашиди»


11



Қадырғали Қосымұлы Жалайыри


1530-1605ж







  • Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы, Сыр бойын мекендеген жалайыр руынан шыққан

  • Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет атқарған.

  • 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхамедпен бірге Ертіс бойында аң аулап жүргенде орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді

  • «Жылнамалар жинағы» еңбегін тұтқында отырып,1600-1602 ж. жазған және осы еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартқан.

  • 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан.

  • Қазақ хандығы жайында толық мағлұмат беріледі


« Шежірелер жинағы»

( «Жылнамалар жинағы»)





12




Өтеміс қажы

ХVІ ғ

  • «Шыңғыснама» кітабында Қыпшақ даласын

  • билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.

  • Аса құнды хабар-Жошы хан туралы дерек.

  • Шыңғысханнан бастап оның ұрпақтарының ХІV ғ аяғына дейінгі тарихи оқиғалар айтылады.


«Шыңғыснама»


13

Шах-Махмұд Шорас

ХVІ ғ

ХVІ-ХVІІ ғ қазақ-моғол қарым-қатынастары баяндалады.Қазақ хандары Бұйдаш,Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар баяндалады



«Тарих» («Хроника»)

14

Масуд ибн Усман Кухистани

ХVІ ғ

Көшпелі өзбектер ханы Әбілқайырдың тарихы баяндалады

«Тарих-и Абулхайр-хани»


15


Әбілғазы Бахадур

1603-1664 ж



  • Әкесі Арабмұхаммед Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы болған

  • Үргеніште туған

  • Әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып,Шығыстың ғұлама ғалымдарынан білім алған

  • Әбілғазы үш түрлі өнерді жақсы меңгерген:

  • 1/ Әскери өнер 2/ ақындық өнер 3/ тарихшы

  • 1638 жылы Арал өңіріндегі қазақтарға барып, 1643 жылы арал өңірі қазақтары хан деп жариялайды.1663 жылы билікті бала. берген.



1661 жыл « Түрікмен шежіресі»

1665 жыл « Түрік шежіресі»


Ойшыл- ғалымдар айтқан сөздер




Аты-жөні

Айтқан пікір, сөздері

1

В.В. Бартольд

•«Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты»

2

М.Қашқари

•«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазды

3

Сюань Цзянь

•«Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Шу елінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули ( Соғды) болып аталып келген, егнімен, саудамен айналысады»

4

Әл-Марвази

•«Қарлұқтар құрамына 9 тайпа кірген, қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды» деп жазды

5

Әл Идриси

•«Қарлұқ қағанының қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазды

•« Оғыздар мен қимақ шеберлері темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды»



6

«Худуд әл –алам» қолжазбасы

•«Қарлұқтарда 25 қала мен қоныс бар»

7

М.Қашқари

•«Оғыздар 24 тайпадан тұрды»

• «Қыпшақ тілінде құлдарды «яланкуг» деп атады



8

Әл Марвази

•«Оғыздар 12 тайпадан тұрды»

9

«Оғызнама» дастаны

•«Итиль өзені жағасында жойқын соғыс болды»

10

Ибн Хаукал:

•«Түркістан аймағындағы оғыздар елтірі беретін қойларды көп өсіреді»

11

Гардизи (парсы тарихшысы):

• «Қимақтар құрамында 7 тайпа болды»

12

Рашид ад Дин:

• « Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғ өмір сүрген керейлер –күшті дамыған ел, олар тек Шыңғысхан әсерінен әлсіреді»

• «Монғол шапқыншылығынан кейін БатысСібіп Жошы ұлысы құрамына кірді»



13

Петахья ( еврей саяхатшысы)

• «Қыпшақтар тары, күрішті көп өсіреді»

14

Әл –Омари:

• «Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді.Көп өсіретіні-тары»

15

Әл Макдиси:

• «Х ғ Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер көптеп салына бастады»,

• «Ферғана,Испиджабта ақ матамен, Таразда ешкі түбітімен айырбас сауда болды»



16

Жувейни:

• «Батый ханның ордасына саудагерлер барлық жерден келіп жатады. Батый хан тауарлардың барлығын алғызып, бағаны артығымен төлеген»

17

М.Х.Дулати:

• «Моғолстанның аумағы ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол» деп жазды

• «Қасым ханның әскер саны 300 мыңға жетті және Дешті Қыпшақта билік жүргізіп, халық саны млн-ға жетті»




18


Шоқан Уәлиханов:

• «Ноғайлар мен қазақтар «екі туысқан Орда»

• «ХІХ ортасына дейін ислам діні қазақтар жүрегі түкпіріне жете қойған жоқ»

• «Жетісу қазақтары Ұмай –анаға табынады»



19

О.Смағұлов:

• «Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болды»

20

Рузбихан:

• « Өзбектерге басты үш халық жатады, соның ішінде саны көп, ержүрегі қазақтар»

21

Б.Е.Көмеков:

• «Қазақ» сөзі ХІІІ ғ хорасан түркмендері арасында кездеседі»

22

Милютин:

• «Бұларды келістіріп жазалау керек» деп Маңғыстау көтерілісшілері туралы айтты.

23

Ә.Бөкейханов:

• «Тағы соғыс» мақаласы

• «Қазақ –қырғыз осы көтерілісте көп адамынан айырылса да, келешекте қандай ел екенін білдірді»



24

А.Байтұрсынұлы:

• «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазды. 1913 жылы

25

Т.Рысқұлов:

• «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»

26

А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы:

• «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»

27

М.Фольбаум:

• «Қырғыздардың топтасып бас қосуын бүлік деп санап, жаныштаңдар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет