Білімділік:Оқушылардың металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы алған білімдерін қорыту, бір жүйеге келтіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге баулу, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Жаңа компьютерлік технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
Интерактивті тақта, комьпютер, химиялық реакция теңдеулері. Химиялық реактивтер: темір, мыс, кальций, сынап кең қолданылатын металл үлгілері, металға бай тағам, бұйым түрлері, топтамалар, тірек сызба, викториналық ребус,
http://bilimland.kz сайты пайдаланылды.
Сабақ түрі
Аралас. Сайыс сабақ.
Әдіс-тәсілдер
СТО жобасының стратегиялары: көрнекілік символдар, викториналық ребус.
Полиглот. Адам ағзасында кездесетін металдарды жазып шығу.
Натрий.
Натрийдің ең негізгі минералы – натрий хлориді NaCl болып табылатын галит.http://bilimland.kz/index.php/kz/ видео көрсету
Көмір жанғанда, қара металургия кәсіпорындарының қалдықтарында, тұрмыстық тағам суларында, көшелерде, жол бойында мұзды, қарды еріту үшін ас тұзын сепкенде және ауыз суларды жұмсартқанда пайда болады.
Натрий ағзаның өн бойына толық тараған; қан сарысуында, арқажұлын сұйықтығында, көз сұйықтығында, асқорыту сөлдерінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида.
Зиянды әсері. Натрий ионының ағзада көп мөлшерде болуы ас тұзын мол пайдалануға байланысты. Бұл су алмасуын бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке әсер етеді және зат алмасуға жүрек тамыр жүйесіне зиянды.