ОҚО
Шардара ауданы
Сүткент ауылы
Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Хусаинова Аманкул Акбарқызы
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға көнерген сөздердің қайта жаңаруы туралы түсініктер беріп,жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге,ұқыптылыққа,байқағыштыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру , жаттығу, ой жинақтау, тест, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: қима- қағаздар, суреттер, оқулық , кеспе қағаздары.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезең
2)Үй тапсырмасын сұрау.
3)Жаңа сабақты түсіндіру.
Киелі,көн ыдыс, піспек, саба дкген атаулар сөздік қордың қай тобына жатады?
Қазақ халқының түсінігінде тағы қандай нәрселерді киелі деп есептейді?
Киелі нәрселер: аққу,....
Жаңа сабақ.
Тілімізде кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы:
Кеңес дәуірінде қолданыстан шығып қалған:
Діни сөздер:имам,мешіт, садақа, пітір:
Бұрынғы жыл атаулары: барыс,жылқы, қой
Ай атаулары: қазан, ақпан.
Мұндай сөздер ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып, жаңа сөз болып енді.
Этноленгвистика – ұлттық тұрмыс- тіршілігіне ,ұғым түсінігіне, наным сеніміне, салт- дәстүрі мен тәлім- тәрбиесіне қатысты сөздер.
Жаттығу жұмыстары.
155- жаттығу. Мәтінен ұлттық ұғымдарды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.Көне сөздерді тарихи және архаизм түріне ажыратып көрсетіңдер.
Үлгі:
Тест.
Көнерген сөздер.
а)Егемен
ә) Сауға
б)Әуежай
Көнерген сөздерді табыңыз.
а)Өнерпаз
ә) Жүйрік
б) Болыс
Көнерген сөзді табыныз.
а) Күпі
ә) Керемет
б) Қант
Көнерген сөзді белгілеңіз.
а) Атақ- абырой
ә) Атамекен
б) Підия
Истаризм мен архаизмге қарама-қарсы сөздерді табыңдар.
а) Кәсіби сөздер
ә)Термир сөздер
б) Неологиздер
Тарихи сөзді табыныз.
а) Сәукеле барымта
ә) Қызылтау, аға сұлтан.
б) Кебеже, күпі.
Көнерген сөзді табыңыз
а) Білімді өлмес- қағазда аты қалар
Ұста өлмес- істеген заты қалар.
ә) Сексен түйе үстінде
Алтын жағлан орнаған
б) Жақсылық пен жамандық болды егіз
«Хан талапай» ойыны.
Мұғалім үстел үстіне нөмірленген асықтарды шашады.Хан талапай дегенде, оқушылар асықтарды тездетіп бір-бірден алады. Асық нөміріне сәйкес сұраққа жауап береді.
Көнерген сөз дегеніміз не?
«Сауыт» сөзі көнерген сөздің қай түріне жатады?
Көнерген сөзден жаңарған екі сөз айт.
Салт-дәстүрге байланысты көнерген сөздерді қай түріне жатқызамыз?
Саптама деген не?
Кебіс деген не?
Тасаттық деген не?
Тілдің пассив сөздері деп неге айтамыз?
Бекіту.
Инсерт
Білетінім Білгенім Білгім келеді
Үйге тапсырма.
Құрамында көнерген сөздері бар мақал- мәтелдер,өлең жолдарын тауып жазу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |