Форт-Шевченко мектеп-лицейі



Дата10.06.2017
өлшемі61,67 Kb.
#18921
Форт-Шевченко мектеп-лицейі



Оқушылардың ана тілін оқытудағы сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың шапшаң оқуын жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Дайындаған: Суюнова Орынкул

2016-2017 оқу жылы

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой -өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай күнінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленсе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдениетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.

Баланы тәрбиелей отырып оқыту, халықтық педагогикаға көңіл қою қазіргі өмір талабы. Қазақ халқы қашанда имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты қастерлеген.Отбасындағы туған-туысқа мейірімділік, қамқорлық халқымыздың ежелгі салты.

Осындай әдет-ғұрып, салт-санамызды балаға сіңіруде ана тілінің, оқу сабақтарының орны ерекше.

Мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы   негізгі мәселе-сөздік қорларын арттыру, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың сөздердің мағынасын дұрыс түсінуі, шапшаң оқуын жетілдіру.Оқушы өз ана тілінде өте таза, көркем сөйлеуге, автордың көзқарасын түсінуге жетелеу, тәрбиелеу.

Мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту мақсатынды жасалатын жұмыс түрлері көп-ақ. Оқушыларға эссе жаздыру, өлең құрастыру, белгілі бір тақырып аясында шығарма жазу. Оқушыларға өз ойынан ертегі құрастыру, әңгіме жаздырудың  да маңызы ерекше.

Қазіргі заман талабына сай сабақ түрлері өзгертіліп саяхат сабақ, аукцион сабақ, панорамалық сабақ болып түрленіп өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бала тілін дамытуда маңызы ерекше.

Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше роль атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой-өрісі шарықтап, қиялы, ақыл-ойы дамиды.

Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал-мәтелдерді әр сабақ сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы орны ерекше.

Тіл-сонымен қатар ауызекі сөйлеуде байи түседі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде төмендегі әдістерді жүйелі қолданудың пайдасы бар екендігін айтуға болады.


Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кеттейік.
   Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабылеттілігінің артуы. 
  Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады.
  Сөздік қорды дамыту, байыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – баяндау әдісі,пікір-сайыс әдісі, техникалық құралдарды пайдалану әдісі, тест әдісі, жаттықтыру әдісі, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп есептеймін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз.


Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді. 
        Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек . 
  Мысалы :  «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады.  Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады.

Ы. Алтынсарин  Натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс –  Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар ,   тақырыптарында жүзеге асады.
     Келесі бір тағы әдіс: Сұрақ – жауап  әдісі.      
 Балардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі.Қай сынып болсын, сабақтың қай  кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі  де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.

Практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға , қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. 
Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс.Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Мен отырмын.

Мен сыныпта отырмын.

Мен жарық сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.



        Балалармен түрлі әдеби – музыкалық ойындар өткізу – олардың әдеби  тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар қазақша сөз , сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін дикциясы , яғни сөзге, буынға , екпінді дұрыс түсіруге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.   
        Интерактивтік әдіс . 
Интерактивтік деген- сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің , топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір – біріне алма – кезек әсер етуі. Бұл әдіс әсіресе , сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интерракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабылеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізіп кезінде оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау , толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін .  
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.

Қорыта айтқанда , жеке пәннің әр сабақтарында тіл дамыту жұмыстары  жүйелі түрде  дұрыс ұйымдастырылған жағдайда балалардың сөздік қоры молайып, тіл орамдылығы, шапшаң оқу жылдамдығы артып, оқушылардың тұлғалық ерекшелігі  дамиды.
Каталог: uploads -> doc -> 083e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
083e -> Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Сөйлем түрлері (хабарлы,лепті,сұраулы) Мақсаты
083e -> Сабақ 18. Пәні өзін-өзі тану «Төменгі Пенжім орта мектебі шағын орталығымен»
083e -> Тақырыбы: «Қазақша сөйлесеміз, үйренеміз» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет