Дауысты дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай жуан жіңішке



Дата08.02.2022
өлшемі14,71 Kb.
#123060
Байланысты:
қазақ тілі фонетика


Дауысты дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады.
Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай жуан - жіңішке болып жіктеледі. Жуан дауысты дыбысты айтқанда, тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дәңестенеді, ал жіңішке дауысты дыбысты айтқанда, тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкереді.
Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай ашық - қысаң болып жіктеледі. Ашық дауысты дыбысты айтқанда, жақ кең ашылады, ал қысаң дауысты дыбысты айқанда, жақ тар ашылады.
Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай еріндік - езулік болып бөлінеді.Еріндік дауысты дыбысты айтқанда, ерін дөңгеленіп алға қарай созылады, ал езулік дауыстыны айтқанда, езу кейін тартылады.

қатысы

түрі

дыбысы

Тілдің
қатысына қарай:

Жуан дауысты

а, о, ұ, ы, у

Жіңішке дауысты

ә,ө,ү, і, е, и, э, (у)

Жақтың
қатысына қарай:

Ашық дауысты

а, ә, о, (ө,е жартылай ашық) э

Қысаң дауысты

ы, і, и, у, ү, ұ

Еріннің
қатысына қарай:

Еріндік дауысты

о, ө, ұ, ү, у

Езулік дауысты

а , ә, е, ы, і, и, э


Дыбыс- сөздің ең кіші бөлігі. Дыбыс айтылады және естіледі.


Әріп-дыбысты таңбалайтын белгі.


Буын- сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.


Ашық буын- дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады
және тек дауысты дыбыстан тұрады. Мысалы, а-ға, ша-на.
Тұйық буын- дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Мысалы, ат, ант.
Бітеу буын- дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Мысалы, бал, тарс.


Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді.



  1. Қатаң : к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, щ, ш, һ

  2. Ұяң : б, в, г, ғ, д, ж, з.

  3. Үнді : й, л, м, н, ң, р,( у)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет