Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Еріндік және езулік дауыстылар»
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің I санатты
мұғалімі Б.Әбдірахманова
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
|
Еріндік және езулік дауыстылар.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділігі: дауысты дыбыстың түрі еріндік, езулік туралы мағлұмат беру. Талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Дамытушылығы: оқушының сөйлеу мәдениетін арттыру, өз ойын жүйелі жеткізуге баулу, танымдылығын арттыру;
Тәрбиелігі: фонетикадан өткенді қайталата отырып тілдік, эстетикалық сезімдерінің жоғары болуына, ұқыптылыққа тәрбиелеу, белсенді болуға ұмтылдыру.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
Сұрақ-жауап, түсіндіру, фонетикалық талдау.
|
Көрнекілігі:
|
Кеспелер, сөзжұмбақ, слайд.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Әдебиет, математика.
| Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасы сұрақ-жауап түрінде сұралады. 246-жаттығуды тексереміз.Мәтіндегі ашық дауыстыларды бір бөлек, қысаң дауыстыларды бір бөлек теріп жазып, сол дыбыстардан басталатын бір-бір сөз ойлап табу.Жұмбақтың шешуіндегі «Көлеңке» сөзіне фонетикалық талдау жасатамын.Сұрақтарға жауап береді. Өздері ойдан жазған метаграммаларды шешеміз.
(Үй тапсырмасы сұралып болған соң, сабаққа кіріспес бұрын сөзжұмбақ шешкіземін. Онда «Фонетика» деген сөз жасырынған.Бұл біздің өтіп жатқан тақырыбымыз болғандықтан, жаңа сабағымыз өткен сабақпен байланыстырылады.Сөзжұмбақ математика амалын орындау арқылы шешіледі)
|
4
|
1
|
3
|
2
|
Т
|
Н
|
О
|
1
|
И
|
Ф
|
Е
|
5
|
А
|
К
|
|
Жаңа сабақ:
-Балалар, біз қазір фонетика саласымен және оның қарастыратын мәселелерімен танысып жатырмыз.Фонетика нені зерттейтін ғылым?
-Тіл дыбыстарын зерттейді.
-Дұрыс. Тіл дыбыстары нешеге бөлінеді?
-Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді.
- Дұрыс айтасыңдар.Қазір сол дауысты дыбыстардың түрлерімен танысып жатырмыз.
-Бүгін дауысты дыбыстардың бір түрі еріндік және езулік дауыстылармен танысамыз.Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс болса, оның бесеуі – еріндік, жетеуі – езулік.
Еріндік дауыстылар дегеніміз еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуынан жасалған дауысты дыбыстар. Айтып көрейік: о,ө,ұ,ү,у.
Езулік дауыстылар дегенімід езудің кейін қарай тартылуынан жасалған дыбыстар. Айтып көрейік: а,ә,е,и,ы,і,э.
Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстыларды өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы:
Дауысты дыбыстардың түрлерімен толық танысып шықтық. Енді фонетикалық талдауды былайша жасаймыз. Онда жасамас бұрін мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып, сол сөзге фонетикалық талдау жасайық.
-Ендеше осы «домбыра» сөзін талдайық.
Достарыңызбен бөлісу: |