Д-дауыссыз,ұяң
О-дауысты, ашық, еріндік
М- дауыссыз, үнді
Б- дауыссыз, ұяң
Ы- дауысты, қысаң, езулік
Р- дауыссыз, үнді
А- дауысты, ашық, езулік
-Бүгінгі сабақтан алған білімдерін пысықтай түсу үшін 247-248 жаттығуды орындатамын.
Сергіту сәті:
Жұмбақтың шешуіндегі сөзден еріндік, езулік дауыстыларды табу.
Абайдың өлеңінен үзінді оқу.
Қорытынды. Бекіту.
1.Сонымен, балалар, біз бүгін дауысты дыбыстың қандай түрімен таныстық?
2.Еріндік дауыстылар дегеніміз не?
3.Езулік дауыстылар дегеніміз не?
4.Сигналды кеспе арқылы дауысты дыбыстарды түріне қарай ажырату.
5.Сөздік диктант аламын.
Үй тапсырмасы:
Еріндік және езулік дауыстыларды оқу,ереже жаттау.
249-жаттығу орындау.
Метаграмма құрау.
Тест сұрақтары:
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсет:
Жақты сөйлем
Толымды сөйлем
Құрмалас сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлемді тап:
Немене, бізді оқымайды деп пе едіңіз?
Сен менен аулақ жүр.
Білімдіден шыққан сөз...
Жоғал, көзіме көрінбей.
Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
5
4
2
7
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.
Сұрай айтылған сөйлем.
Қуану, ренжу мақсатында айтылған сөйлем.
Ашық сұрақты сөйлем.
Хабарлы сөйлемді тап:
Сен болған шығарсың?
Ауа райы суық.
Тарт тіліңді.
Қандай тамаша көл?!
Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап:
Ол кісі қайда тұрады?
Неге үндемейсіз?
Әже, барамыз ба?
Ол жерге неге отырамыз?
Хабарлы сөйлемді тап:
Ал,сосын.
Қайдағы жау?
Жел соғып тұр.
Қане, отыр.
Үлестірме сұрақтар:
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем нелерден құралады?
Жай және құрмалас сөйлемдерді қалай ажыратамыз?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Сабақты қорыту, бекіту.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: №22 жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |