Ашық интегралдық сабақ (Қоршаған ортамен таныстыру+математика+тіл дамыту)
Тақырыбы: Тиін және оның жолдастары.
Сабақ міндеті:
Воскобович ойындарымен балаларды пайдаланып,ойлау қабілетін және қызығушылықтарын дамыту.
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Балалардың жабайы аңдар және төлдер туралы білімдерін кеңейту және толықтыру.Тиін мен жабайы аңдардың тіршілік әрекеттерін және олар жөніндегі жалпы ұғымдарын қалыптастыру. Сын есім сөздерді қолдана білуге үйрету,қарыма-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) еңгізу.Үйренген әріптерді еске алып,қысқа сөздерді және әріптерді дұрыс құрастыруға үйрету.Қосу амалының мәнің түсіндіріп пысықтау.Сөздік қорларын кеңейту және байыту.
Түзету-дамытылық: Қоршаған орта туралы көзғарастарын дамыту,ой-ірісін кеңейту,ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыту.Денсаулық сақтайтың технологиялармен(Су-Джок шариктермен) балалардың денсаулықтарын сақтау.Өзбетінше қосу амалдарына есептер құрастырып және шешіп үйретуді жалғастыру.Балалардың қол ұсақ қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: Айналадағы табиғат сулулығын – жануарлар мен өсімдіктер дұниесін сүйе білуге баулу.Бір-бірін сыйлауға,сыйластыққа үйрету.
Әдіс-тәсілдер:көркем сөз, әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын,Воскобович ойындары.
Алдын-ала жұмыс: жабайы аңдармен және төлдерімен таныстыру,сурет салу,мүсіндеу жасау,жабайы аңдар туралы ертегілер,әңгімелер,тақпақтар оқу,жаттау.
Көрнекіліктер:Воскобович ойындары: игровизорлар,счетовозиктер,коврограф,планшеттер,гүл ("Ромашка"),шнур-затейник;су-джок шариктер сақиналармен,жабайы аңдардың суреттері,сандар,ағаштар (орман),ұя құрастыру үшін материал,тиін жейтін тағамдар, «жүрек» ойыншығы.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу (бірінші тәрбиеші).
-Ақылды көздерін маған көрсетіңіздер,қонақтарға бұрылып,жымиямыз.Амандасамыз: қазақша,...орысша,...ағылынша... Шеңберлеп тұрамыз.
Шаттық шеңбері.Әуен
-Бір бірімізге осы ойыншық-жүректі беріп,шың жүректен жылы лебіздерді айтамыз.
-Паша,сен ақылды,күшті,көңілді баласын.Алена сен әсемді,мейрімді,сұлу кызсың...
2. Сабаққа кіріспе.
1.) Кыс туралы әңгімелеу.
-Жыл мезгілі қандай?
-Неге олай ойлайсындар ?
2.) Қарға Метрдің хаты.
-Балалар,бізге қарға Метрдең хат келді.Теледидарға қарап тыңдайық:
-Сәлеметсіңдерме,балалар. Менің жолдасым тиін жоғалып кетті,оны тауып беру үшін сендерге тапсырмаларды дұрыс орындау керек.Егер тапсырмаларды орындасандар,тақтада ғажайып сүреті жиналады.
3. Тиін табу үшін тапсырмалары:
Бірінші тапсырма.Игровизорлармен жұмыс.
- Балалар,мынау тапсырмада біз сандарды қосып,сүреттерді жинаймыз.Жинап болғасын маған айтасыңдар, не сендерде болып шықты.
- Паша,сенде не болды? Ол,қайда тұрады?
-Ал,сенде,Яша, не болып шықты?...Ол қайда тұрады?(Тақтаға жабайы аңдардың сурттері ілінеді)
- Балалар,бір сөзбен қалай атауға болады? Ал Қазақстанда қандай аңдар бар? (Ия,барыс,арқар,киік...)
- Мен сендерге бір жұмбақ айтамын,сендер ойланып шешүін айтындар:
Жауымнан мен қашқанда,
Ағаштарға самғап бағам.
Ал қарным ашқанда,
Отырып-ап жаңғақ шағам. (Тиін)
(Екінші вариант: бала тиін туралы тақпақ айтады)
-Дұрыс,тиін.Тиін туралы білгін келеді ме? Еңдеше теледидардың қасына барып отырайық.
Тиін туралы тәрбиешінің әңгімесі.
Тиін –кішкентай,әдемі жануар,ұзындығы-адамның алақаны сияқты.Туратын жері-орман,ағаштардың үстінде.Басында-дөңгелек, кішкентай қап-қара көздері және үлкен құлақтары бар.Артқы аяғы ұзынрақ және жуанрақ алдыңғыдан,сондықтан ол секіріп жүреді.Бұтақтан бұтаққа жеңіл секіреді.Құйрығы ұзын,өз денесімен бірдей.Ол парашют сияқты ,секіргенде құйрығын жайып бутаққа ақырын отырады.Ұйықтағанда - аяғын денесіне қысып және құйрығымен жамылады.Қыста – түсі қоныр.Көріктенетің тамағы – жаңғақ,санырауқұлақ,жапырақ.
Сұрақтар:
-Тиін қандай жануар?(Тиін -кішкентай,әдемі жануар.)
-Тұратын жері қайда?(Туратын жері-орман,ағаштардың үстінде.)
-Қалай ұйықтайды?(Ұйықтағанда - аяғын денесіне қысып және құйрығымен жамылады.)
-Немен көріктенеді?(Жаңғақтармен,санырауқұлақтармен,жапырақтармен көріктенеді.)
Практикалық меңгерту.
- Тиінға үй салу үшін әрі-түрлі материалдар керек.Сондықтан Паша,Алена,Яша мынау жерден керек-керек материалдарды жинап қояды (жүн,мақта,шөп,бұталар...).
-Ал,Слава,Гульнар,Марина тиін немен көріктенеді жинайды (жаңғақ,саңырауқұлақ,жидек...)
-Балалар,қарандаршы ғажайып суреттің тағы бөлектері көрінді,себебі біз тапсырмаларды дұрыс орындадық.
4. Сергіту сәті: Бала,бала,балақан
Кәне қайсы алақан?
Саусақтары әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ,тоа-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Екінші тапсырма. Счетовозиктермен жұмыс (екінші тәрбиеші).
-Балалар, сендер тиін туралы әңгімені тыңдадындар. Бірақ тиінға көмек керек.Жаңғақ жинауға көмектесейік? Алдымен сандарды еске алайық.
- Біз оңға дейін тура және кері санаймыз.(Балалардың санауы.)
-Еңді отырындар,счетовозиктермен біз есептерді шығарып тиінға көмектесеміз.Бес жаңғаққа бір жаңғақты қосамыз.Счетовозикте осы есепті шығарыңдар. Паша сенде қанша болды? Слава,ал сенде қанша болды?
-Жарайсындар,тиін тағы бір есепті қарауға ұсынады: 3+1,үш жаңғаққа екі жаңғақ қосамыз.Счетовозикте осы есепті шығарыңдар.Алена сенде қанша болды? Марина,ал сенде қанша болды?
- 4+1...
- 6+1...
-Өте,керемет,балалар!Тиінға жаңғақтарды жинауға көместестіндер.
- Балалар,қарандаршы ғажайып суреттің тағы бөлектері көрінді,себебі біз тапсырмаларды дұрыс орындадық.
Қарға Метрдің келүі (логопед).Әуен.
-Сәлеметсіндер ме, жаман балалар! Жоқ,біз жақсы балалармыз!
-Сәлеметсіндер ме,ашулы балалар! Жоқ,біз мейірімді балалармыз!
-Сәлеметсіндер ме,мұнды балалар! Жоқ,біз көңілді балалармыз!
-Сәлеметсіндер ме,жалқау балалар! Жоқ,біз еңбекқор балалармыз!
-Сәлеметсіндер ме,ақмақ балалар! Жоқ,біз ақылды балалармыз!
-Жарайсындар,балалар! Мен көрдім,естідім,қалай сендер тапсырмаларды орындадындар. Менде -қарға Метр сендерге тапсырмаларды дайындап қойдым,орындайсындар ма?
-Алдымен мен сендерді тексерейін,жабайы аңдарды білесіңдерме.Доппен ойын, "Қандай?" деген сұраққа дұрыс жауап беріндер.
-Аю қандай?(Аю маймақ,қоныр,майлы,күшті...)
-Түлкі қандай?(Түлкі жирен,құ,абайлы,ақылды...)
-Қоян қандай?(Қоян ақ,қорқақ,ұзынқұлақты...)
-Қасқыр қандай?(Қасқыр аш,ашұлы,сұр,жыртқыш...)
-Кірпі қандай?(Кірпі кішкентай,қара,сұр,инелі,абайлы...)
Үшінші тапсырма. Су-Джок шариктермен жұмыс.
-Еңді,сәл демалып алайық.Отырындар,балалар.Ережелерді еске аламыз,шариктермен,сақиналармен қалай жұмыс істеу керек?Нұсқауларды тыңдаймыз,шариктермен және сақинамен абайлап жұмыс істеу керек,сақинаны саусақта көп ұстау(ұзақ) болмайды, жұмыс істеп болғасын,орнына қоямыз.Өте дұрыс!
-Шариктерді қолға аламыз, сол қолдың алақанын жайямыз,саусақтарымыз бірге.Шарикті ортасына қойып,айналдырамыз.Еңді оң қолдын алақанын жайямыз,саусақтарымыз бірге.Слава,саусақтарымыз қалай? Шариктермен не істейміз? Ия ,айналдырамыз.Жарайсындар,өте тамаша!
-Сол қолдың алақанын жайямыз,үстелдің үстіне қоямыз,саусақтарымыз бірге.Шарикті саусақтардың шетіне дейін жүргіземіз: алға-артқа,алға-артқа.Еңді оң қолдын алақанын жайямыз,үстелдің үстіне қоямыз, саусақтарымыз бірге.Данил,саусақтарымыз қалай? Шариктермен не істейміз? Ия,жүргіземіз:алға-артқа,алға-артқа.Жарайсындар,өте керемет!
-Ал,еңді не істейміз? Ия,сақиналармен жұмыс істейміз.Шариктерді орнына қоямыз,сақиналарды үстел үстіне қоямыз.
- Жарайсындар! «Бәрінен қымбатты» деген тақпақты хорлап айтып,сақиналармен жұмыс бастаймыз.Сақиналарды аламыз,кіші саусақтан бастаймыз:
Аюға-қонжығы,
Бөлтірік-қасқырға,
Жәутік-түлкіге,
Кірпіге-баласы,
Қоянға-көжегі,
Анаға-бөбегі,
Бәрінен-сымбатты,
Бәрінен-қымбатты.
Бәрінен-сымбатты,
Бәрінен-қымбатты.
-Сақиналарды орнына қоямыз,тұрындар. Балалар,қарандаршы ғажайып суреттің тағы бір бөлегі көрінді,себебі біз тапсырмаларды дұрыс орындадық.
Төртінші тапсырма. Планшеттермен,шнур-затейникпен,гүлдермен жұмыс( "Ромашка").
- Балалар,әрбір анаға,мамаға өз баласы сымбатты,қымбатты.Ал сендерге ең сымбатты,қымбатты кім? Ия, ана,мама.
-Мен, Қарға Метр сендерге ең соңғы тапсырманы бергім келеді.Сауат ашу сабақтарда сендер әріптермен таныстыңдар.Ендеше осы әріптермен тапсырманы орындауға шақырамын.
-Кім маған айтады қандай дыбыстар болады? Ия,дауысты,дауыссыз.Ал "ана" деген сөзі қандай дыбыстан басталады? Ия,"А" дыбыстан,ол дауысты дыбыс.Казір,үлкен балалар әріптерді қосып осы сөзді жинайды,ал кішкентай балалар планшеттерде «А» әріпті резинкамен жинайды.Паша,үлкен балалар не істейді? Слава,ал сендер не істейсіндер?
-Ия,Паша оқып бер, сенде қандай сөз шықты? Ал, Аленада қандай сөз шықты? Слава сен қандай әріпті жинадың?Жарайсындар!Сендер шыңында өте ақылды,ұқыпты балаларсындар!
-Балалар,мен мана ,үшіп келе жатқанда,ағаштардың арасында бір ұяны көрдім.Ойбай,мынау ұяда не жатыр?Ия,жанғақтар,бұны кім салып қойды,қалай ойласындар? Мен сезіп тұрмын тиін сендерге де сыйлық дайындап қойды,іздеп қарайық ағаштардың арасында.(Ағаш арасыннан, тиін дайындап қойған тәтті жанғақтармен саңырауқұлақтарды тауып алады).
Қарға Метр:
-Балалар,қарандаршы тақтаға.Ғажайып суреті жиналды,тиін табылды,мен сендерге үлкен рахмет айтамын.Ал,еңді, мен сендермен қоштасамын.Сау болындар ақылды,көңілді,мейрімді,еңбеққор,жақсы балалар.
5. Сабақтың қорытыңдысы.Рефлексия.
Тәрбиеші: Бүгінгі сабақта сендерге ұнады ма?
-Сабақта сендерде не болды,не шықты? (Мен шариктермен дұрыс ойнадым.Мен сұрақтарға дұрыс жауап бердім.)
- Не істе алмадың?Не болған жоқ?Не шыққан жоқ?( Мен есепті дұрыс шығармадым,бірақ мен үйренемін.Мен қазақша дұрыс сөйле алмаймын,дұрыс айтуға үйренемін.)
-Жарайсындар,балалар!Еңді тақтада стрелка бойынша смайликтерді іліндер.
-Сабақ аяқталды, қонақтарға бұрыламыз,жымиямыз,қоштасамыз қазақша,... орысша,...ағылынша,....
Достарыңызбен бөлісу: |