Сабақтың тақырыбы Сөз тіркесі Сілтеме



Дата11.01.2017
өлшемі26,92 Kb.
#7156
түріСабақ

Пән мұғалімі

Нурекеева А.Қ.

Күні




Сабақтың тақырыбы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Оқулық 4-сынып, қазақ тілі, Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бағдарлама

Жалпы мақсаттар

Сөз тіркесі туралы білімдерін жетілдіру. Сұраққа жауап алу арқылы сөз тіркесін анықтап, сөз бен сөз тіркесінің айырмашылықтарын аңғарту.

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамытады. Сөз тіркесін және сөйлем құруға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Сыныпта диалог әдісін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын артады. Бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

Жаттығулар

  1. Бағандағы сөздерді салыстырып, сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды. Сөз тіркесіне ереже құрады.

  2. Суретке қарап сөз тіркесін құру.

  3. Топтық жұмыс. Әр сөз табынан жасалған сөз тіркестерін құрастыру.

  4. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрап жазу.

  5. Сөз тіркесін қалай түсіндік? (Постер әдісі)

Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушыларды топқа бөлу.

(3 мин.)


1-тапсырма (5мин.)

Сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау, сөз тіркесіне ереже құру.

Оқушылардың жеңілден ауырға қарай сұрақтарға жауап беруі арқылы диалогқа түсіп, жаңа сабақтың мазмұнын өздері аша білу дағдыларын жетілдіру.Сөз бен сөз тіркесін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.


2-тапсырма (№ 1 слайд, 5мин.)

Слайдтағы суреттерге қарап, сөз тіркестерін құрастырып оны қорғайды. Топтық жұмыс.

Топта бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, суретке қарап сөз тіркестерін құрай білуге үйренеді.



3-тапсырма (№ 2 слайд, 8 мин.) Топтық жұмыс

Оқушылар топтық жұмыста белгілі бір сөз таптарынан тұратын сөз тіркестерін құрау арқылы, олардың сөз тіркесі және сөз таптары туралы білімдерін жетілдіру.

1-топ. Екі сыңары да зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін ойлап, жазады.

2-топ. Бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін құрастырады.

3-топ. Бірінші сыңары сан есімнен, екінші сыңары зат есімнен жасалатын сөз тіркестерін ойлап, жазады.

4-топ. Бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары етістіктен жасалатын сөз тіркестерін құрап жазады.



4-тапсырма (№3слайд, 6 мин.)

Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, "Менің Отаным - Қазақстан " тақырыбына әңгіме құрап жазып, қорғау.



5-тапсырма (8 мин.)

Сөз тіркесін қалай түсіндік? Топтық жұмыс. Постер әдісімен



Үйге тапсырма

45-бет, 5-жаттығу. Сурет салып, салған суреттері бойынша сөз тіркетерін құрау. (1мин.)


Бағалау

Өз-өздерін бағалайды. Топта бағалайды. (4 мин.)




Қорытынды

Тақырып бойынша диалог құру. Кері байланыс жасау. (5 мин.)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет