Сабақтың тақырыбы:Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен,осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Технологиясы: Дамыта оқыту (сын тұрғысынан ойлау)
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қазғау, топтастыру.
Сабақ көрнекілігі: Мәтіндер, парақшалар, семантикалық кесте, бағалау,
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, қажетті құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушыларды түгендеу.
Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту.
1.1 Топқа бөлу
-Оқушылар, келіп, мына үстел үстінде жатқан сандардың ұнағанын алып, топ құрап отыруларыңды сұраймын.
1.2 Ой қозғау.
«Домбыраның қоңыр үні күмбірледі. Аса бір зарлы, қайғылы сарын боздаған түйедей безілдеп, мұңды әуенді еңірете төкті. Жүректі солқылдатқан неше қилы дыбыстар шығады.
Зар жылаған, сыңсыған дыбыстар денені шымырлатады. Жүректі түркілеп, ойды қияға жетелейді».
Жоғарыда көрсетілген сөйлемдерде етістіктер қимылды, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі. Ал іс-әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Мысал ретінде келтірілген сөйлемдердегі іс-әрекет, қимылдың туу кезеңі не арқылы, яғни немен айқындалады?
Жауап: Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезеңімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады.
-Сонымен, етістіктің шағы деп нені айтамыз?
Жауап: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру – етістіктің шағы деп аталады.
-Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі неше түрлі болады?
Жауап: Үш түрлі болады: сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни, сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
- Өткен, осы, келер шақтың бірнеше түрлері бар. Олар қандай, қалай жасалады, олардың қолдану ерекшеліктері мен ұқсастықтары жайында біз бүгін сабақта айтамыз.
2. Мағынаны ажырату.
2.1. Түсініктерін жетілдіру
-Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіздер?
-Шақтың қандай түрлері бар?
-Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?
-Осы шақ деген не? Нақ осы шақ қалай жасалады?
-Қалып етістікткрінің ерекшеліктері неде?
-Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтың басқа түрлерінен қандай ерекшелік, айырмашылық бар?
-Ауыспалы келер шақтың, ауыспала осы шақ пен Ауыспалы өткен шақтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
-Келер шақ деген не? Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
-Өткен шақтың қандай түрлері бар. Жасалуы.
2.2.Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Тексті оқып, етістіктерді шақтық мағынасына қарай бөліп жазу.
Домбыраны қолға алсам,
Ағылған жыр мен күй көрем.
(Жамбыл)
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
(Абай)
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
(Мақал)
Көп жасаған біпмейді,
Көп көрген біледі.
(Мақал)
2-тапсырма.Тексті оқып, етістіктерді шақтық мағынасына қарай бөліп жазу.
Қазақ музыкасы
Қазақ халқының ұлттық өнері аты аңызға айналған Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Қазтуған, Асанқайғы сияқты қазақтың көне музыка мәдениеті өкілдерінің шығармаларынан бастау алды. Эпикалық аңыздар, тарихи оқиғалар, нақыл сөздер ән-күй арқылы бейнеленіп, ұрпақтан жетіп отырды.
Өнер адамдарының ел аралауы халық өмірін, арман-мүддесін терең түсінуге көмектесті. Халық өнер адамдарын қашанда қастерлеп, сый-құрмет көрсетіп отырған.
Ой толғау.
Семантикалық кестені толтыру.
|
Мысалдар
|
осы шақ
|
келер шақ
|
өткен шақ
|
1.
|
Ол жазды
|
|
|
|
2.
|
Сіз жазып отырсыз
|
|
|
|
3.
|
Сұрақ қиын болмады
|
|
|
|
4.
|
Ол сонда оқымаған
|
|
|
|
5.
|
Біз осында қаламыз
|
|
|
|
6.
|
Кітапты оқыды
|
|
|
|
7.
|
Қар жауып тұр
|
|
|
|
8.
|
Қыс суық болды
|
|
|
|
9.
|
Ол түсінген жоқ
|
|
|
|
10.
|
Ол келе жатыр
|
|
|
|
Шығармашылық стратегиясы
«Мақсатым- тіл ұстартып , өнер шашпақ» деп аталады.
« Қобыздың атасы – Қорқыт» туралы эссе , ұнататын өлең жолдары, сөзжұмбақ құрастыру,сурет салу т.б.
Сабақты қортындылау.
Не істедік?
Не үйрендік? Етістіктің
Не білдік? келер шақтары өткен
Үй тапсырмасы:
осы
1. 2-тапсырма . Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Үстеу.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың үстеу туралы білімдерін тереңдету;
ә) Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, құрметтей білуге тәрбиелеу;
б) Ойындар арқылы үстеу туралы түсініктерін
тереңдете отырып, ой ұшқырлықтарын, тез, шапшаң, нақты сөйлей білу дағдыларын
қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: тест, «Бас қатырғылар базары» ойыны, «Хан талапай» ойыны, «Даналық ағашы» ойыны, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, плакаттар, конверт, асық, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасы:
1) 260-жаттығу
2) Тест сұрақтары
1. Тіл білімі неше саладан тұрады:
А) 3
Ә) 2
Б) 5
2. Морфология нені зерттейді
А) сөздердің мағынасын;
Ә) сөз таптары мен сөз құрамын;
Б) тіл дыбыстарын;
3. Неше сөз табы бар:
А) 7
Ә) 9
Б) 5
4. Қимылдың белгісін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы ....
А) Етістік;
Ә) Үстеу;
Б) Етіс
5.Үстеудің неше мағыналық түрі бар
А) 7
Ә) 6
Б) 5
6. Туынды үстеуді тап
А) шалқасынан
Ә) ешқашан
Б) қалай қарай
7. Біріккен үстеуді табыңыз.
А) алажаздай
Ә) таңғысын
Б) бүрсігүні
8. “Қалай қарай?” сұрағы қай үстеуге тән?
А) мақсат
Ә) мекен
Б) мөлшер
9. Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз
А) қыстыгүні
Ә) құр босқа
Б) емін еркін
10. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде үстеу нешеге бөлінеді:
А) 3
Ә) 7
Б) 2
ІІІ Жаңа сабақ: 1) «Бас қатырғылар базары» ойыны (Оқушылар үйден дайындап келген сөзжұмбақ, ребус, сұрақтарын қояды)
2) «Хан талапай ойыны»
І конверттегі сұрақтар :
1.Үстеу дегеніміз не? Мысал келтір
2. Үстеудің мағыналық түрлері
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі, сұрақтары мысал келтір.
4. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған (сөйлемнен мақсат үстеуін тауып, анықтамасын, сұрақтарын ата)
5. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз: а) жолжөнекей; Ә) быйыл; б) ендігәрі
ІІ конверттегі сұрақтар:
1. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді.
2. Мезгіл үстеуі сұрағы, мысал келтір.
3. Мөлшер үстеуі, сұрағы, мысал келтір.
4. Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан таң ата у-шу болып тарқады. (Сөйлемнен себеп-салдар үстеуді тауып, анықтамасын сұрақтарын ата)
5. Бөлек жазылатын үстеулерді табыңыз:
А) сұңқар дайын Ә) күн ұзаққа В) анда санда
ІІІ конверттегі сұрақтар:
1. Үстеу тұлғасына қарай нешеге бөлінеді.
2. Мекен үстеуі, сұрағы, мысал келтір
3. Сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсететін үстеудің түрі. Мысал келтір.
4. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. (Сын-қимыл үстеуін табыңыз, анықтамасын, сұрақтарын айтыңыз)
5. Сыңарларының дыбысталуынша жазылатын күрделі үстеулерді табыңыз.
А) таңертең, бір қыдыру ә) анағұрлым, бүгін б) баяғыдан, өйтіп-бүйтіп
ІV. «Даналық ағашы» ойыны
V. Бағалау. Топ жетекшілері және мұғалімнің бағалауы
VІ. Үйге тапсырма: 1) «Үстеу» тақырыбына мәтін жазып
2) 282-жаттығу
3) Келесі сабақта деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргіземіз.
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан.
Мақсаты:
а/ Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойларын еркін айтуға, көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.
ә/ Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту. Көркем сөзді өз сөздрінде қолдана білуге үйрету.
б/ Балаларды мейірімділікке тәрбиелей отырып, зұлым, мейрімсіз, қатыгез болудан аулақтау.
Сабақтың әдісі: дамыта оқу технологиялары.
Сабақтың түрі: таным сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ойын « Тұлғаны танып біл»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Адамдың адами белгілеріне қандай қасиеттер жатады деп ойлайсыңдар?
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесіңдер?
Жинақтау әдісі
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?
Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?
Мағлұмат алу.
Арыстан- мысық тұқымдасына жататын ең жыртқыш жануар. Африка мен Оңтүстік Азияның шөлейт, саванна аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 2 м астам. Салмағы-250 кг. Құйрығының ұзындығы-1 м дейін жетеді. түсі бурыл сары.5-10 топтанып жүреді.
Тышқан- дене тұрқы 5 см. Салмағы бірнеше грамм. Тіршілік әрекеті әр түрлі. Дәрілік өсімдіктермен қоректенеді. Кемірушілер тобына жатады.
Сөздікпен жұмыс.
Зиян- залал, зақым
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
Мысалмен танысу.
Мысалды оқи отырып түсіндіру.
Мысалдың суреттері бойынша түсіндіру.
Сұрақтарға жауап бер
Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
Ойын “ Жалғастыр”
/бұл ойын сергіту сәті ретінде ұсынылып отыр./
Дәптермен жұмыс.
І топ.
Арыстан –аң патшасы. Өйткені............
Пайымдау мәтінін жаз.
ІІ топ.
Тышқан туралы сипаттау мәтінін жаз.
ІV. Қорытындылау.
Түйін сөз
Балалар өз түсінгендерін, ұққандарын түйіндеп айтады.
Үйге тапсырма.
Мәтінді рөлге бөліп оқуға даярланып келу.
Ана тілі
4-сынып
Педогогикалық шеберхана
Тақырыбы: Шыбық
Мақсаты: Адам өміріндегі еңбектің маңызын ашу, салыстыру, талдау
қабілеттерін дамыту, елгездікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал- жабдығы, көрнекілігі: түрлі-түсті қарындаштар, плакаттар,
суреттер, құмыра, шыбық т.б.
Шеберхана барысы:
Ұйымдастыру. Амандасу. Бүгінгі сабақта оқушылардың еркін сөйлеп
барынша белсенді болуларын өтіну.
Индуктор.
Оқушылар! Тақтада мынадай екі сурет ілулі
тұр. Ал, мына құмырада әдемі шыбық. Осы
суреттегі ағаштар мен шыбық туралы не айта
аласындар?
1-2 мин. ойланып, дайын болған кезде
қолдарынды көтеріңдер.
Рахмет, балалар сендер өте жақсы жауап
бердіңдер. Үлкен бәйтеректің тағдыры осындай кішкентай шыбықтан басталады. Осы тақырыпты кеңірек ашу үшін бүгін біз сендермен Сансызбай Сарңасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесімен танысамыз.
Сансызбай Сарғасқаев 1925 жылы Жамбыл облысында туған, оның «Достар», «Көңілді балалар» атты шығармалары бар. Естеріңде болсын ол- балалар жазушысы.
Жеке құрастыру.
Мәтінді оқу. (әр оқушы жеке іштей оқиды)
Әлеуметтік құрастыру. Нақты тақырып бойынша
мәтінді өңдеу жұмысы.
1 топ. Мәтіндегі жыл мезгілі туралы.
2 топ. Бақыттың іс-әрекеті.
3 топ. Темірдің іс- әрекеті.
4 топ. Темірдің әкесінің іс-әрекеті.
Әр топ жұмысын бір мезгілде аяқтайды, жұмыстар тақтаға ілінеді.
Әлеументтендіру: Жариялау.
Әр топ жұмысын көпшілікке таныстырады.
Жеке құрастыру.
Бақыт пен Темірге мінездеме беру. (жұмыс жазбаша дәптерде орындалады)
Әлеуметтік құрастыру.
Бақыт пен Темірдің ауласының суретін салу.
Бақыттың үйінің ауласы
|
Темірдің үйінің ауласы
|
|
|
Әлеуметтендірі: Жариялау.
Әр топ жұмысын көпшелікке таныстырады.
Үзіліс. Сен кімге ұқсайсың, Бақытқа, әлде Темірге?
Олардың болашағы қандай болады деп ойлайсың?
Рефлексия. Сабақты мақал – мәтелмен аяқтау.
Үй тапсырмасы. «Еңбек түбі- береке» тақырыбына
шығарма жазу.
Ахметбекова Роза Мұқышқызы
Достарыңызбен бөлісу: |