Электр шамының қыздыру қылсымының кедергісін 484 Ом деп алып, кернеуі 220 В желіге қосылған электр шамындағы токтың қуатын анықтаңыздар.
Электр плитасы ток күші 5 Аболғанда 30 мин ішінде 1080 кДж энергия жұмсайды. Плитаның кедергісін анықтаңдар.
Көлденең қимасының ауданы 0,1мм2 никелин сымынан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4А. Сымның ұзындығы қандай?
Бірдей екі оң заряд берілген q1=q2=q2 Кл. Олар бірінен-бірі R1=50 м қашықтықта орналасқан R2=25 м қашықтыққа дейін жақындату үшін қандай жұмыс атқару керек?
Массасы 10 кг алюминий сымның диаметрі 2 мм. Оның кедергісі неге тең?
МАГНИТ ӨРІСІ. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ Магнит индукциясы 2*10-3 Тл болатын біртекті магнит өрісінде электрон 107 м/с жылдамдықпен қозғалады. Электрон қозғалатын шеңбердің радиусы неге тең?
Орамның магнит моменті 0,2 Дж/Тл, диаметрі 10 см. Ондағы ток күші неге тең?
Магнит индукциясы 2*10-3 Тл болатын біртекті магнит өрісінде электрон 107 м/с жылдамдықпен қозғалады. Электрон қозғалатын шеңбердің радиусы неге тең?
Магнит индукциясы 0,5 Тл болатын магнит өрісінде ұзындығы 40 см өткізгіш қозғалып барады. Өткізгіш қандай жылдамдықпен қозғалғанда, оның электр қозғаушы күші 2 В болады?
Соленоидтан өтіп жатқан токтың жылдамдығы секундына 50 А-ге өзгеріп отырса, соленоидтың ұштарында электр қозғаушы күші 0,08 В-ке тең өздік индукция пайда болады. Соленоидтың индуктивтілігін табыңдар.