Сыныбы: 9б уақыты



Дата05.12.2023
өлшемі31,5 Kb.
#195175
Байланысты:
9 б тж



Сыныбы: 9Б

Уақыты: 27.01.2023

Сынып жетекшісі: Әділ А.Ж

Сынып сағатының
тақырыбы:

«ХХІ ғасырдың көшбасшысы»

Сынып сағатының

Халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтап өзіндік тарихи тағылымы, ой пікір, қорытындылары бар. Оқушылардың алған білімдерін географиялық ойындар арқылы Қазақстан туралы білімдерін жүйелеу, деңгейін, біліктілігін, іскерлігін арттыру. Оқушыларды өз елін сүйетін патриот, халқына адал қызмет көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық сана, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

  • Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туған тарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көз қарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

Сайыс сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, презентация.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты «9» сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Ғажайып бестік»
3-кезең Зияткерлік
4кезең Сөзмерген
Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 - кезең: «Бәйге».
Бұл кезеңде сіздерге тест түрінде 4 жауап нұсқасы бар ортақ 15 сұрақ қойылады.Берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты белгілеу қажет.Әр сұраққа ойлануға 10 сек беріледі.
- Ал, бастайық!
2- кезең: «Ғажайып бестік»
Ұшқан құстан жүгірген аңнан жылдам не бар дейміз,мына мысалдарға құлай түрейік,профессор Абдул Басид 17 сек ішінде телефон хабарламасы ретінде 26 сөз жазып үлгерген.Жылдамдық деп осыны айт.Жылдамдық екінші

Алғашқы сөз (кезең)






Соңы (бекіту)

айналымда сіздергеде керек болады қатысушылар.Шарты мынадай:Қатысушыларға 15 сұрақтан тұратын 6 ұяшық ұсынылады.1 минут 15 сұраққа жауап беру тиіс.Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.Ұпайы аз 1 қатысушы ойынды осы жерден тоқтады
-Бұл ғажайып бестік дегеніміз өзіміздің бес пәнімізден берілетін сұрақтар.. Мына сызбаға назар аударайық
3 кезең«Зияткерлік» кезеңі
Компьютер – болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып, ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды
Бұл кезеңде Химия пәні бойынша есептер беріледі.Қатысушылардың шығаруына 5 минут уакыт беріледі
4 кезең. "Сөзмерген"
Қатысушылармыз ұяшықтан өз тақырыптарын таңдап алады. тақырып аясында ой толғап, сөз жарыстырады. Оқушыларымыз тақырыпты толық ашып, нысананы дәл тауып, өздерінің қаншалықты мерген екендерін көрсетулері тиіс. Сайыскерлердің дайындалуына 3 минут уақыт беріледі. Ең жоғарғы ұпай - 30. Сонымен, «түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық», - деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл байлығын тексеріп көрейік. . Бірінші болып ұпайы төмен ойыншы бастайды
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп «ХХІ ғасырдың көшбасшысын» анықтайық. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. .





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет