Ер адам 26 жаста
Оқыс оқиға жағдайы: 20 минут бұрын кенеттен қуат 800 W электр тоғы бар жалаңаш сым науқастың басына тиген.
Объективті: жағдайы өте ауыр. Есі- кома. Тері жабындылары бозғылт, цианозды, құрғақ. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия, экстрасистолия. ЖСС 116 рет мин. АҚ 90/60 мм.с.б. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 10 рет мин.Оқтын-оқтын тонико-клоникалық тырысулар. Шүйде аймағында дөңгелек пішінді қара түсті жара, жан-жағы бозғылт-ақ.
ЭКГ: синусты тахикардия 0,14 сек қарыншалық комплексі деформацияланған экстрасистолиямен үзіледі , QRS пенT тісшесі дискордантты. ЖСС 120 рет мин. ЖЭО қалыпты.
Глюкомертия: глюкоза 5,6 ммоль/л
Болжама диагноз қойыңыз?
Электрожарақат ІІІ дәреже(судороги және есі жоқ,ЭКГ жүрек қан тамыр жүйесі зақымдалғанын көрсетеді,ТАЖ төмендеген)
Жедел ем тағайындаңыз және науқасты ары қарай жүргізу тактикаңыз?
1.Антиаритмиялық терапия:лидокаин 4-5 мл 2% венаға (6 мл 2% ерітіндіні 60 мл натрий хлориді ертіндісімен араластыру );Магний сульфаты 1-2 г 100 мл 5% глюкоза ертіндісімен 1-2 мин берілді
2.Тырысуға қарсы терапия :Вольпроевая кислота 15 мг/кг араластырусыз венаға
3. 2-3 минут ішінде жүрек ішіне 1 мл 0,1% адреналин ерітіндісін және 10 мл кальций хлоридінің 10% ерітіндісін көктамыр ішіне (көктамыр ішіне) енгіздік - 1 мл 0,05% строфантин ерітіндісі 20 мл-де сұйылтылған глюкозаның 40% ерітіндісі әсері болмады,сондықтан жүректің электр дефибрилляциясы жасалынды
Ер адам 49 жаста
Таңертеңгі уақытта үйінің жертөлесінен табылған. Түнде ауа температурасы минус 3 градус болған.
Объективті: жағдайы ауыр. Есі-сопор. Тері жабындылары бозғылт,суық. Дене температурасы 30 0 С. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, брадикардия 48 рет мин. АҚ 80/50 мм.с.б. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс. Брадипноэ ТАЖ 7 рет мин. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Бауыр ұлғаймаған. Мененгиалды ошақты неврологиялық белгілер жоқ. Аяқ қолдары терісінің сезімталдығы мен сіңірлік рефлекстер төмендеген.
ЭКГ: синусты брадикардия 48 рет мин. ЖЭО қалыпты. Жедел коронарлы патология жоқ.
Глюкометрия: Қандағы глюкоза деңгейі 3,6 ммоль/л.
Болжама диагноз қойыңыз? Үсік шалу ауыр дәрежеде (скрытый период) 2 ст (30ºС)
Жедел ем тағайындаңыз және науқасты ары қарай жүргізу тактикаңыз?
- натрий хлоридінің 0,9% - 500,0 ерітіндісі көктамыр ішіне енгізілді; 5% -400 декстроза (глюкоза) ерітіндісі. Ауырсынудың қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты анальгетиктерді енгізу: Трамадол 50 мг-2 венаға
Жылуизоляциялаушы асептикалық таңғыштар салынып стационарға жеткізілді
Достарыңызбен бөлісу: |