Ер есімі-ел есінде,
(Батыр туралы әңгіме)
Бауыржан жүз жылда бір туады. Ол мен үшін мәңгі үлгі.Ол қазақ болудан қалған қазақтарды,яки тілін,дінің,ата-салтын білмейтін қазақтарды жек көретін...
Д.Снегин.
Міне,биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толу мерекесін тойлағалы отырмыз.Әрине,жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Тарих беттеріне шолу жасасақ,1941 жылы 22 маусымда біздің қасиетті Отанымызға бес жарым миллион адамы бар армия тап берді.Фашистік соғыс машинасына қарай халқымыз қиян-кескі ұрысқа көтерілді.Совет Одағы опасыз шабуыл жасаған фашистік Германия дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекетті құрту,халқын құлдыққа салу,адамдарын қырып-жою мақсатын көздеді.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл,1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін,келешек ұрпақ үшін кескілескен жан қилы соғыс жүріп жатты.Бір күшке жиналған орыс және тәжік,грузин мен белорус, қазақ пен украин сынды ұлттар жауға алмас қамал болып тас түйін түйілді.Сол ауыр күндері Кеңес Одағының басқа халқымен бірге фашисттерді талқандап,жеңіске жету жолында қазақ халқыда өзінің сүбелі үлесін қосты.Ержүрек Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде,Днепр өткелінде,Москва менЛенинград үшін болған кескілескен шайқастарда батырлық пен ерен ерлік көрсетті.Украинаны,Прибалтиканы ,Қырымды,Белоруссияны,Кавказды жаудан тазартты.Польша,Болгария,Румыния,Венгрия,Чехославакия,Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын асқақтатып биікке көтерді.Сол отты жылдарда біздің рухы күшті қандастарымыз араласпаған бірде-бір шайқас болмады.
Қазақ ел басына ауыр күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген ержүректе,жауынгер халық.Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген үрей сезімін алып тастап биікке көтерген.Оның анық дәлелі намысын ел тарихындағы аты аңызға айналып,өшпес ерлік жасаған батырлар есімі куә.Ұлы Отан соғысының тарих парақтарында алтын әріппен жазылған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов пен Төлеген Тоқтаров,Нүркен Әбдіров пен Қасым Қайсенов есімдері мәңгілік өшпейді.Солардың ішінде өз жерлестеріміз,қызылордалық Жәлел Қизатов, Иван Журба,Жаппасбай Нұрсейітов және де басқа ағалар мен аналарымыз да бар.Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың Кеңестер Одағының Батыры атағын айтсақта жетеді.
Сондай ел басына күн туғанда уақытта елін-жерін қорғауға аттанған Қазақстандық жауынгерлердің бірі-Кеңес Одағының батыры,даңқты қолбасшы,жауынгер-жазушы,тіл жанашыры-Бауыржан Момышұлы.
Б.Момышұлы 1910 жылы 22 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы Мыңбұлақ селосында өмірге келді.1920 жылы10 жасында Жамбыл обылысы Евгеновка селосында бір қыс орыс мектебінде оқып,келесі жылы Жамбылға келіп Аса интернатына 1924 жылы 3 жыл оқып бітіреді.
1928 жылы Шымкент жеті жылдық мектебін бітірді.Сол жылы Орынбордағы КАЗПИ-ге оқуға түсті.Екі жыл мұғалімдік қызмет атқарды.1929 жылы-Жуалы аудандық атқару комитетінің жауапты секретары болып қызмет атқарды.
1930 жылы Алматы Ауылшаруашылық Институтының рабфагінде оқып,белгілі қоғам қайраткері Ораз Жандосовқа хатшы болып жұмыс істейді.
1931 жылы Шымкент өнеркәсіп банкісінің экономисі.
1934 жылы СССР өнеркәсіп банкісінің басқармасына аға консультант.
1934-35 жылдары Ленинград финанс академиясын оқиды.
1936 жылы –тұрақты қызыл Армия қатарына шақырылады.
Он бір ай қызыл әскер,14 ай взвод командирі, 3 жыл 4 ай рота командирі, 9 ай атқыштар полкы штабы бастығының орынбасары,военкаматта аға нұсқаушы, 5 ай батальон 2 ай полк камандирінің орынбасары,3 ай –дивизия камандирінің орынбасары, 6 ай дивизия камандирі болды.
Бауыржан Момышұлы 1942 жылы 6 маусымда Қызыл Ту орденімен,4 желтоқсанда Ленин орденімен,1971 жылы 15 қаңтарда Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.
Б.Момышұлы қарулы күштер қатарында 25 жыл адал қызмет етті.Қатардағы жауынгерлерден дивизия камандиріне дейін көтеріліп,қарапайым банк қызметкерінен әскери академия оқытушысына дейін өсті.
45 жасында Бауыржан Момышұлы әскери қызметтен босап,әдебиет майданына араласты.Көптеген кітаптар жазды. “Москва үшін шайқас”, “ұшқан ұя”кітаптары жоғары бағаланды.Әдебиеттегеі еңбегі үшін ҚазақССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.1990 жылы 11 желтоқсанда қайтыс болды.
Тұтас бір халық төбесіне көтерген әрдақты азаматқа көп жылдар бойы Батыр атағын бермей келді.Қазақстанның тұңғыш презденті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен тек қана 1990 жылы Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшыларының бірі Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Сол қуанышты күн туралы мындай бір әңгіме бар.Бақытжан Момышұлына жолдаған құттықтау хатының соңында Елбасы : “Бауыржанның жұлдыз болған күні-халықтың жұлдызы жанған күні”деп жазыпты.
Біз енді Бауыржан атамыз жасаған ерліктері жайында баяндауды жөн көрдік. Себебі, “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артына із қалдырған”деген сөз тура Бауыржанға айтылғандай халық жазында санында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың үш мыңдайы қазақстандықтар)Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі сақталмақ.Иә,Бауыржан Момышұлы 1941 жылы Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизия құрамында Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдесіз ерліктің үлгісін көрсетті.Панфиловшылар шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен,өз заманының батырлары еді.Олардың өжеттік пен ерлікке баруы кездесоқтық емес.Отаны мен артында қалған елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бой ұсыну еді.Генерал Панфиловтың резерві ретінде Момышұлының батальоны бес рет қоршауда қалып, қиян-кескі ұрыс жүргізді,алдында қойған міндетті орындағаннан кейін өз дивизиясына қосылды.Нақты айтар болсақ,1941 жылы қараша айынан Бауыржан Момышұлы 1073 полктың командирі,ол басқарған полктың жауынгерлік құрамы Батыс майданда жаудың тегеурініне батыл тойтарыс беріп,оның бір қатар әскери құрамалары мен көптеген техникасын жойды.Дивизияның басқа бөлімдері мен бірге Момышұлының полкі неміс басқыншыларын Мәскеу түбегінде (Волоколан бағытында) талқандауға жол ашты.
1942 жылы қысы мен көктемінде Калинин майданында 1073 гвардиялық атқыштар полкі бастапқы кезде қар қалың түскен қыс,қатты аяз және жол қатынасы аса қиын жағдайда,ал сонан соң көктемдегі лайсаң,батпақты жерлерде шабуыл жасай отырып,жаудың көптеген танкілерін,автомашиналары мен басқа да әскери-техникасын жойып жіберді,ондаған селолар мен деревняларды азат етті.
Б.Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысып,екі рет ауыр жараланды.Соғыс кезінде аты аңызға айналған жауынгерлердің бірі.Оның ерліктері жыр болып тарап,А.Бектің “Волокаламск тас жолы”,Унстековтің "Отанға қызмет етеміз” кітаптарында аталып өтті.
И.М.Унстеков өзінің кітабында былай жазды:
1073 атқыштар полкінің камандирі майор Б.Момышұлын мен соғыстан бұрын білетінмін.Ол қазақ ұлтынан шыққан, алған бетінен қайтпайтын,қатал мінезді,сымбатты келген жас камандир болатын.Оны ерекше ерлігі мен тапқырлығы үшін Панфиловтың өзгеше жақсы көретінін білетінмін. Сондықтан да Бауыржанды ең қиын қыстау жерлерге жіберіп отыратын”
Оның аңызға айналған ерлік пен азаматтыққа толы ғибратты ғұмыры кімді де болса өзіне тартпай қоймайда.Ол халқымыздың даңқын бүкіл әлемге мәшһүр еткен зор тұлғалы,қасиетті перзентерінің бірі.Қазақтың батыры-Қобыландысы,Алпамысы.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзінің “Бауыржан Момышұлына”деген өлеңінде:
Аға,
Саған,білмеймін не айтарымды,
Қай қырынан білмеймін байқарымды.
Көңілдегі ой көмейге кептелді де,
Түрмесіне кеудемнің қайтарылды.
Қайтерімді,білмеймін не айтарымды.
Жасқануды білмеуші ем,жалтаруды,
Неге көңіл білмеймін,ақтарылды?!
Ақ тұлпарым бар еді саған деген
Алып ұшпай ол неге қаңтарылды?!.
Бауыржан атаның бойындағы өзінің ұлтына деген шексіз махаббатында жатыр.Сол махаббат пайда болуына,біріншіден,оған өзінің өскен ортасы,өз сөзімен айтсақ, “Ұшқан ұясы”әсер етті.Бұл ойлы пікір,жақсы көрқарастар жазушының “Ұшқан ұя”атты повесінде баяндалған.Енді үзінді оқып көрейік:
...Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
-кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол
-Мен Момыштың ұлымын
-Момыш кімнің баласы?
-Момыш Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.Ал қонақ келсе,алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің ата жөнінде білімімді тексеретін.Ел танудың басы ең алдымен осылайша басталатының ол кезде кім білген.
Бауыржан Момышұлы Қазақ әдебиетінде әскери патриоттық прозаның негізін қалаушы қаламгер.Ол кісінің атыны байланысты аңыз әңгіме,өлең-жыр,мақал-нақылдардың ел арасында қанатын кең жайып фольклорлық сипат алып кеткені белгілі.Патроттық сезімі,Отанға деген сүйіспеншілігі,өзінің мемлекетке тәуелді екенін өз істерінендәлелдей білді.Тіпті,өзінің қазақ екенін соғыс шебінде жүріп те ұмытқан емес.Ол туралы мына бір мысалдан айқын көруге болады;,Ұлы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын халықтарға “екінші сортты” адам деп ойлап қараушылығына мүлдем жол бермеу керек,мұндай қате мәдениетсіздік көзқарас өте зиянды.Өкінішке орай,олар мұндай көзқарастарымен ұлттық тудағы асқақ озық жоғары идеяны шовинизинің жиіркенішті ұсақ-түйегіне айырбастай отырып бірінші кезекте,ең алдымен өз ұлттық ұлы абыройына кір кілтіреді.
“Полк камандирі Бауыржан Момышов” –деп шақырған кезінде ол өз есімінің дұрыс айтпай,орыс тіліне бұрмалап тұрғанын естіп тұрса да жауап қатпай тұрып алған.Үш рет қайталап айтып ақырында есімінің дұрыс айтылуын күткен Бауыржан атамыз өз есімін жөндеп айтқан (Бауыржан Момышұлы деген) кезде ғана жауап қатқанын дәлелдеуге болады.
Бауыржан Момышұлы –әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.Ол кісінің атақ,даңқы,батырлығы А.Бектің “Волоколамск тас Жолы”атты кітабында жақсы баяндалады.Кітап еврей,ағылшын,неміс,чех,француз.т.б шетел тілдеріне аударылды.
Б.Момышұлының “Москва үшін шайқас”романы қазақ әдебиеті тарихындағы соғыс тақырыбына жазылған тұңғыш шығарма,әрі әскери мемуар.
Бұл роман 1995 жылы жазылған.
Жауынгер-жазушы өз шығармаларында патротизмге ,ерлікке,батырлыққа,ана тілінің қадір-қасиеті туралы біраз келелі ойларды қозғаған,оның бірі “Тіл туралы тебірене сұраныс” мақаласы.Үзінді келтіре кетейін;
....Мен әскери адаммын-тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты,бірақ та,айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу,салт-сана,ел намысы,ер намысы,адамгершілік арына,жауынгерлік мұра-дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан,көріп,біліп,сезіп,тұра айтпағанымды өзіме үлкен ар,кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын...
Патриотизм дегеніміз-Отанға деген сүйіспеншілік,жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну.
Ерлік басына төнген қауіп-қатерді жеңу деген сөз.Ол тек қасарысқан қажырлы күреске ғана туады.
Адам ерлік жасауды жоспарламайды.Ерлікті туғызатын сәт болады.Адам ер атанайын деп ерлік жасамайды.Асыл парызын орындап атаққа ілінеді.Рақымжан Қошқарбаевтың жұлдызы болмаса да,ол қазір жұлдызды батырлардан әлдеқайда әйгілі.
Күншілдік-өзгенің мықтылығы мен өзінің әлсіздігіңді түсінуден тұратын құбылыс.
Шындық-бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу сатқындықтың белгісі.
Өжеттілік,қайсарлы-адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік,игілікті құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан атамыз халықты ерлікке,патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: “Ерлік тәрбиеден басталады”, “Тәртіпке бас иген құл болмайды”, “Ерлік бірлікке емес,жүректе”, “Отанды опасызға орын жоқ”, “Тізе бүгіп тірі жүргеннен,тік тұрып өлген артық”, “Намысты нанға сатпа”, “Отан үшін күрес,ерге тиген үлес”, “Үлкенді ізетте,кішіні күзетте көр”,деп халық атынан ащыда әділ үкімін пайымдайды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан республикасының тұңғыш презинденті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен оған, “халық қаһарманы” деген атақ берілді. “ер есімі-ел есінде”демекші аңызға айналған батыр атамыздың асқар таудай бейнесі тарих беттеріндегі өшпес есімі мәңгі алтын әріптермен жазылып тұрады. Қазақстанда Республикалық әскери балалар мектебінде,ауылдарға,көшелерге Бауыржан Момышұлының есімі берілген.Еңсесі биік елдігіміздің ертеңі-қазіргі ұрпақ,жас жеткіншектеріміз Бауыржан атаның туа бітті асыл қасиеттерінен қанаттанып,батырлық,елжандылық сынды болмысын үйрене білсе үлкен құрмет болар еді.
Халқымыз ырымшыл халық.Хас батыры Бауыржан атадай ержүрек,табанды,батыр болсын деп көзі тірісінде талай сәбиге аты берілген.Алматы қаласында дүниеге келген миллионыншы перзентке Бауыржан есімі беріліп,батыр ата маңдайынан иіскегенін баспасөзден оқып,теледидардан көргенде бір сүйсініп қалғанбыз.
Елі сүйген,халқын құрметтеген дара тұлға есімі ұмытылмақ емес. Б.Момышұлы өз Отанының келешегі үшін,өскелең ұрпақ үшін,терең ұғымды,асыл азамат екендігін танытты.
Біз жазушы,тәлімгер,қолбасшы Бауыржан Момышұлының ұлағатты еңбектерін,салиқалы ойларын,патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар сөзі ретінде әрбір ісімізге пайдалана білеміз.Ол өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беретін темірқазықтай жарық жол көрсететін болады.
Пайданылған әдебиеттер.
1.Ж.Аупбаев. “Соғыс және бейбітшілік”
Ұлы Отан соғысының Қазақстандық тарихы (халық кеңесі) 3 ақпан 1995 жыл
2. “Қазақстан тарихы ”әдістемелік журнал №6 2010 жыл
3. Б.Момышұлы “Ұшқан ұя” повесі 1974 жыл“жазушы”баспасы
4. М.Қозыбаев, “Отан тарихы туралы аңыз бан ақиқат” (Егемен Қазақстан) 14 сәуір 2010 жыл
5 “Бауыржан мұрасы-ұрпаққа ұран” “Сыр мектебі” 1 наурыз 2012 жыл №7
6. Б. Момышұлы. Қанмен жазылған кітап аударған М.Қозыбаев-Алматы.Қазақстан 1991-400бет
Достарыңызбен бөлісу: |