Ересек топқа ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі



Дата20.12.2021
өлшемі12,69 Kb.
#104259
Байланысты:
матем.нег.18.01



Ересек топқа ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 18.01.2021ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Математика негіздері»

Тақырыбы: «Алыс - жақын. Шаршы.»

Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын ажырату және атау арқылы көру қабілетін дамыту (алыс-жақын); геометриялық фигуралардың дайын формаларын (жапсырмаларды) жапсыруға жаттықтыру, оны кезектілікті анықтауға арналған жаттығулармен толықтырып отыру. Бірігіп, ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: қорап, геометриялық пішіндер, суреттер

Сөздік жұмыс: Шаршы, алыс, жақын.

Вилингвалды компонент: Шаршы- квадрат - square, алыс-далеко- distant, жақын-близко-close.


Әрекет кезең-дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!
Ғажайып сәт:

Қорапты көрсетеді.

Қораптың ішінен геометрилық пішіндерді алып шығады.



Шеңбер жасап тұрады.


Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

- Қораптың ішінен не шықты?
- Қандай пішіндерді білесіңдер?
- Балалар қараңдаршы мынау қандай геометриялық пішін? (шаршы пішіні көрсетіледі)

- Бұл пішін шаршы деп аталады. Бүгін біз сендермен бірге осы пішінмен танысамыз. Геометриялық пішін шаршының барлық бұрыштары тең болады.Шаршының басқа пішіндерден ерекшелігі туралы айту.


"Кім зейінді" дидактикалық ойыны:

Мақсаты: Алыс- жақын ұғымдарын ажырата алуға үйрету.
Алыс - жақын ұғымын түсіндіріп кету.

- Енді ойын ойнаймыз. Мына суретке зер саламыз.

- Суретте қай шаршы алыста тұр?

- Қай шаршы жақында тұр?



Саусақ жаттығуы:

 Большой палец встал один.

 Указательный — за ним.

 Средний будит безымянный.

 Тот поднял мизинчик малый.

 Встали братцы все — «Ура!»



- Геометриялық пішіндер шықты.

- Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.

Шаршы пішіні және шаршыға ұқсас заттар көрсетіледі.

Сурет бойынша алыс - жақын ұғымдарын ажыратады.

Сөздерді қайталап, қимылмен көрсетеді.






"Сиқырлы пішіндер" дидактикалық ойыны:

Мақсаты: геометриялық пішіндерден кеңістіктегі заттарға ұқсатып, құрастыру.
Сергіту сәті:
Жаттығуды жасаймыз!

Бір дегенде-тік тұрамыз,

Екі дегенде- екі рет айналамыз.

Үш дегенде -үш рет секіреміз,

Төрт дегенде- отырамыз.


Вилингвалды компонент: Шаршы- квадрат - square, алыс-далеко- distant, жақын-близко-close


Пішіндерден әр түрлі заттар құрастырады.

- Жасыл шаршы алыста тұр.

- Қызыл шаршы жақында тұр.

Сөздерді қайталап айтып, жаттайды.


Рефлексивті– түзетушілік

Қорытынды:

- Бүгінгі сабақта қандай ұғымдармен таныстық?



Жүректен- жүрекке шеңбері:

Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз !

- Алыс-жақын, шаршы ұғымдарымен таныстық.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: суреттегі, айналадағы заттардың орналасқан орнын (алыс-жақын)

бір - бірінен ажыратуды және атап көрсетуді;

Игереді: кеңістікте заттардын орналастыруын: алыс-жақын;

Меңгереді: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын; заттарды орналыстыру.

Тәрбиеші: Айдарханова А.Ж

Тексерді: ____________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет