ЕРІТІНДІЛЕР. ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ ЕРІГІШТІГІ
Ерітінділер дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын, олардың әрекеттесу өнімдерінен құралған бір текті жүйе.
Ерітінді – еріген заттан және еріткіштен тұрады. Еріткіш деп жеке күйінде де, ерітіндіде де бірдей агрегаттық күйде болатын және еріген затқа қарағанда көп мөлшерде болатын ерітіндінің құрам бөлігін айтады.
Заттар еріткіште ерігенде жылу құбылыстары байқалады. Зат ерігенде не жылу бөлінеді, не жылу сіңіріледі. Бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды заттық еру жылуы деп атайды.
Еру дегеніміз – физикалық және химиялық процесс. Еру кезінде еритін зат пен еріткіштің молекулалары бір – біріне диффузияланып қоймай, өзара әрекеттесіп молекулалық қосылыстар түзеді. Сусыз ерітінділерде бұл қосылыстарды сольваттар, ал судағы ерітінділерді – гидраттар дейді.
Құрамында суы бар кристалдарды кристаллогидраттар деп атайды, құрамындағы суды кристалды деп атайды.
Еру кезінде байқалатын жалпы жылу эффектісі қатты зат ерігенде болатын әр түрлі процестердің жылу эффектілерінің алгебралық қосындысына тең.
Сусыз тұз бен кристаллогидраттың еру жылуын біле отырып, гидраттану жылуын (энергиясын) анықтауға болады. Мысалы, ВаСl2 еру жылуы 8,80 кДж/моль. Кристаллогидраттың ВаСl2*2H2O еру жылуын 20,53 кДж/моль. Сусыз тұздың кристаллогидратқа өткендегі гидраттану жылуын анықта.
Шығарылуы:
ВаСl2 – ның еруін бірінен кейін бірі жүретін екі процесс ретінде қарастырамыз.
Қатты зат ВаСl2 бөлшектерінің екі молекула сумен әрекеттесіп, гидратациялануы нәтижесінде жылу бөлінеді.
Түзілген кристалдардың жеке бөлшектерге ыдырау процесі, жылу сіңіре жүреді.
Сондықтан жылу эффектісі:
Q = Q1 + Q2 тең болады, осыдан
Q1 = Q – Q2 = 8,80 – (-20,53) = 29,33 кДж/моль
Q1 – гидраттану жылуы
Q2 – кристаллогидраттың еру жылуы
Ерітінділер қаныққан, аса қанық, қанықпаған ерітінділер деп бөлінеді.
Қанық ерітінді дегеніміз – белгілі бір температурада зат ары қарай ери алмайтын ерітінді.
Концентрациясы қанық ерітіндінің концентрациясынан аз ерітіндіні қанықпаған ерітінді дейді.
Белгілі бір температурада заттың біраз мөлшері әлі де ери алатын ерітіндіні қанықпаған ерітінді дейді.
Белгілі бір температурада заттың еру мүмкіндігі болмайтын, концентрациясы қанық ерітіндінің концентрациясынан жоғары ерітіндіні аса қанық ерітінді деп атайды. Еріген заты көп ерітіндіні концентрлі деп, ал еріген заты аз ерітіндіні сұйытылған деп атайды. Заттардың ерігіштігіне қысым және температура әсер етеді. Көптеген қатты және сұйық заттардың ерігіштігі температураның өсуіне байланысты артады. Температураның ерігіштікке әсері зат еріген кездегі жылу мөлшеріне байланысты. Егер қатты зат еріген кезде жылу бөлінетін болса, онда бұл заттың ерігіштігі температура жоғарылаған сайын кемиді, ал егер зат ерігенде жылу сіңірілетін болса, температураның жоғарылауына байланысты заттың ерігіштігі артады. Заттардың ерігіштігі сан жағынан 100г еріткіштегі еріген заттың мөлшерімен өлшенеді. Еріген заттың бұл мөлшері оның ерігіштік
Сурет 46 Тұздардың суда ерігіштік қисығы
коэффициенті немесе ерігіштігі деп аталады. Қатты заттардың ерігіштігінің температурадағы тәуелділігін ерігіштік қисығынан көруге болады, ерігіштік қисығын пайдаланып кез – келген температурада заттың ерігіштігін анықтауға болады (абсцисса осінде температура, ордината осінде заттың ерігіштігі). Мысалы, КСl тұзы үшін.
Газдардың ерігіштігі температураның өсуіне байланысты төмендейді. Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның артуына байланысты өседі. Сұйықтың белгілі көлеміндегі еріген газдың салмақ мөлшері қысымға тура пропорционал болады. Бұл Генри заңына аз еріткіш және иондарға ыдырамайтын газдар бағынады. Газдардың ерігіштігі қалыпты атмосфералық қысымдағы 00С температурада, көлем бірлігіндегі газдың абсорбциялану коэффициентімен анықталады. Бір литр ерітіндіде еріген газдың парциалды қысымы 1,013*105Па-ға тең.
Достарыңызбен бөлісу: |