Сабақ тақырыбы: Молекyла мөлшері. Молекула массасы. Мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі45,81 Kb.
#24996
түріСабақ
Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі _____________ Сынып 10А

Сабақ тақырыбы: Молекyла мөлшері. Молекула массасы.

Мақсаты:



а) білімділік: Молекула мөлшері, молекула қозғалысы, зат мөлшері, зат массасы ұғымдарын қалыптастыру. МКТ негізгі қағидалары тұжырымдаушы туралы білім беру.

ә) дамытушылық: оқушыларға МКТ негізгі қағидалары туралы түсініктерін толықтырып, дамыту.

б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiккежәне табиғатты қорғауға тәрбиелеу:

Құралдар мен жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, интерактивті физика бағдарламасы, Ломоносов портреттері, Менделеев кестесі, микроскоп.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, демонстрация

Пән аралық байланыс: математика, табиғат тану, биология, химия



Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:



Жаңа тақырыптың теориялық материалдарын беру.

Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының mocмассасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:

1 а.м.б.=1,66·10-27кг. (1.1)

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:



(1.2)

Зат мөлшерi деп берiлген жүйенiң бөлшектерiнiң, құрылымдық элементерiнiң, санына пропорционал ν шаманы айтады. Оны моль арқылы жазу қабылданған. Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi бiр моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NA арқылы белгiленедi:



NA ≈ 6·1023 моль-1. (1.3)

Сәйкесiнше, кез келген заттың 1 молiнде атомдар саны мен молекулалар саны бiрдей болады. Егер денедегi зат мөлшерi ν мольден тұрса, онда денедегi молекулалар N саны мынаған тең:



N = ν ·NA. (1.4)

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:



М = m0· NA кг/моль. (1.5)

Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар:



М = 10-3 ·Мr кг/моль. (1.6)

Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең:



m = m0· N кг. (1.7)

(1.5) және (1.7) формулаларын пайдаланып (1.4) өрнегiнен мынаны алу қиын емес:



ν = m / М және N = ν·NA = NAA ·m / M . (1.8)

Бөлшектердiң массасымен өлшемдерiн қосымша тәжiрибелiк деректердi пайдалана отырып есептеуге болады. Жеке жағдайда, молекулалардың сызықты өлшемдерiн бағалауға болады.

Молекуланың өлшемiн былайша анықтауға болады. Бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең: , мұнда ρ=m/V – заттың тығыздығы. Молекуланың формасы радиусы r шар тәрiздес болсын. Сондықтан . Осыдан:

(1.9)

Мысалы, су молекуласының радиусы мына шамаға тең:



.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін есеп шығару үлгілері:

Жаңа сабақты қорытындылау.



Есеп 1.

100 г суда сутегiнiң қанша атомы бар?



Шешуi.

Судың молярлық массасы M≈18·103 болғандықтан, зат мөлшерi . Молекулалар саны .



Есеп 2.

Егер оттегiнiң молярлық массасы болса, онда оның молекуласының массасын есептеңiздер.



Шешуi.

Заттың бiр молiнде NA молекулалар бар болғандықтан, молекуланың m0 массасы мына формуламен анықталады: .



Есеп 3.

Сутегi молекуласының массасы 3,3·10-27кг. Сутегiн идеал газ деп есептеп, оның концентрациясы 1025м-3 және молекулалық жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы 700м/с болғанда, қабырғаға түсiретiн қысымын табу керек.



Шешуi.

Идеал газ қысымымен, концентрациясы, молекулалық массасы және орташа квадраттық жылдамдық арасындағы байланыс молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуiмен өрнектеледi:



.

Үй жұмысы: өткен тақырыпты қайталау: есептер жинағынан 450-455 есептер


Сабақты бағалау

Үй жұмысы: өткен §24 мазмұндау, 13-жаттығу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет