Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері.
Жоспары:
1. Кіріспе
1.1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту
2. Негізгі бөлім
2.1 Арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кіріспе
Балалардың сөздік қорын байыту және олардың еркін сөйлеуіне үйрету, айналадағы заттармен тығыз байланысты. Олар айналадағы заттарды көріп, ұстау арқылы жүзеге асады. Сөз баланың жадында сол сөздің нені білдіретінін, зат немесе іс - әрекет жөніндегі түсінік беретінін және қандай ұғым беретінін түсіндіреді.
Баланың еркін сөйлеуге үйрету кезінде мынадай міндеттерді ұстанған жөн: Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;
Өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
Суретпен немесе түрлі көрнекілік құралдармен сабақты түсіндіру;
Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;
Оқушыларды еркін сөйлетуге үйрету кезінде оларға әр-түрлі тапсырмалар беру керек. Яғни, мақал - мәтел, жұмбақтар, суретпен жұмыс арқылы тіл дамыту, мәтін арқылы тіл дамыту, және т.б. Осы айтылған тапсырмалар арқылы біз оқушылардың еркін сөйлеп, ойын еркін жеткізуге үлкен септігімізді тигіземіз.
Сонымен қатар, мұғалімдер де оқушыларды үйрету барысында әр-түрлі әдістерді қолданған жөн. Өйткені, әдістерді қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, еркін сөйлеуіне көмектесе алады. Мысалы, сабақ барысында ауызша суреттеп сөйлеу әдісін, мәтінді оқу әдісін, ойдан әңгіме, өлең шығару әдісін, әр - түрлі суреттер немесе жағдаяттар берілген суреттер арқылы әңгіме құрастыру әдістерін қолдануға болады.
Оқушыларды еркін сөйлету кезінде мәтін арқылы қалай тілін дамытуға болады. Яғни, оқушыларға мәтінді түсініп, іштей оқыту. Мәтіндегі түсінбеген сөздеріне жазбаша жұмыс жүргізу. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып үйрету. Мәтіндегі кейіпкерлерге есім беріп, сипаттап, әңгімелеу.
Ал ауызша суреттеп сөйлеу әдісі арқылы, табиғат көріністерін, суреттер көргендерін, көрмеден, түрлі мәдени ортадан көрген жанды - жансыз заттарды көз алдына елестетіп баяндау арқылы дағдыланады. Суреттеу арқылы еркін сөйлеу, оқушылардың жауапкершілік қабілеттері арттырады және сөздік қорын байытады.
1.1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді: бала заттарды қарап шұқып, ұстап және сипап көреді, оларды шертіп, қандай дыбыс шығатынын тыңдап, дәмімен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат оның санасына барлық бас сезім органдары көру, есту, иіс сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша»-«жексұрын» сияқты тіптен қарама –қарсы сезімдерді ғана емес, сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң оны атайтын сөз баланың жадында ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдердің бәрін қоздырады.
Мысалы, бала шырша деген сөзді естігенде, бірден оның бастан өткізген түйсіктері мен сезімдері жандана түседі: ол қиялында нақты шыршаны, оның жасыл қылқандары мен пирамида пішінді орналасқан бұтақтарын көреді, ол шыршаның шайыр иісін нақты түйсінгендей болады, шыршаның қылқандарын осылайша «көруден» бала ол қолына «кіріп кетпеу үшін» өзінің саусақтарын еріксіз тартып алады; сәбидің бар сезімі шаттыққа, өзінің өмірінде алғаш рет безендірілген Жаңа жылдық шыршаны немесе жазғы ормандағы шыршаны көруден алан қуанышын еске түсіру сәтіне бөленеді. Сөзді осылайша қабылдау поэтикалық қабылдау деп аталады.
Сөздің «сезімдік негізін» меңгерген соң бала оның жалпылауыш маңызын түсінуге қабілетті болады. Міне, сондықтан да балалардың сөздік қорын байыту оларды айналадағы заттармен, тұрмыспен, табиғат пен, адамдардың еңбегімен, олардың қоғамдық өмірімен таныстыру процесінде ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен бірге мұғалім баламен жүйелі, грамматикалық қалыптасқан, қисынды сөздермен сөйлесуге тиіс. Демек, ересек адамардың айтуынан естіген жекелеген сөздерді баланың өзі болып алады.
2.1 Арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері.
Фонетикалық жаттығулар сияқты лексикалық жаттығулар да тұтасымен осы тақырыпқа арналған арнаулы сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттыулар байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі. Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20 минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады; жазушының лексикасын түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.
Арнайы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері – практикалық әдістер.
Лексикалық жаттығуларды жүргізуде дидактикалық ойын да тәсілі, атап айтқанда, «дидактикалық» қуыршақтармен ойын жиі пайдаланылады. Сондай-ақ «Ғажайып дорба» деген атпен белгілі дидактикалық ойын да пайдаланылады. Бірақ әрине, қуыршақтар мен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің поэтикалық мағынасын бойына сіңіре алмайды. Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру керек және нақты затты, іс-әрекетпен белгіні көрсету арқылы сөздің лексикалық мағынасын түсіндірген жөн.
Төменде түрлі жастағы балалардың тілін байыту жәрдемдесетін жаттығулардың кейбір түрлеріне сипаттама берілген. Мұнда балалардың осы жұмыс тәсілдеріне шамасы келетін жасы (мысалы, баланың сөйлеу қабілеті тежелген жағдайда) міндетті түрде жалғастырылуы тиіс ( енді жаттығуды баланың жеке өзі атқаруы тиіс). Мұғалім балаларға әр түрлі заттардың (үй жиһаздарының, жан-жануарлардың, құстардың, өсімдіктер мен жәндік-тердің аттарын т. б.) суртін көрсету арқылы «сөз» деген ұғып түсіндіріле бастайды. Мұндай сабақтарда үй жиһаздарының аттары да (сандық, жүк аяқ, кереует, кілем, тұскиіз т.б.) адам аттары да (арыстан, қасқыр, түлкі т.б.), адам аттары да (Марат, Ербол, Динара т.б.) аралас айтылып, таныстырыла береді. Нәтижеде мұғалімдерге қойылатын негізгі методикалық талаптардыц бірі - жүйелілік принципі бұзылады. Осының салдарынан оқу жұмысына әлі төселе қоймаған жалпы ой-өрісі мен түсіну деңгейі қалыптаспаған балалар ұсьнылған материалды қабылдай алмайды.
Аталған олқылықты болдырмау үшін балалардың сөздік қорын дамытуға арналған сабақтарды жүйелілік принцип негізінде жүргізілетін логикалық жаттығулармен жетілдіру керек болады. Басқаша айтқанда, сөз ұғымын үйрету кез келген заттарды не олардың суреттерін араластыра ретсіз көрсету аркылы емес, ондай таным көзі заттарды белгілі топқа, класқа бөліп, сөздерді топтарымен таныту арқылы, яғни жүйелілік принципімен үйретілетін болса ғана тиімді нәтиже бермек.
Жалпы сөйлеу дегеніміздің өзі адамның ойың білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым-қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады. Мысалы әңгімелесу, баяндама жасау, артистердің сахнада сөйлесуі, оқушының класта сұраққа жауап беруі, ғылыми еңбек, телеграмма, хат т.б. жағдайларға қарай сөйлеу түрлі-түрлі формаларда көрініп отырады. (жолдасымен сөйлескеннің өзінде де түрлі формада іске асады: сырласу, ақылдасу, көрген-білгендерін айту, кеңес беру ренішін білдіру т.б.). Ендеше тіл дамытуға басшылық жасауда мұғалімдер сөйлеу түрлерін, оның әрқайсысына тән ерекшеліктерді жақсы білуге тиіс,
Балалар өз пікірлерін әуелі ойша жобалайды, сөйлемді ойша құрастырып алады, кейде тіпті өзіне-өзі сыбырлап айтады. Осыдан кейін ғана сыртқы сөйлеуге айналдырады. Ішкі сөйлеу әсіресе жазбаша мазмұндама, шығарма жазу жұмыстарына дайындық кезінде күшейеді: балалар не жөнінде жазу, қандай сөздер қолдану, сөйлемді қалай құрастыру керектігін ойланады. Қейде тіпті текстің бөліктерін де ойша құрастырып алады. Мұндай ойша дайындық балалардың сөйлеу әрекеттері мен шеберліктерін жетілдіре түседі.
Әдетте мұғалім мен баланың арасындағы әңгімелесуді диалог дегенімізбен, мұнда сөйлемдер толық болады. Мектепте кейбір балалар ұялшақ болады да, мұғалімнің сұрағына кейде жауап қайтармайды. Мұндай балалармен мектепке келген алғашқы күннен бастап дұрыс жұмыс ұйымдастыру керек. Егер мұғалім осы бастап әрбір баланы батыл қатты дауыспен, анық, ашық сөйлетуді үнемі қадағалап, қолға алса, онан әрі сөйлеу әдеттері тиісті дәрежеде қалыптаса бастайды. Әсіресе сөздердің анық айтылуына, жаңылтпаштарды көбірек айтқызуға, түрлі тақпақтар оқыту жұмыстарына қатты назар аударылуы керек.
Тіл дамытуды ой дамытумен біртұтас нәрсе деп қарау дұрыс болмас еді. Ойлау сөйлеуден әлдеқайда кең, өйткені ол тек тілге ғана сүйенбейді. Ойлау жұмысы байқау, бақылау барысында басқа да әрекеттер үстінде күрделене отырып, сөйлеуді байытады, күрделендіреді. Ойлау жұмысы сөйлеуді көтермелейді. Екіші жағынан, тілдің дамуының өзі ойдың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Баланың меңгерген жаңа сөздері шындықтағы мәнді білдіреді. Мұның өзі ойлау мен сөйлеудің байланысын қамтамасыз етеді. Мысалы, бастауыш класс оқушыларына балтатұмсық, тоқылдақ сияқты құс аттары үйретілді делік. Олар бұл кұстарды өмірі көрген жоқ, сондықтан да құстардың ешбір белгілерін білмейді. Дегенмен балалар табиғат туралы, орман немесе құстар жөніндегі әңгімелерінде оларды атайды, жазады, тіпті ешбір қате жібермейді, ұмытпастай етіп, жақсылап жаттап та алады. Бірақ осы сөздер олардың санасына мазмұнсыз қонған, яғни бұл сөздер туралы балаларда қалыптасқан ұғым жоқ, сондықтан ол сөздер дәні жоқ қауыз сияқты, мазмұнсыз, құр қабық дәрежесінде ғана меңгерілген; бұл жерде тіл бар, ой жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |