Ермекбаева Гулжан Ныятбековна кмқК «Алтын сақа»



Дата10.12.2019
өлшемі19,79 Kb.
#53310
Байланысты:
ата анаға кеңес

«Ата- ананың отбасында логопедиялық тапсырмаларды орындаудағы логопедтік ұсыныстар»

 30.08.2017 oquzaman  0 Comments

Ермекбаева Гулжан Ныятбековна
КМҚК «Алтын сақа» балабақшасының №16 «Айгөлек» тобының логопеді

Балалық шақ- тілдің, рухани және психологиялық тұлғаның

қалыптасуында өте қажетті кезең. Бала туғаннан бастап, баланы көптеген дыбыстар қоршайды. Олар: адамдардың сөйлесуі, дыбыстар, аңдар, құстар, музыка, ағаштардың сыбдыры.

Олардың ішіндегі ең қажеттісі баланың үлкендермен қарым

қатынасқа түсетін, ақпарат алмасу сияқты нақты іс-әрекеттерге шақыратын сөйлеудегі дыбыстар болып табылады.

Біз айтқан сөздерді балалар бертін келе тыңдап айтуға тырысады.Тіл кемістіктерін түзетуде ата-аналардың белсенді қатысуы өте маңызды.

Өкінішке орай ата-аналар баласының тіліндегі ақауларға қажетті деңгейде назар аудармай «уақыт өте кетеді» деп ойлады.

Осыған орай, бала қоғамында бір-біріне мазақ ету, өзінің маңындағылардан сөгіс ету сияқты одан тұйықтық сияқты бала дамуына кері әсер етуші факторлар дамиды.

Бұл маңызды мәселені шешуде ең қажеттісі ол- ата-ананың бала тілінің дамуына жоғары деңгейде назар аудара отыра, педагогтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаулары өте қажет.Баланың тілінің мезгілімен дамуына ата-ана көп көңіл бөлу қажет.

Ата-ананың  үй жағдайындағы логопедиялық сабақтары балаға ұғынықты және әсерлі өтуі үшін кейбір ережелерді сақтауына тура келеді. Балаларға арналған үй жағдайындағы логопедтік сабақтар бұл- ойын түрінде баламен әрқашанда  қарым-қатынаста болу.

Сондықтан да, балалармен  үй жағдайында логопедиялық сабақтарды, ойындарды өткізуге көңіл бөлудің маңыздылығы аса зор.         Логопед пен ата-ананың бірлесе күш сала жұмыс істеуі өте қажет.

Баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы баланың ұсақ қол моторикасы белгілі бір дәлдікке келуіне байланысты болады. Баланың миындағы сөйлеу орталығы мен ұсақ моторика орталығы жақын орналасуына байланысты, баланың тілдік қабілеті дамыту барысында ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстары да қатар жүреді. Бала сүйікті ертегісін немесе өлеңін бірнеше қайтара оқып беруін өтінсе, ол үшін уақыт тауып, баланың өтінішін қанағаттандыру керек.Себебі ол шығарма кейіпкерін жан-дүниесін шынайы сезініп,бітім-болмысын көз алдына елестетіп, онымен бірге қуанып,бірге қайғырады.Адами сезімдер, жақсылық пен жамандық туралы түсініктерді ол бойына сол кейіпкерлер көмегімен сіңіреді,

Оқығанды талдау және әңгімелесу-баланың есте сақтауын, қиялын, әлемді адамгершілік және эмоцияналдық тұрғыда тұтастай қабылдауын қалыптастырады.Үлкендерге баланың дамуы мен тәрбиесіндегі оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуындағы жетістіктерді көруге мүмкіндік береді.Сәбимен қарым-қатынаста, мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана және педагог арасындағы серіктестік пен байланыста «жалғастырушы көпір» болады.

Бұл бірлескен әрекет тек баланың тілін және тілдік дағдыларын, белсенді сөздік қорларын дамытып қана қоймай, ең бастысы жаңа білімге қызығушылығын,сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Баламен саусақ ойындары, артикуляциялық  гимнастика, есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар, дыбысқа еліктеу, логоритмика сияқты ойындарды  ойнау арқылы баланы қызықтыра алу. Баламен сабақ жүргізу барысында ең қиыны баланы қызықтыру болып табылады. Сонымен қатар бұл басты мақсат болып табылады. Өйткені  кішкентай еркетайды тыныш сабақпен айналысуға отырғызу оңайлықпен болмайды. Бірақ та баланы міндетті түрде отырғызудың да қажеті жоқ. Бала қайда ойнап отырса, сол жерде жүргізе беруге болады. Сабақ ойын түрінде өткізілуі тиіс. Сонда ата-анағада  жеңіл болады және бала да материалды қиындықсыз меңгереді.

Үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер:

Сабақ балаға ұнауы тиіс. Баланы мәжбүрлеп күш түсірген жөн емес. Баланың барлық нәрсеге деген қызығушылығы жоғалады. Аз-аздан бірнеше рет жасаған жөн. Солай балада дағды қалыптасады. Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған.

Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек. Тіл жаттығуларын дұрыс, нақты жасаған жөн. Жаттығуды күніне 2 рет  5-7 минуттан  жасаған жөн. Оның нәтижесі анық, дұрыс сөйлеу болып табылады. Бала дыбыстарды дұрыс шығару үшін сонымен қатар дыбыстық дамуына, дұрыс тыныс алуға және тілдік дыбысталуға арналған бірнеше жаттығуды орындау керек болады.

Дыбыстық еліктеу мен дыбыс пен логоритмиканы дамыту ойындары. Тілдік немесе фонематикалық  дыбыс, Ол дыбысты дұрыс естіп, танып, дұрыс айыра білу. Мыс: Үй жануарларының дауысын салып, соны тану.

Тілдік еліктеу немесе дыбысқа еліктеу- айтылған сөйлем, сөз, дыбысты дұрыс айта білу.

Логоритмика- қимыл-қозғалыстың , сөйлеу мен музыканың қосылуы. Үлкен адам тақпақты оқып іс-әрекетпен көрсетеді бала қайталайды. Балаға бұл өте көңілді әрі қызық.

Үй жағдайында баламен бірге ойнатылатын ойындарға тоқталсақ:

·        Лентаны орау.

·        Бауды байлау.

·        Түйме қадау.

·        Ұсақ дәндер мен сүйектерден сан алуан заттардың сұлбасын жасау.

·        Қысқыштармен ойын.

·        Қақпақтарды бұрап ашу және жабу.

·        Қапқа салынған заттарды сипап-сезу арқылы табу.

·        Қарындашты не қаламды алақанда әрлі-берлі қозғалту.

·        Трафареттерді бастыру.

Осы ойындардың барлығы дерлік ұсақ қол моторикасын жатықтыру мен жетілдіруге, қол координациясын дамытуға арналған.

Дұрыс дем алу мен дем шығаруға арналған ойындар:

·        Ауадағы футбол. Алақанға мақтаны салып, үрлеу. Үстел үстіне жұмсақ допты немесе жұмсақ кез-келген ойыншықты қойып үрлеу.

·        Ән салатын бөтелке. Таза бөтелкені алып, одан тамшы тамған кездебөтелкені үрлеу. Ұрлеу мен тамшы қатар келген кезде дыбыс шығады. Бұл балаларға өте қатты ұнайды.

·        Майшам. Кішкене түрлі-түсті майшамдар сатып алыңыз.Майшамды жағып, балаға көк түсті шамды, сосын сары түсті шамды үрлеуін өтініңіз. Баланың майшамды баяу үрлеуін қадағалаңыз.



·        Тәтті жаттығу.(чупа-чупспен) Кәмпитті ерінге 5-10 сек уақытта қысып тұру. Осы кейіпте кәмпит таяқшасын жоғары-төмен қозғалту.

Сабақтарды аптасына 2-3 реттен орындаған жөн. Бүкіл сабақтар ойын түрінде өтуі керек және ойын ережесі бойынша жүргізілуі тиіс. Сабақтың өтілу уақыты үзіліссіз 15-20 минуттан аспауы тиіс. Бастапқыда 3-4 минуттан бастаған жөн. Сабақ  күніне 2-3 рет өткізілгені тиімдірек. Ыңғайлы уақыттар ол таңғы астан соң және түскі ұйқыдан соң. Бала өзін жайсыз сезінсе оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Сабақ өткізетін жер тыныш, ыңғайлы болғаны жөн. Балаға бір затты түсіндіргенде көрнекі құрал қолданған өте тиімді. Сабақ  барысында балаға дұрыс емес деп мүлде айтпаған жөн. Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет. Балаға қарама-қарсы отырып, анық сөйлеу керек. Бала ересек адамның ерінінің  қозғалысын көріп отырғаны жөн. Балаға сабақ өткізумен қатар ертегі оқығанның да маңызы өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет