Ертеңгілік гигиеналық гимнастика



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі59,34 Kb.
#80385
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гимнастика жаттығулары


Хамитов Саги ЮҚ 19-01

Ертеңгілік гигиеналық гимнастика — таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық жүйке жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің  соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушан болады.
Дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады.
Ең бастысыжалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес.

  • Бірқалыпты жүру (бір орында тұрып жүруге де болады).


  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет