Ертенгілігі «Гүлдер-ай» ересек топ. Тәрбиеші; Әбілможін ж «Ана аппақ гүл!» атты



Дата24.04.2022
өлшемі46,84 Kb.
#140669
Байланысты:
8 наурыз



Ертенгілігі «Гүлдер-ай» ересек топ.

Тәрбиеші; Әбілможін Ж


«Ана аппақ гүл!» атты
8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.


Аяулы да, адақты мейірімді анашым мен сізді қатты жақсы көремін! Деген балалардың ыстық лебізімен бүгінгі көктемнің алғашық айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 –наурыз аяулы аналар, құлпырған қыздар мерексімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалардың сіздерге арналған «Ана аппақ гүл!» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Ана аппақ гүл емес пе?


Ана сүті бал емес пе?
Ана жаным мен сізді жақсы көрем
Өмірге әкелгенде сіз емес пе?
Аяулы аналарымызға арналған
Ән «Анашым анажаным»Хор
Жаттаулар


Айдана.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде


Аделя.
Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым


Аружан.
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым


Тамырлан.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже


Нұрасыл.
Ақ сүт берген балаңа
Күш жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған.


Аида.
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.


С. Еркежан.
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам


К.Еркежан.
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем


Аянат.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз


Құбылай.
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым


Аниш.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіңе теңедім
Мейірімің таусылмас
Күн нұрына теңедім


Нуни.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Би «вальс»
Ән: Ерлан Тамырлан «Осылай бола ма?»
Құлпырған қыздарымызға арналған осыдай кеште жігіттеріміздің дайындаған биіне кезек берсек
Би « жігіттер»
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра Келесі құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Б.К Оракбаеваға береміз.
Осымен аналар мерекесіне арналған салтанатты кешіміз аяқталд.
Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет