Ертіс өзені алабының геожүйесі



бет1/2
Дата04.10.2023
өлшемі256,66 Kb.
#183697
  1   2
Байланысты:
Ертис


Ертіс өзені алабының геожүйесі

Ертіс — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Қазақстан жерінде Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Павлодар облысы аумағында ұзындығы 720 км. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.


Бастауы: Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай аймағы) тауынан алады.
Сағасы: Обь өзені
Салалары: Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары: Оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістік бойынша ағады.
→ Есіл
→ Тобыл
→ Бұқтырма
→ Шаған
→ Үлбі
→ Шар
→ Күршім
→ Үлкен Бөкен
→ Қалжыр
→ Нарын
→ Алқабек
→ Ұлан
→ Қайыңды
Павлодар облысы аумағындағы салалары: Тармақтары, салалары, арналары – Белая, Окуневка, Зубатка, Орловка, Усолка және т.б.
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ..
Жер бедері: Павлодар облысының батыс бөлігінде 87 метр, шығысында 112 метр
Құлынды жазығы арқылы ағып өтеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25 – 30 км-ге жетеді. Ағыс жылдамдығы 0,5-1,5 м\с . Еңістігінің төмендігіне байланысты, Әр км 22 мм ден келеді.
Геология: Ертіс маңы жазығы. Негізінен борпылдақ палеогенді және антропогенді түзілімдерден құралған. Бұл түзілімдердің қалыңдығына полеогенді теңіздік және неогенді континентальдік шөгінділер жатады. Ордовик, селур, девон, карбонның кең тараған орта полезойлық және эффузді шөгінді тау жыныстары. Кассин Н.Б. айтуынша, Ертіс алқабына қарай ашылатын ағынды науаларды да толтыратын қызыл-қоңыр саздардың жасы юрадан бор дәуіріне дейінгі кезеңді қамтиды.

Климаты: Ертіс бассейнінің климаты негізінен қыстың ұзақ және жаздың салыстырмалы түрде жылы болуымен сипатталады. Өзен таулы бөлігінде негізінен еріген сумен, ал жазықта - қармен қоректенеді, бірақ сонымен бірге жер асты сулары да маңызды рөл атқарады.
Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді
Ертіс бассейнінің климаты негізінен қыстың ұзақ және жаздың салыстырмалы түрде жылы болуымен сипатталады. Өзен таулы бөлігінде негізінен еріген сумен, ал жазықта - қармен қоректенеді, бірақ сонымен бірге жер асты сулары да маңызды рөл атқарады. Шамадан тыс ылғалдылық пен өзен рельефінің ерекшелігі тұйық көлдердің таралуын және кейбір жерлерде батпақтанудың күшеюін анықтайды.
Қазақ ұсақшоқысы мен Ертіс маңы жазығында жылдық жауын-шашын мөлшері көпжылдық кезеңде орташа 250 мм-ден 300 мм-ге дейін
Топырағы: Ертісмаңы жазықтығы ауданының оңтүстік бөлігінде қанық сарғылт және сортаңды топырақпен қамтылған. Белағаш жазықтығының аздаған аудандарын кәдімгі қаратопырақ алып жатыр.
Қалба жотасында 800 метр биіктікке дейін қанық-сарғылт топырақ кездеседі. 800 метр биіктіктен жоғары Қалба жотасынан жоғарырақ бөлігінде қанық-сарғылт топырақтан кәдімгі қаратопыраққа ауысады. Қалба жотасының оңтүстік бөлігінде таулы-орманды сұр топырақ және таулы-шалғынды тасты топырақ кездеседі. Жотаның төменгі учаскесінде қанық-сарғылт батпақты және ауырсаздақты топырақпен кескінделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет