Орал қаласы тұрғынының 200 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры, оның іргесіндегі ғимараттар алып жатыр.
Табу керек: Салықты есептеу.
Жауабы: Осы жерге салық төмендегіше есептеледі:
200 шаршы метр * 0,58 тг = 116 теңге салық төленеді.
Есеп
Тұрғын үй ауылда орналасқан, онда 2000 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры мен іргесіндегі ғимараттар алып жатқан жерлерге салықты есептеу.
Жауабы: 2000 шаршы метр * 0,09 = 180 теңге мөлшерінде салық салынады.
Есеп
Ақтау қаласында 2020 жылғы 1 қаңтарға орналасқан түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорнының балансында ауданы 600 ш. м. ғимарат бар, оның бір бөлігі ауданы 150 ш. м.
Мемлекеттік кәсіпорын ғимаратты заңды тұлғаға бір жылға жалға береді.
Құқық белгілейтін құжаттар бойынша ғимарат пен іргелес аумақтың астындағы жер учаскесінің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды.
Табу керек: Жер салығын есептеу
Жауабы: 1. Жер салығының жылдық сомасы = 1000*9,65 = 9650
2. Жалға берілген мүліктің жалпы мүліктегі үлесі = 150 / 600 = 0,25.
3. Жалға берілетін алаңға келетін жер салығының сомасы = 9650 * 0,25 = 2413.
1.Жалға берілетін алаң бойынша жер салығын төлеу мемлекеттік кәсіпорынның салық міндеттемелері болып табылады.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің сомасы = 2413 / 4 = 603,25.
3. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімдері:
2020 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей - 604;
2020 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей - 603;
2020 жылғы 25 тамыздан кешіктірмей - 603;
2020 жылғы 25 қарашадан кешіктірмей - 603.
Есеп
Жеке тұлғаның 1 200 ш.м. жер учаскесі бар, оның 120 ш. м. үйдің ауданы. Учаске Алматы қаласында орналасқан.
Табу керек: Салық сомасын есептеу
Жауабы: 1) 1200 – 120 = 1 080кв.м.
2) үй салығы = 0,96 * 120 = 115,2 тг.
3) үй жанындағы учаске салығы:
1 000 * 0,2 = 200 тг.
80 * 6 = 480 тг.
4) жалпы салық = 115,2 + 200 + 480 = 795,2 тг.