Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»
Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі ________Ұ.М Альмердинова жөніндегі орынбасары
«____» ______2016 жыл ________Рахымжан А.Б
«___»______ 2016жыл
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Патент құнын, тіркелген жиынтық салықты, бірыңғай жер салығын
есептеу, декларацияны толтыру»
Пәні: «Салық және салық салу»
Тобы: ЕА-21
Оқытушы: Шильдебаева Ж.Ж
Қаралды
«Экономикалық-техникалық және
арнайы» пәндер бірлестігінде
Хаттама № «____»_____2016ж
________ Әбдімомынова М.Ш
Қызылорда 2016жыл
Сабақ жоспары №
Пәні: «Салық және салық салу»
Өтетін күні: .05.2016 жыл
Мамандығы: «Есеп және аудит»
Оқу тобы: ЕА-21
Сабақтың тақырыбы: «Патент құнын, тіркелген жиынтық салықты, бірыңғай жер
салығын есептеу, декларацияны толтыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Патент негізіндегі арнайы салық режимі. Салық режимін
қолдануды және есептеу тәртібін ұйымдастыруды түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Студенттерге бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс
жасау, ой-өрісін дамыту, білім, әскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке топтық жұмыста
шапшаңдылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді іскерлікке, белсенділікке, төлемдерді өз уақытында
төлеудегі жауапкершілікке үйрете отырып,елжандылыққа баулу,еңбек сүйгіштікке, еңбек-
ті бағалауға, әсемдік пен ұқыптылыққа баулу және тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың типі: Білім-біліктілік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың өту әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап және өздігінше жұмысты орындап топпен жұмыс
жасау, әр түрлі ойын, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы Салық кодексі. Жинақ «Арнайы салық режимі бойынша шағын бизнес субьектілері
үшін», компьютер, слайдтар, тарату карточкалары, есептер жинағы, патент, салық
декларациясы. тірек –сызба, есептеу машинкалары, компьютер, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Ұйым экономикасы, қаржы, экономикалық ақпаратты автоматты
өңдеу, басқару есебі.
Сабақтың барысы:
1.Топты ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау,
оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру. ( 2-3 мин)
Студенттерді тәжірибелік сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен таныстыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Патент құнын, тіркелген жиынтық салықты, бірыңғай жер
салығын есептеу, декларацияны толтыру»
2. Студенттерді тәжірибелік сабаққа дайындығын төмендегідей ойын сұрақтарын
қою арқылы тексеру. (10-16 мин)
Топ екі командаға бөлінеді.
1.команда-«Баланс» тобы
2.команда- «Дивидендтер» тобы
а) «Бой сергіту» ойыны. Екі командадағы 5-6 оқушыларға үйге берген тапсырма бойынша
тарату карточкалары арқылы сұрақ қойылады.
1.Жеке табыс салығының салық төлеушілері мен салық салу обьектілері.
2.Жеке табыс салығы бойынша декларация, табыс ету мерзімдері.
3.Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері мен салық ставкалары, салық
кезеңі.
4.Төлем көзінен салық салынатын табыстар, салықты есептеу, ұстау және төлеу.
5.Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация.
6.Қызметкердің табысы. Салық шегерімдері.
7.Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы.
8.Дивидендтер,сыйақылар,ұтыстар түріндегі табыс сомасын есептеу.
9.Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу.
10.Мүліктік табыс, Дара кәсіпкердің табысы. Жеке нотариустар мен адвокаттардың
табысын есептеу тәртібі.
ә) «Кім жылдам» ойыны. Берілген салық элементтерінің анықтамаларын анықтау.
1.Салық субьектісі-
2.Салықты төлеушілер-
3.Салық обьектісі-
4.Салық мөлшері-
5.Салық жеңілдіктері-
6.Салық кезеңдері-
7.Салықтың принциптері-
8.Салық ставкасы-
9.Салықты есептеу тәртібі-
10.Салық декларациясы-
3.Екі топ студенттері тәжірибелік сабақты іздену жұмыстары бойынша слайдтар
арқылы, түсіндіреді. (15-20 мин)
- Жеке кәсіпкерлер үшін патент алуға өтініш жасау ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Өтінішті жасау. «Жалпы ақпарат» бөлімінде
- «Патент алу үшін мәлімет» бөлімінде
- «Лицензия туралы мәлімет»
4. Ойланайық кім тапқыр тапсырмалары орындалады.
Екі топ суденттеріне есептер беріледі. Әр есепке 10 баллдан жинау қажет (15-20 мин)
Ситуациялық есеп №1
Өзінің шаруашылығын арнайы салық режимінің патент негізінде жүзеге асыратын және
ҚҚС-ын төлеуші болып табылмайтын ЖК өзінің 2012 жылғы табысының көлемін 3 000 000
деп көрсетті. Осыған сәйкес ай сайынғы табыс міндетті зейнетақы аударым сомасы үшін ең
төменгі айлық есептік көрсеткіш бойынша есептелді. 2012 жыл бойынша:
І тоқсан үшін: 1 000 000 мың теңге;
ІІ тоқсан үшін 800 000 мың теңге;
ІІІ тоқсан үшін 1 200 000 мың теңге;
ІV тоқсанында ЖК-дің 15 қарашада алынған бір реттік табысы – 400 000 мың теңге болды.
Табу керек:
2012 жылға төленетін міндетті зейнетақы аударымын және әлеуметтік төлемді есептеп шығару;
арнаулы салық салу режимі бойынша ЖК-дің салық салу міндеттілігін анықтау;
арнаулы салық салу режимінің патентке негізделген түрі бойынша салық есептілігінің формасын көрсету.
Шешуі:
патент сатып алғандағы салық сомасы 3 000 000 * 2 / 100 = 60 000 теңге
патент сатып алғандағы жеке табыс салығының сомасы 60 000 / 2 = 30 000 теңге
ай сайынғы төленетін әлеуметтік аударым сомасы 17 439 * 5 / 100 = 872 теңге
патент сатып алғандағы жыл сайынғы төленетін әлеуметтік аударым сомасы 872 * 12 = 10 464 мың теңге
патент сатып алғандағы әлеуметтік салық салу сомасы 60 000 / 2 – 10 464 = 19 536 мың теңге
ай сайынғы міндетті зейнетақы сомасы 17 439 * 10 / 100 = 1 744 мың теңге
жыл сайынғы міндетті зейнетақы сомасы 1 744 * 12 = 20 928 мың теңге
патент алу үшін толтырылатын отчеттың түрі: 911.00
арнаулы салық салу режимінің патентке негізделген түрінің шекті табыс сомасы 200 * 17 439 = 3 487 800 мың теңге
10) ЖК-дің бір жылдағы табыс сомасы 1 000 000 + 800 000 + 1 200 000 +
400 000 = 3 400 000мың теңге
11) табыс болжамды сомадан асып кеткендегі сома 3 400 000 – 3 000 000 =
400 000 мың теңге
12) табыс болжамды сомадан асып кеткендегі сомаға салынатын салық
мөлшері 400 000 * 2 / 100 = 8 000 мың теңге
13) болжамды табыстан асып кеткендегі жеке табыс салығының сомасы
8 000 / 2 = 4000 теңге
14) болжамды табыстан асып кеткен жағдайдағы әлеуметтік төлем = 0
15) болжамды табыстан асып кеткен жағдайдағы әлеуметтік салық
сомасы 8 000 / 2 – 0 = 4 000 мың теңге
16) болжамды есеп табыстан асып кеткен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қосымша есеп
айырысу құжаттарын тапсыру қажет, яғни 21-қараша айына дейін.
Ситуациялық есеп №2
Қосылған құн салығын төлеуші болып саналмайтын және патент негіздегі арнаулы салық
режимінде қызметін іске асыратын жеке кәсіпкер, 2012жылғы 3 200 000теңгекөлеміндегі
жылдық кірісін жариялады және міндетті зейнетақы жарнасы үшін айлық кірістің
жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде есептен шығуы.
2012 жылғы нақты кіріс: 1квартал үшін 1 050 000 теңге, 2квартал үшін 950 000теңге,
3квартал үшін 1 200 000теңге құрды. 4кварталда 2012жылдың 15 қараша(жұма) күні кәсіпкер
200 000теңге көлеміндегі кіріс өз балансында болды.
Табу керек:
1. 2012жылға тиесілі міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударым сомасын
анықтау керек.
2. Жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимі бойынша салық міндеттемелерін анықтаңыз.
3. Патент негіздегі арнаулы салық режимінің салықтық есеп беру формасын көрсетіңіз
Шешуі:
1. Патентті сатып алғандағы салық сомасы: 3 200 000*2/100=64 000
2. Патентті сатып алғандағы төлемнің жеке салық сомасы:64 00/2=32 000
3. Бір айлық әлеуметтік аударым сомасы: 17 439*5/100=872
4. Патентті сатып алғандағы бір жылдық әлеуметтік аударым сомасы: 872*12=10 464
5. Патентті сатып алғандағы әлеуметтік салық төлем сомасы:
64 000/2-10 464=21 536
6. Бір айлық міндеттеі зейнетақы жарнасы сомасы: 17 439*10/100= 1 744
7.Патентті сатып алғандағы міндетті зейнетақы жарнасы үшін төлем сомасы:1 744*12=20 928
8. Алынған патент үшін есептесу формасы: 911,00
9. Патент негіздегі арнаулы салықрежимі нақты кіріс сомасы: 200*17 439=3 487 800
10. Бір жылдық жеке кәсіпкердің кіріс сомасы: 1050000+950000+ 1200000+200000= 3400 000
11. Жоғарлатылған кіріс сомасы: 3400 000-3 200 000=200 000
12.Жоғарлатылған салық сомасы: 200 000*2/100=4000
13. Жоғарлатылған жеке кірістелген салық сомасы: 4000/2=2000
14. Жоғарлатылған әлеуметтік аударым сомасы: 0
15. Жоғарлатылған әлеуметтік салық сомасы: 4000/2-0=2000
16.Жоғарлатылған салық көлемі және патентті есептесуі 5жұмыскердің күнімен көрсетілуі
керек, яғни 2012жылдың 21 қарашасынан кейін болмауы керек .
Ситуациялық есеп №3
5. Екі топ студенттері бір-біріне өздері дайындаған сөз жұмбақтарын қояды.
(5-10 мин)
6. Ойынның қорытындысы (1-2 мин)
Осымен ойынымызды аяқтап, ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтаймыз.
7. Тақырыпты бекіту. (4-5 мин)
Ситуациялық есептер бойынша
8. Студенттерді бағалау. (1-2 мин)
Екі топ стеденттері өздерінің жауаптарын бағалайды
9.Үйге тапсырма беру. (1-2 мин)
Қ.Р Салық кодексі 434-441 беттер.
Оқу тәжірибе бойынша есептер жинағы
Пән оқытушысы: Шильдебаева Жадыра Жумадиловна
Достарыңызбен бөлісу: |