Бородулиха ауданының 2008 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Кіріс бойынша ауданның нақтыланған бюджеті 2008 жылдың 1 қазанда 1316018,0 мың теңге құрады, 1322818,4 мың теңге түсті, 100,5 пайыз орындауға. Оның ішінде жеке меншік кіріс жоспар бойынша 302291,0 мың теңге түскені 309091,4 мың теңге немесе жоспардан 102,2 пайыз, 1013727,0 мың теңге сомасында ресми трансферттер түсті, жоспар бойынша 1013727,0 мың теңге, 100,0 пайызға орындалды.
Шығын бойынша аудан бюджеті 98,5 пайыз орындалды, төлем бойынша нақтыланған жоспармен 1328777,1 мың теңге, орындалғаны 1308293,6 мың теңге.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша 116902,6 мың теңгеге орындалды, жоспар бойынша 119608,0 мың теңге немесе 97,7 пайиз.
Ауданда мемлекеттік қызметшілердің 94 бірлік санымен 19 селолық округі бар, әкім аппаратында – 19 бірлік, мәслихатта – 7 бірлік, қаржы бөлімінде –8 бірлік, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 7 бірлік.
«Қорғаныс» бойынша шығын 87,6 пайыз орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 2760 мың теңге орындалғаны 2416,5 мың теңге.
«Білім беру» бойынша шығындар 728276,0 мың теңге сомасын құрады жоспар бойынша 733223,0 мың теңге, 99,3 пайызды құрайды.
Ауданда 115 оқушысы бар, Жезкент поселкиін музыка қызмет қөрсетү мектебі (домбыра, баян, халық аспаптары сыныбы бойынша, фортепьяно сыныбы бойынша).
Бородулиха ауылында мектепке дейінгі қызмет көрсетеді, бала саны 95. Онда 5 топ оның ішінде 2 мемлекеттік тілді оқыту тобы, қызметкерлер саны 28,25 штат білігін құрайды.
Ауданда 36 мектеп бар, барлығы селолық.
Бастауыш – 4
Толық емес – орта – 6
Орта – 26
Аудандағы 36 мектептің 29 шағын кешенді болып табылады, ол жалпы
мектеп санының 80,5 пайыз құрайды, онда 5774 оқушы оқиды.
Тоғыз айдың білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті сабақ жүйесін енгізуге республикалық бюджет есебінен мектептердің қызметін қамтамасыз етуге 7492 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, электрондық үкімет шегінде адами капиталдың дамуына 3064 мың теңге сомасында бюджеттік қаражаттар бөлінді.
Білім беру мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 25875 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Н.Островский атындағы орта мектепке және Новопокровка орта мектепке оқушыларды алып келу үшін автобустар сатып алынған. Келесі мектептерге мультимедийный кабинеттер сатып алынды – Песчанка орта мектебіне, Переменовка орта мектебіне, Коростели орта мектебіне. Бородулиха ауылындағы Қазақ орта мектебіне және Зубаір орта мектебіне – химия кабинеті, Новопокровка орта мектебіне – физика кабинеті. Бородулиха ауылындағы бала бақшаға нураі- жабдықтар сатып алынды 3240 мың теңгеге.
Мектептерге күрделі жөндеуге 12000 мың теңге бағытталды және Бородулиха ауылындағы бала бақшаға күрделі жөндеуге 32349 мың теңге жұмсалды
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» шығындар 90,8 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 88626 мың теңге орындалғаны 80472,1 мың теңге.
Жұмыстылық және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінде 12 бірліктегі мемлекеттік қызметшілер бар. 2008 жылдың тоғыз бар айында қоғамдық жұмысқа 325 адам, оқуға 29 адам жіберілді. 29 – білім алушыларға медициналық куәландыру, тамақтану, тұру, жол ақысы шығынының орны толтырылды.
Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет 908 мамандарына отын сатып алуға 1000 теңге көлемінде көмек көрсетілген.
1016 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 796 алушыларға тұрғын үй көмегі көрсетілген.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем көрсетілген:
күнкөрісі төмен отбасынан шыққан жалпы білім беретін мектептердің
түлектеріне, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ШҚО бойынша ЖОО оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек – 15 студентке – жатақханада тұруы және стинепдия төленді.
311 алушыларға - жекеленген санаттағы азаматтарға коммуналдық
қызмет шығындарын өтеуге материалдық көмек көрсетілді.
- 11 алушыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік төлем бөлінді.
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты 156 алушыларға төлем жасалды.
931 алушыларға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленді.
36 алушыларға үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек – баларға материалдық көмек көрсетілген..
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бойынша шығындар 98,9 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 249386 мың теңге орындалғаны 246554,3 мың теңге.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша шығындар 99,1 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 35439 мың теңге орындалғаны 35126,9 мың теңге.
Ауданда Мәдениет үй және 5 ауылдық клуб қызмет етеді, оның ішінде Переменовка, Буркотов, Коростели, Михайличенково, Ивановка ауылдарында. Жұмысшылардың жалпы саны – 19 штаттық бірлік, олардың 5 штаттық бірлік ауылдық клубтар бойынша бөлінген.
Ауданда 19 кітапхана жұмыс істейді жұмысшылардың жалпы саны 21 – штаттық бірлікті қурайды. Оның ішінде 14,0 бірлігі кітапханашылар, олардың 9,5 бірлігі ауылдық кітапханашылар.
Ауданда мемлекеттік тілді оқыту орталығы КМҚК ашылды, 1700 мың теңге сомасында мультимедиялық кабинет сатып алынды.
Өнеркәсіп,_сәулет,_қала_құрылысы_және_құрылыс_қызметі»'>«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» 2008 жылдың тамыз айынан бастап сәулет және қала қүрлысы бөлімі қызмететеді.
«Көлік және коммуникация» бойынша шығындар 100 пайыз орындалған, нақтыланған жоспар бойынша 78798,4 мың теңге, орындалғаны 78792,2 мың теңге, оның ішінде жергілікті маңызы бар елді мекендерде көшелердің және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 74491,9 мың теңге.
«Басқалар» шығындар 83,8 пайыз орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 4391 мың теңге орындалғаны 3680,1 мың теңге.
«Ресми трансферттер» бойынша 452.006.000 «Қолданылмаған (толық қолданылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша жоспарымен 29,7 мың теңге, орындалғаны 29,7 мың теңге, орындалу 100 пайыз.
Өнеркәсіп
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 6970,6 млн. теңге, ал 2007 жылы 4863,1 млн. теңгені құраған, 2007 жылы өнеркәсіп өнімінің табиғи көлемінің индексі 124,8 % құрады. Ауданның өнеркәсібі «Қазақмыс Коорпорациясы» «Жезкент кен байыту комбинаты» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорынының бөлімшесімен ұсынылған. 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнімнің негізгі түрлері: кен өндіру- 885,40 мың тонна, ал 2007 жылы 904,00 мың тонна өндірілген, кен өнімін өңдеу- 1149,52 мың тонна, өткен жылы 911,00 мың тонна, мыс концентратындағы мысты өндіру – 51242,68 тонна, 2007 жылы 42155,00 тонна, мырыш концентратындағы мырышты өндіру -37027,82, ал 2007 жылы өндірілгені 29164,00 тонна.
Сонымен қатар, аудан өнеркәсібі өңдеуші шағын цехтар, азық-түлік тағамдарын өндіретін шағын цехтармен, оның ішінде 5 диірмен, 10 май шығаратын цех, 2 шұжық цехі, 2 сүт цехі, 1 ірімшік цехі, 2 мал сою цехі, 2 жармалағыш, 1 кондитерлік цехтермен ұсынылған.
Ауыл шаруашылығы
Малшаруашылығы
2008 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында 37933 бас ірі қара мал тіркелген, оның ішінде сиыр 15800 бас, шошқа – 11547 бас, қой мен ешкі – 30409 бас, жылқы – 3743 бас, құс – 86370 бас.
2008 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауданның барлық шаруашылық санаттарында малды және құсты тірі салмақта сойып өткізу 48661 тоннаны құрады, 303248 тонна – сүт сауылған, 5752,0 мың дана– жұмыртқа алынған.
Шағын бизнес
Ауданда шағын бизнесінде қызмет көрсететін: 529 дүкен және дүңгіршек, 11 ЖҚС, 3 ТҚКС, 11 дәріхана, 19 шаштараз, 2 стамотологиялық кабинет, 40 асхана және дәмхана, 2 бөлшек базар, 2 шеберхана цехі бар. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 185- құрады.
Еңбек нарығы
Орташа айлық номиналды еңбек ақы 44445 теңгені құрады, бұл 2007 жылы 123,0 % құраған. Нақты еңбек ақы индексі 2007 жылға пайызбен 104,5% құрады.
Халықтың жұмыс бастылығы
2008 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 189 адам тіркелген, 212 жаңа жұмыс орыны құрылған. Жұмысқа орналасқандар 302 адам, 29 адам кәсіби оқуға жіберілді, қоғамдық жұмыстарда325 адам қөатысты, 5 әулеметтік жұмыс орны құрылды, 9 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту Сумен жабдықтау
2008 жылы республикалық бюджеттің қаражатының нысаналы трансферттер есебінен сумен қамтамасыз ету объектілерінің қайта жөндеулері мен құрылысына сомасы 172585,0 мың теңге, оның ішінде Бородулиха селосында (2 кезеңді) сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге 122583,0 мың теңге бөлінген, орындалғаны 102579 мың теңге немесе 84,0 %. Жалпы жобаның құны 575000 мың теңге сомасы (жоба 4 кезеңді), 2005 жылы қайта жөндеу жұмыстары басталған, оны 2010 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Дмитриевка және Коростели селосындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге 50000,0 мың теңге бөлініп, 90 % орындалған.
Аудандық бюджет қаражат есебінен Бородулиха селосында Бородулиха селосында (2 кезеңді) сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуге ЖСҚ төлеуге және Бородулиха ауылында (4 кезекте) су жүргізу және сужабдықтау жүйесін қайта жөндеуге ЖСҚ төлеуге, сондай-ақ 1 кезекте қайта Бородулиха ауылында су жүргізу және сужабдықтау жүйесін қайта жөндеуге жалпы сомасы 59991,0 мың теңге қарастырылған, 2008 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша 53269,0 мың теңге, немесе 88,8 % орындалған.
Ауыл жолдары
Атаулар
|
2008 жылға жоспар
|
2008 жылдың 1 қазанында орындалғаны
|
%
|
Жергілікті бюджеттің қаражаты барлығы
|
85418,4
|
78792,2
|
92,2
|
оның ішінде:
|
|
|
|
Жергілікті маңызды автокөлік жолдарға ағымды жөндеу, тесіктерді бітеу,басқа да іс-шаралар және күтіп ұстау
|
83918,4
|
77342,7
|
92,2
|
Кент аралық автокөлік жолдарға ағымды жөндеу, тесіктерді бітеу,басқа да іс-шаралар және күтіп ұстау
|
1500
|
1449,5
|
96,6
|
Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының желісінің ұзындығы 523 км құрайды, соның ішінде:
341 км ұсақ қара таспен;
182 км қиыршық ұсақ тас жамылғысымен.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту
Білім беру
2008 жылы білім беру мекемелерінің материалды-техникалық қорларын нығайтуға республикалық бюджеттің ағымды нысаналы трансферттері есебінен 30265,0 мың теңге қаражат бөлінген (5 мектептің физика кабинеттерін, 1 мектептің мультимедиялық кабинетін жабдықтауға, сонымен қатар интерактивтік сабаққа араналған жабдықтарға), 2008 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша орындалғаны 8831,0 мың теңге немесе 29,2 % құрады.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен білім беру мекемесінің материалды-техникалық қорын нығайтуға 34432,0 мың теңге (ауданның 3 мектебінде мультимедиялық кабинет жабдықталған, шеберхана, химия және физика кабинетін материалды-техникалы қорын сатып алуға жоспарланған, Новопокровка ОМ және Островский атындағы орта мектебіне автобустар сатып алу, Бородулиха селосында бала-бақшасын жабдықтау), орындалғаны 26994,0 мың теңге немесе 78,4 % құрайды.
Білім беру мекемелерінің күрделі жөндеулеріне 44349,0 мың теңге аудандық бюджет қаражаты есебінен қаралған, орындалғаны 100 % құрады, оның ішінде:
сомасы 3150 мың теңге Коростели орта мектебіне;
сомасы 2439 мың теңге Краснопольская орта мектебіне;
сомасы 870 мың теңге Боровлянка орта мектебіне;
сомасы 2636 мың теңге Песчанка орта мектебіне;
сомасы 2905 мың теңге Переменовка орта мектебіне;
сомасы 32346 мың теңге Бородулиха селосындағы бала-бақшасына.
Білім беру мекемелерінің ағымды жөндеулеріне аудандық бюджеттің есебінен 20068,0 мың теңге соммада қаражат қарастырылған, орындалғаны 12951,0 мың теңге немесе 645 %.
Мәдениет
2008 жылы аудандық бюджет қаражат есебінен «Мәдениет үйі» КМКК материалдық-техникалық қорын нығайтуға 841,0 мың теңге және «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік мекемесіне 1700,0 мың теңге бөлініп, 0 % орындалған.
Аудан бюджетінде 2008 жылы мәдениет мекемелерінің жұмыс атқаруына 28370 мың теңге қарастырылаған.
Спорт
2008 жылы аудандық бюджет есебінен спорт іс-шараларына 1900,0 мың теңге сомасында қаражат қарстырылып, 2008 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша 1720,0 мың теңге игерілген, орындалу 90,5 % құрады. Бородулиха селосында спорт іс-шаралары (шаңғы жарысы, Денсаулық күніне спорт жарыстары, Наурыз мейрамына қазақша күрес, мемлекеттік қызметкерлер арасында аудандық жарыстар, жастар және спорт ардагерлері арасында аудандық спартакиада, мемлекеттік мерекелерге және халықтық сайрандарға арналған спорттық көпшілік іс-шаралары жүргізілді.
Тұрғын-үй
2008 жылға аудандық бюджет қаржаты есебінен жеке санаттағы азматтарға тұрғын-үй сатып алуға 5350,0 мың теңге қаралған, 4995,0 мың теңге, немесе 93,4 % орындалған.
Тұрғын үй бағдарламасын орындау бойынша 2008 жылы аудан орталығында тұрғын үй құрылысы көзделіп отыр, оған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен 25932,0 мың теңге және республикалық бюджеттің қаржататтары есебінен 6000,0 мың теңге инженрелік-коммуникациялық инфро құрылымын жабдықтауға және дамытуға бөлу жоспарланған, оның 20410,9 мың теңгесі игерілген, бұл 78,7 % құрайды.
Жалпы алаңы 376 шаршы метр тұрғын үй ғимараттары қолданысқа енгізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде қарағанда екі есе көп.
Экология
Бюджет қаражат есебінен 5919 мың теңге аумақтарды санитарлық тазарту және көрікктендіруге 2008 жылы көлемі 4224,0 мың теңге қаражат бөлінген, 2008 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 3951,2 мың теңге немесе 93,1 % орындалған. Бородулиха селдосындағы полигон аумағында ай сайын культивация жасалады, ауданның елді мекендеріндегі апатты жалпы қоқыс тастайтын жерлерде қайта культивациялау жүргізіледі.
Негізгі капиталға инвестициялар
2008 жылдың 9 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар – 3077768 мың теңгені құраған, соның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен – 214754 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 45662 мың теңге, өз қаражаттары есебінен – 2812275 мың теңге.
Демографиялық жағдайы
2008 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша ауданның тұрғындарының саны 40849 адам, соның ішінде селолықтар – 40849 адам, ауданның тұрғындарының саны 2006 жылдың сәйкес кезеңінде 41820 адам болған. Жаңа туған балалардың саны – 271 адам, қайтыс болғандардың саны – 287 адам. Некеге тіркелгендер саны 99, ажырасқандар саны 49. Халықтың көші-қонының өсуі 208 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында-319 адамды құрады ( келгендері 171, кеткендері -490 адам).
Тұрғындардың сырқаттанулары
2008 жылдың 9 ай ішінде жоғары тыныс алу жолдарының асқынған ауру түрлерімен 2137 оқиға тіркелген, 10 тұмау жағдайы, 16 - жұқпалы асқынған ішек ауруы, 9 - қышыма.
Қылмыстылық
Тіркелген қылмыстардың саны 160, оның ішінде ауыр және өте ауыры – 21.
2008 жылғы 1 қазанда еңбек нарығында бақыланған жұмыссыздар саны, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 18 %-ға төмендеп, 189 адамды құрады. 2008 жылғы 1 қазанға дейін 212 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл жылдық тапсырманың 126%-ын құрайды.
Жыл басынан бастап 302 адам жұмысқа орналастырылды, жалпы жұмысқа орналастыру деңгейі өтінішпен келген барлық азаматтар санының 74%-ын құрайды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 325 жұмыссыз қатыстырылды, кейіннен өзін-өзі жұмыспен қамту кепілдігімен, «тамақ өнеркәсібінің маманы» мамандығы бойынша - 4 жұмыссыз, «газоэлектросваркілеуші» мамандығы бойынша - 17 жұмыссыз, «шаштараз» мамандығы бойынша - 2 жұмыссыз, кәсіпорынның өтінімі бойынша «ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша – 6 жұмыссыз кәсіби оқуға жіберілді.
Жастар тәжірибесіне 9 адам жіберілді, жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін 4 адам жұмысқа орналастырылды: үшеуі «заңгер», біреуі бухгалтер-экономист.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 8 адам жұмысқа орналастырылды.
Жыл басынан бастап жергілікті бюджет қаражатынан - 9864,9 мың теңге сомасында, республикалық бюджеттен – 3497 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы - жергілікті бюджет қаражатынан 6278,2 мың теңге сомасында, республикалық бюджеттен – 1348 мың теңге; 796 отбасына 8087,8 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі, жергілікті басқарушы органдардың шешімімен жеке санаттағы азаматтарға 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Балаларды қорғау күніне 91,0 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы 908 мамандарға 908,0 мың теңге, ҰОС-ның 63-жылдығы қарсаңында 856 азаматқа 759,5 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
Халықаралық қарт адамдар күні қарсаңында 318 азаматқа 212 мың теңге сомасында көмек көрсетілді.
Облыстық бюджет қаражатынан үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 36 мүгедек балаларға 2426,0 мың теңге сомасында материалдық қамсыздандыру төленді, балаларды қорғау күні қарсаңында бірге тұратын 4 немесе одан да көп балалары бар аналарға 1310 мың теңге сомасында, «Алтын алқа», «Күміс алқа алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, кейіннен I және II дәрежедегі «Аналық даңқ» орденімен мараптталған көп балалы аналарға 1560 мың теңге сомасында бір жолғы материалдық көмек көрсетілді, кейбір жеке санаттағы азаматтарға (ҰОСЕА-не, ООСМ-не және оларға теңестірілген тұлғаларға) коммуналдық қызмет шығыстары өтемақысына 10168,4 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға облыстағы жоғары оқу орындарындағы стипендиясын және оқуын төлеу үшін жыл басынан бастап 1921 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
Мүгедектерді оңалту мақсатында «Уба» және «Мойылды» санаторилеріне 36 жолдама, 9 кресло-коляскілер, 10 телефакстер (соның ішінде 3 мүгедек балаларға) бөлінді, мүгедек адамдардың 31-міндетті гигиеналық құралдармен, 21-протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
ҚХР-нан көшіп келген 6 оралман отбасылары 4563 мың теңге сомасында мемлекеттік төлемақы алды. Жыл басынан бастап ҚХР-нан Дмитриевка селосына жалпы адамдар саны 63, 15 отбасы, Бородулиха селосына жалпы адамдар саны 10, 3 отбасы көшіп келді, қазіргі уақытта оларға оралмандардың мәртебесін анықтау және көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және жайластыру бойынша атқарушы органдар тараптарынан көмек көрсетілуде.
1941 жылғы 21 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғалардың өтілін растау үшін 34 іс қаралған 15 отырыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 9 айында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы алуға 3177 іс макеттері ресімделді. 1770 адамға арнаулы СИ шоттарын жабуға тізімдер берілді. 40 азаматқа - БЖАӨ-ны алғандығын, алмағандығын растау үшін, 13 азаматқа –ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендердің жеңілдік алу құқығын растайтын (куәлік орынына) анықтамалар берілді.
2008 жылдың 28 тамызында Бородулиха селосында Бородулиха ауданының білім беру бөлімінің педагогикалық қызметкерлерінің жиналысы өткізілді.
Педагогика қызметкерлерінің жиналысынына :
Т.Б. Қасымов- Бородулиха ауданының әкімі
Б.К. Аргумбаев- аудандық мәслихаттың хатшысы
Б.К. Шерубаев- ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы
И.Я. Лейс- ШҚО білім беру басқармасының бас маманы
Н.А. Галиева-аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрайымы
Селолық округ әкімдері, ауданның білім беру мекемелерінің басшылары және ұстаздар, педагог ардагерлер, жас ұстаздар қатысты. Барлығы жиналысқа 328 адам қатысты.
Бородулиха ауданының білім беру жүйесінің жұмысының қорытындыларымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" Қазақстан халқына жолдауы аясында "Балаларды оқытудың және тәрбиелеудің концептуалды тәсілі" тақырыбында білім беру бөлімінің бастығы баяндама жасады.
Новопокровка ОМ басшысы- С.М. Стецов "Орта білім ұйымдарын басқарудағы инновациялық тәсілдер" тақырыбында, Байтанат ОМ мұғалімі Р.М. Жунусов "Ауылдық аз жинақталаған мектептердегі жаңа білім беруді күтіп ұстау жағдайының басқару ерекшеліктері", Краснопольская ОМ директорының орынбасары Т.Н Михова "Білім беруді күтіп ұстаудың жаңа жағдайында мектептің оқу-тәрбие үдерісін педогогикалық жобалау" тақырыбында, білім беру бөлімінің жетекші маманы А.С. Бохаев "Ауылдық мектептерде балалардың дарындылығын дамыту және анықтау" тақырыбында баядамалар оқыды.
Бородулиха ауданының 2007/2008 оқу жылындағы педагогикалық қызметкерлер жұмысының қорытындыларымен аудан әкімі Талап Байғалиұлы Қасымов сөз сөйледі. Аудан әкімімен ұстаздар алдында жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қойылды.
Оқу жылының қорытындылары бойынша 49 ұстаз алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Конференция жұмысының соңында ұстаздық еңбектің ардагерлеріне құрмет көрсетілді және жас мамандарды ұстаздыққа қабылдау жүргізілді.
2008 жылдың 2 қазанында аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер Күніне арналған мерекелік жиналыс өткізілді. Әдемі безендірілген зал ауданның ең жақсы ұстаздар қоғамын, қонақтарды жинады. Бородулиха ауданының әкімі Т.Қасымов, білім беру бөлімінің бастығы В.Бастриков, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрайымы Н. Галиева, бөлім бастықтары ұстаздарға деген жылы лебіздерін білдерді. Аудан мектептерінің 29 ұстазына Білім беру бөлімінің 2008 жылдың 29 қыркүйектегі № 92 бұйрығының негізінде алғыс хаттар жеке істеріне енгізілді. Өсіп келе жатқан ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеу ісінде үш мұғалім аудан әкімінің грамотасымен, және 25 мұғалім "Физика пәнінің ең үздік мұғалімі", "Химия пәнінің ең үздік мұғалімі"," Қазақ тілі пәнінің ең үздік мұғалімі" және басқа да номинациялар бойынша бөлім бастығының грамоталарымен марапатталды.
Мұғалімдерге Жезкент балалар музыка мектебі, Абай атындағы ОМ, Бородулиха қазақ орта мектебінің оқушылары мен ұстаздар ұжымы арнап, мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарламаны Семей қаласының домбралық оркестірі аяқтады. Құттықтаулар, әдемі әуен, фейерверк, көтеріңкі көңіл күй- әрбір салтанатқа қатысушының көңіліне жағымды әсер қалдырды. Әдістемелік кабинеттер, мектептің әкімшілігіне, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін 2008 жылдың 10 қыркүйегінен 4 қазаны аралығында методикалық күндер өткізді.
Ауданда барлық білім беру және мәдениет мекемелерінде ҚР Президентінің Жолдауы насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түсіндірмелік жұмыстарын белсендету мүддесінде мемлекеттік мерекелер мен айтулы даталар әлеуеті пайдаланылады. Барлық мерекелік іс –шараларда көрнекі үгіттеу түрінде және де жастарда азаматтық бастамашылығын дамытуға және отаншылдыққа тәрбиелеуге мемлекеттік рәміздер, Президент Жолдауынан дәйексөзді ұрандар пайдалынады.
6 шілдеде Астананың 10-жылдығына арналған жаппай іс –шаралар өтті. Онда: астананың 10-жылдық мерей тойына арналған тулармен, таспалармен, эмблемалармен әсемденген ауылшаруашылық ярмаркасы, әйелдермен автокөліктерде автожүгіріс, «Играй гормонь» конкурсы төтті.
11 шілдеде Бородулиха ауылында Бородулиха ауданының «2008 жастар форумы» өтті.
Жастарды қобылжытатын мәселелері, «Жастар –Қазақстан болашағы» тақырыптағы «дөңгелек үстелдерде» қарастырылды.
2008 жылдың 31 шілдесінде ішкі саясат бөлімімен Новошульба ауылының Балалар үйінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттауға бағытталған іс –шаралар өткізілді.
Оқушылар алдында кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша инспектор дәріс оқыды.осыдан кейін, салаутты өмір салтын нығайтатын спорттық іс –шаралар, ойындар өткізілді.
«Жасыл Ел» мемлекетті көгалдандыру Президент Бағдарламасын іске асыру мақсатында, Бородулиха ауданында жазғы мерзімде (маусым -тамыз), демалысқа үйлеріне келген студенттер, жұмыссыз жастар, 10-11 сынып оқушылар санынан тұратын «Жасыл Ел» студенттік- құрылыстық және жастар еңбек жасақтары құрылды.
Осы жылы 5 студенттік-құрылыстық еңбек жасақтары жұмыс істеді. Жасақ құрамын 36 адам құрады. Әр жасақшының айлықақысы 12 250 тенге және 3 000 тенгедей қосымша төлемнен тұрды.
Негізгі міндеті: тұрғылықты мекенді көгалдандыру және олардың маңайында жасыл аймақ құруы болып табылады.
Жезкент кенттік округінде балалар кенттің маңайындағы орманды отырғызуларды қоқыстардан тазалады.
Жасақшылар саябақтарды ретке келтірді. Балалар, істе жоқ обьектілер маңайындағы өсіп кеткен шөптерді қиып, орталық көшелерді қоқыстардан тазартты. Бородулиха ауылында «құлама су» жергілікті атты орман алапы қайта құрылды. «Жасыл Ел» жасақшылары әр тұрғындар үйлеріне барып, Бағдарлама туралы әңгімелеп, тұрғындырға осындай жинауды әр қайсысы өз үйінің маңайында жасауы керек екенін айтты.
«Таза бейсенбі», «Менің ауылым», «Менің атаулы ағашым» атты акциялары жүрді. «Жасыл Ел» жасақшылары іс –шаралар жоспарына сәйкес, округте өткізілген барлық жаппай спорттық іс –шараларды белсенді қатысты.
Тамыздың 15 -25 дейін аудандық және селолық Ақпаратты насихаттау топтарымен (АНТ) «Коституция –мемлекеттің ата заңы» тақырыбына әңгімелесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізді.
1 қыркүйек –Білім күні, АНТ мүшелері аудан мектептерінде болып, салтанаттарына қатысып, оқушылар мен мұғалімдермен әңгіме өткізді.
11 қыркүйекте ішкі саясат бөлімінің (ІСБ) қатысуымен, әр ұлтты адамдардың бейбітшілігі мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Орта Азия -2008 Достық жүгірісі» отты эстафета өтті.
12 қыркүйекте ІСБ қатысуымен, Шәкәрәм Құдайбердиевке -150 жылдығына арналған мереке даярланып, өткізілді.
Қазақстандық отансүйгіштігінің негізгі жағдайы, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша жұмыстар болып табылады. Ауданның барлық мектептерінде «Біздің мемлекетіміздің рәміздері» стенді рәсімделген, онда Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік ту және екі тілдегі әнұран бейнеленген.
Ауданның ұйымдары мен мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік рәміздерді жақсы білуіне конкурстар өткізілуде. Және де Президенттін халыққа деген Жолдауының негізгі ереже –шарттарын түсіндіретін дәрістер мен әңгімелер жүргізілуде.
Аудан мектептерімен, кітапханаларымен, кәмелеттік жасқа толмағандар бойынша инспекциясымен бірлесе, жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыс пен нашақорлыққа қарсы күрестің алдын алу бойынша іс –шаралара жоспары даярланған.\
Нашақорлыққа қарсы күрестің алдын алу бойынша барлық жұмыстар «Біз өмірді тандаймыз!» ұранында өткізіледі.
13 тамызда кәсіптік құрылыс күніне орай, аудандық кітапханада әңгіме дүкен ұйымдастырылып, ЖШС “Сауле“ компаниясының құрылысшыларымен әңгіме дүкен өткізілді. Құрылысшылар Астанадағы бүгінгі таңдағы құрылыстардың ерекше дамып келе жатқаны жөнінде қызықты әңгімелеп берді.
15 тамызда “Қазақ даласының жарық жұлдызы ” (Абай туралы) атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Абайдың өмірі жөнінде әңгімелеп берді, көрмеге оның барлық еңбектері қойылған.
15 тамыз күні селолық әкімдер мен аудан басшыларымен облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы М. Ә. Мұқаметжановтың қатысуымен “Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясы” атты семинар- кеңес өткізілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы М. Асавбаева “Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы құжат айналымының 1 жартыжылдықтағы қортындысы жөнінде” баяндама жасады. Одан кейін сөз алған, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы М. Мұхаметжанов жиналғандарды “Мемлекеттік тілдерді дамыту мен қолданудың бағдарламасына” сәйкес, құжат айналымын мемлекеттік тілге түгелдей көшіруді қамтамасыз етудің орындалуын атап өтті . Ауданда 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында « Тіл- достықтың кепілі» атты айлық өткізілді. Барлық ауылдық округтерде Қазақстанның Конституция мерекесіне орай және тілдер айлығына байланысты дәстүрлі сайыстар, кештер, фестивальдар сынып сағаттары жоспар жоспар бойынша іске асырылды.
Аудан кітапханаларында “Қазақстан –біздің ортақ үйіміз”, “Менің Қазақстаным” “Қазақстан-2030” тақырыбына кітап көрмелері мен мерекелік шаралар жасалынған. Аудандағы “ Қазақстан тілдері күні мерекесінің қарсаңында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып “ Тіл – достықтың кепілі” атты фестиваль өз мәресіне жетті. Селолық округтерден қатынасқан өкілдері-қазақ, орыс, еврей, неміс , татар, корей халықтары мен және басқа да халықтардың салт- дәстүрін, салт- санасын дәріптеді. Барлық кітапханаларда “Тәуелсіздік. Келісім. Тұрақтылық” атты кітап көрмелері кеңінен ұйымдастырылған. 30 тамызда сағ.3.00.де аудандық Мәдениет үйінде Атазаңымыздың құрметіне салтанатты жиын өткізіліп, мерекелік концертке ұласты. Кіреберістегі фойе залында “Конституция- негізгі заңымыз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Барлық 19 селодағы кітапханаларда Шәкәрім Құдайбердиевтің 150 жылдық мерейтойына орай, оның шығармаларынан кітап көрмелері ұйымдастырылған.
“Жас отан“ жастар қоғамы партиясымен бірігіп “Тілдердің ұштұғырлығы “ тақырыбында “Полиглот“ сайысы өткізілді. Оған қазақ тілі , ағылшын, орыс тілі пәнінің 12 мұғалімі қатынасты. “Тілдерді оқыту орталығы” мемлекеттік мекемесінде “Мемлекеттік тілде жаңа технологиялық инновацияларды қолданудың тиімді әдістері“ атты семинар - кеңес өткізілді. Оған тіл мамандары қатынасып өзара тәжірбие алмасты. 3 қыркүйекте Қамышенка ауылында Жеңіс солдаты” ескерткіші ашылды. 10 қыркүйекте “ мемлекеттік тілді оқыту “ орталығының мұғалімі Қ Садықова облыстық жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі О Бөкей сайысына қатысып, Тілдерді дамыту басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.
21-27 шілде аралығында ардагерлер арасында спорттың 9 түрінен: волейболдан, шағын-футболдан, шахматтан, шашкадан, жеңіл атлетикадан, бильярдтан, гир спортынан, армрестлингтан, үстел теннисінен аудандық спартакиада өткізілді, жарысқа 160 адамнан астам қатысты. Ең жақсы спортшы ардагерлерге 16-17 тамыз аралығында, Өскемен қаласында өтетін облыстық спартакиадаға қатысуы қамтамассыз етілді. Осы спартакиадада Ульянов Влад Яковлевич гир спорты мен армрестлингтен жеңімпаз атанды, Оразаев А.К. шахматтан екінші орын алды және басқа да спортшылар.
30 тамызда Конститутция күніне ауданда спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізілді және Семей қаласындағы «Цементник» стадионында Бородулиха ауданы командасы мен Семей қаласының «Шығыс – Астық» командасы арасында футбол матчы өткізілді. Матч Бородулиха ауданы командасының пайдасына 1:0 есебінде аяқталды. Кездесу соңында командалар ескерткіш сыйлықтармен алмасты.
20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының барлық жерлеріндегідей «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» деген бағдарламада «Денсаулық фестивалі» өтті, оған 3100 адам қатысты және 5000-нан астам адамның қатысуымен «Би марафоны» болды. Іс-шараның жеңімпаздары білім бөлімі, спорт бөлімі және аудандық аурухананың мақтау қағазымен және сыйлықтарымен марапатталды. Бұл нағыз марафон болды, ондағы қатысушылардың жасы 4 жастан - 63 жасқа дейін болды. И.Кащенконы еске алу құрметіне арналған дәстүрлі футбол да ұмытылмайды.
Тамыз айының соңында Зенковка ауылында Б. Шалгумбаевты үлкен спорттан шығарып салу өткізілді. С.И.Стрепенчуктың 60 жасқа толуына Бородулиха ауылында волейболдан аудандық турнир өткізілді, оған Өскемен қаласы, Шемонайха ауданы, Глубоки ауданы және Бородулиха ауданы барлығы 40 адам келіп қатысты.
Барлық спорттық-көпшілік іс-шаралар аудандық «Пульс района» газетінде кең жарық көріп келеді.
2008 жылы өнім түсімінен мемлекеттік астық сатып алу және облыстың тұрақтандыру қорына астық тапсыруды ұйымдастыру бойынша кезекті отырыс өткізілді. Осы сұрақ бойынша селолық округтердің әкімдерінің есептері тыңдалды. 2008 жылдың 15 қазанда элеваторларға 4365 тонна астық жеткізілген, оның 1100 тоннасы мемлекеттік қорға, 2609 тоннасы облыстың тұрақтандыру қорына. Жалпы элеваторларға жеткізілген астық көлемі ауданға тапсырылған көлемнен 53,5 пайызды құрады.
Апта сайын демалыс күні жәрмеңкесі өткізіледі. Елді мекендердің тұрғындары және шаруа қожалықтары ауыл шаруашылыық және басқа өнімдерді бекітілген бағамен жеткізеді, мысалы еттің 1 килограмының бағасы 400-450 теңге.
2008 жылдың 15 қыркүйегінде аудандық жер комиссия отырысы болды, онда жеке тұлғалардың жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру бойынша 24 өтініші, меншік құқығын өзгертү бойынша 7 өтініш қаралды. Нәтижесінде жер телімінің меншік құқығына 31 мемлекеттік акт берілді. Сонымен қатар, шаруа-фермер қожалықтарының басшыларынан, қосымша жер телімдерін беру немесе бұрын берілген жер телімдерінің жер пайдалану мерзімін ұзарту туралы келіп түскен 27 өтініштері қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |