Мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған



бет1/2
Дата08.07.2018
өлшемі0,94 Mb.
#48418
  1   2


«5В020600-Дінтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В020600-Дінтану» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

«5В020600-Дінтану»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны –133 кредит

1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Дін тарихы және философиясы

Модуль 4. Адам және қоғам өміріндегі дін

Модуль 5. Кәсiби бағытталған тiлдер және дін психологиясы

Модуль 6. Тарихи дінтану

Модуль 7. Мәдениет тарихындағы дін

Модуль 8. Діннің әлеуметтік аспектілері

Модуль 9. Қазіргі діншілдік

Модуль 10. Дінтанушылық герменевтикасы

Модуль 11. Классикалық дінтану

Модуль 12. Діни дәстүр және қазіргі заман

Модуль 13. Құжаттану және құқық

Модуль 14. Тәжірибе

Модуль 15. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте

1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В020600-Дінтану» бойынша «Гуманитарлық білімдер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілік пен қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 09.06.2011 жылғы өзгертулері мен толықтыруларына сәйкес анықталады. Дінтану мамандығы бой­ынша қызметтер тізбесі: оқытушы, әлеуметтік талдаушы, кеңесші, баскарушының кеңесшісі, пресс-ұйымдарының басшысы, дін жөніндегі сарапшы, әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымының спичрайтері.



1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы

«5В020600-Дінтану» мамандығының түлегі дін тарихы мен теориясы, адам болмысы мен қазіргі өркениеттің философиялық өзекті мәселелері, мемлекеттік билік жүйесінде, бұқаралық ақпарат кұралдары салаларында кызмет етуге даярланғандар.

      1. Түлектердің кәсіптік кызмет объектілері

Түлектердің кәсіптік кызмет объектілеріне жататындар:

  • орта кәсіптік оқу ұйымдары;

  • әртүрлі меншіктегі ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдар;

  • республикалық, обылыстық, мемлекеттік және муниципальді органдар;

  • бұқаралық ақпарат құралдары;

  • әртүрлі меншіктегі оқу-тәрбиелік орындары;

  • экспортты-консультативті кеңестер;

- қоғамдық ұйымдар және т.б.

1.2.3 Кәсіптік қызмет пәні

Кәсіптік қызмет пәніне жататындар:

- жеке және біріккен кызметтерді дін істері жөніндегі қоғамдық және муниципалды ұйымдармен бірге жоспарлау;

- қоғамда діннің қалыптасуына байланысты ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- ұйымға жетекшілік ету және дін саласында сыртқы ортамен қызмет етуді координациялау;


  • дін істері бойынша мәселелерді, болжамдарды, мақсаттарды және жағдайларды зерттеу және анықтау;

- дін саласындағы қызметкерлерге кеңес беру, әдістемелік білім беру жұмысын жүргізу.

1.2.4 Кәсіптік кызметтің түрлері

«5В020600-Дінтану» мамандығының түлектері кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:



  • білім беру (педагогикалық);

  • кеңес беру;

  • болжам жасау;

  • ұйымдастыру-технологиялық жұмыстар;

  • ғылыми-зерттеушілік.

1.2.5 Кәсіби қызметтің функциясы

«5В020600- Дінтану» мамандығының түлектері келесі кәсіби қызметтер функциясын жүзеге асырады:

- діннің калыптасу аймағындағы мемлекеттік, муниципальды, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастыру-басқару, сараптау қызметтерін орнатуға көмек көрсету;

- орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу, білім беру бағдарламаларын дайындау, қамтамасыз ету, ұйымдастыруға көмектесу.

1.2.6 Кәсіптік кызметтің типтік міндеттері
Кәсіптік кызметтің типтік міндеттеріне жататындар:


  • мамандық деңгейінде діннің қалыптасуына байланысты аймақтарда ұйымдастыру-басқару, білім беру, ғылыми-зерттеу қызметіндегі нәтижені жоспарлауды, жақсартуды, білім көтеруді қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік бейімделу және қалпына келтіру топтарында жастармен және балалармен тәрбие жұмыстарын арттыруға әсер ету;

  • әлеуметтік-этникалық топтарда және әртүрлі аймақтарда діни жағдайлардың өзгеруінің негізгі беталысын, қазіргі дінтану мәселелерін талдау дағдыларын тудыру;

  • дінтану пәндерін оқыту үшін қажетті дағдыларға ие болу.

2. Білім беру бағдарламасының мазмұны:

5В020600-«Дінтану» мамандығы бойынша білім берудің жалпыұлттық мақсаты – дінтану саласында толыққанды, сапалы кәсіби білім алу, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.



3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны



Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау түрі

Семестр

Кредит көлемі

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Қоғамдық-коммуникативті

ЖББ/МК

KКZТ 1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)

Мемлекеттік емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: ақпаратты алу үшін тарихи деректерді, оқу, ғылым және анықтама әдебиеттерді, мерзімді басылымдардың және жаһандық желідегі интернет материалдарын пайдалана және талдай білу, қазіргі заманғы үдерістер мен құбылыстарды зерттеуге арналған концепцияларды, теорияларды және ұстанымдарды сыни талдау, коммуникативті және кәсіби қызметте оқылған тілдік білімдерді тілдің ережелеріне сәйкес қолдану, кәсіби қызметте ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану

Білуі тиіс: ХХ-ХХІ ғғ. межесіндегі Қазақстаннның даму тенденцияларын, олардың ерекшеліктерін білу, философияның негізгі дүниетанымдық ұғымдары және танымның философиялық әдістері, оқытылатын тілдің фонологиялық, лексикалық, грамматикалық құбылыстары, MS WINDOWS операциялық жүйесі, MS WORD мәтіндік редакторы, MS EXSEL кестелік процессор, MS ACCESS дерекқоры,

Дағдылары болуы тиіс: басқа көзқарастарға толерантты қатынаста, келісімділік диалогта болу, қазіргі заманғы өзекті мәселелерді шешудің философиялық қыры, кәсіби қызметте инновациялық ойлау әдістерін қолдану, ауызша сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу, компьютерді еркін пайдалану, қазіргі бағдарламалық құралдарды пайдалануға бағытталған инновациялық технологияларды меңгеру,

Құзыретті болуы тиіс: сыртқы саяси оқиғаларды бағалауда, оның нәтижелерін болжауда дұрыс бағамадау; Қазақстанның халықтарының тарихи мұрасы мен мәдени дәстүрлерін құрметтеу, алынған теориялық білімдерді кәсіби қызметте қолдана білу, мәдениетаралық қатынас саласында тілдік құбылыстар мен шетел тілін тасымалдаушылардың мінез-құлығын ұлттық-мәдени ерекшелік есебінде білу, ақпараттық-коммуникативті технологияларда

ЖМБ/МК

Fil 2102

Философия

емтихан

3

3

5

ЖМБ/МК

ShT 1103

Шетел тілі

емтихан

1-2

6

11

ЖМБ/МК

OT 1104

Орыс тілі

емтихан

1-2

6

11

ЖМБ/МК

АКТ 1105

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

емтихан

1

3

5

Модуль бойынша барлығы
















21

37




Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

ЖББ/ТК

Ale 2106

Saya 2106

ZhS 2106


Әлеуметтану

Саясаттану

Жастар саясаты


емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: бүгінгі қоғамдағы құбылыстарды әлеуметтік тұрғыдан талдау, саясат мәселесі мен сұрақтарына қатысты құбылыстарға талдау жасай білу, инновациялық әлеуметтік жобалау технологияларын қолдана білу, экологиялық білім негіздерін қолдану, төтенше жағдайлар кезінде шешім қабылдау, экологиялық білім негіздерін қолдану, түсініктеме-категориалды аппаратты қолдану,кәсіби саладағы экономикалық заңдылықтар, қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерді талдау, экономикалық ақпараты талдау және мазмұнын адеквадты түрде қабылдау, экономикалық әдәбиеттердегі және СМИ қолданылатын, мемлекеттің экономикалық саясатын талдау, құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін ережелді ажырата білу, қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады

Білуі тиіс: әлеуметтану ғылымын, оның пайда болу тарихы және дамуы, қоғамның негізгі теорияларына қатысты білімдерді және түсініктерді игеру, саяси ілімдердің тарихын, саясаттану құрылымын, негізгі теориялар мен тұғырнамалар және саясат саласын меңгеруге қажетті эмпирикалық және теориялық құзыреттің болуы, Қазақстандағы мемлекеттік және қоғамдық жастар саясатының негізін экологияның негізгі заңдары, экожүйе ішінде биотикалық және абиотикалық компоненттердің тығыз байланысын түсіну, тыныс алу мүшелерін қорғауда және теріні қорғауда қолда бар құралдарды пайдалану, дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету, экономикалық теорияның негізгі түсінігі мен модельдері; өндірістің экономикалық заңдылықтары: сұраныс пен ұсыныс, нарықтық бағақалыптастыру, микроэкономика негіздері,

тұтыну теориясын таңдау, өндіріс шығындарының сипаты, нарықтық жүйенің типі, кәсіпкерлік формасы, өндіріс факторларына бағақалыптастыру, мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу принциптері; макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы, ақша және қаржылық-несиелік саясаты, салықтық және бюджеттік маясат, инфляция мен жұмыссыздықты реттеу еханимдері

әлемдік экономиканың даму тенденциялары, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының негізгі ұғымдары, ұстанымдары және заңдылықтары, олардың ара қатынасы, латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді

Дағдылары болуы тиіс: теориялық және эмпирикалық білімдер негізінде қазақстандық қоғамының дамуындағы әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жобалау, саяси үдерістер мен құбылыстарға эмпирикалық және теориялық талдау жасай алу, экологиялық қауіпсіздіктің ережелері мен талаптарын, сонымен қатар өмір қауіпсіздігінің қауіпсіз және залалсыз жағдайларын орындау, төтенше жағдайларда қалыпты болу, қоғамның экономикалық мәселелерін талдауға мақсатты толықтылығы; талдаудың экономикалық әдістерін тұтынушы мінез-құлығымен, өндіріспен, ресурқа меншік иелерімен және мемлекетпен; негізгі экономикалық микро- және макроэкономикалық көрсеткіштермен есептеу әдістері, ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдау, қазақ орфографиясының ережелерін меңгеріп,орфографиялық принциптерді түсініп шығады

Құзыретті болуы тиіс: алынған теориялық білімдерді кәсіби қызметте қолдана білу, жалпы және ғаламдық экология мәселелерінде және өмір қауіпсіздігінің негіздері мәселелерінде құзыретті болу, қоғам және қоғамдық пікірін оқыту әдеттерін кәсіби қызметінде қолдану, ішкі және сыртқы саясатта, халықаралық қатынастардың ерекшелігі жайлі, бүгінгі саясаттың өзекті мәселелерін игеруде, саяси білімді тәжірибеде қолдана білу, латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты алған білімдерін тәжірибе кезінде, кәсіби қызметінде қолдана алады


ЖББ/ТК

ETD 1107

TKN 1107
LG1107



Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Латын графикасы


емтихан

1

2

4

ЖББ/ТК

KN 1108

EN 1108




Құқық негіздері

Экономика негіздері




емтихан

1

2

4

Модуль бойынша барлығы
















7

13




Дін тарихы және философиясы

БП/МК

DT 2201

Діндер тарихы

емтихан

3

4

7

Білікті болуы тиіс: негізгі әлемдік діндердің пайда болуы мен дамуын дербес талдау, философия тарихындағы дін мәселесі.

Білуі тиіс: діни наным-сенімдердің қалыптасуының негізгі кезеңдері, қоғамның сипатына діннің ықпалы, негізгі философиялық ағымдардың діни дүниетанымның ерекшеліктерімен байланысы.

Дағдылары болуы тиіс: діндер тарихын концептуальды тұрғыдан түсіну, діни-философиялық талдаудың іргелі ұғымдарын меңгеру.

Құзыретті болуы тиіс: дін саласында қазіргі заманғы мәселелерді шешу үшін алынған білімдерді қолдана білу.

БП/МК

DF 3202

Дін философиясы

емтихан

5

3

5

Модуль бойынша барлығы
















7

12




Адам және қоғам өміріндегі дін

БП/МК

DA 2203

Дін әлеуметтануы

емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс: әлеуметтік кеңістіктегі дін феноменін, қазіргі қоғамдағы діни антропологияның мәселелерін дербес талдау

Білуі тиіс: дін әлеуметтануының, діни антропологияның теориялық негіздері мен әдістемелік принциптері

Дағдылары болуы тиіс: дін әлеуметтануындағы, діни антропологиядағы алдыңғы қатарлы өкілдерінің еңбектеріне талдау жасау.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

БП/МК

DA 3204

Діни антропология

емтихан

6

3

5

Модуль бойынша барлығы
















6

10




Кәсiби бағытталған тiлдер және дін психологиясы

БП/МК

DP 2205

Дін психологиясы

емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: дін психологиясының негізгі идеяларын дербес талдау, кәсіби орыс тілінің, кәсіби шетел тілінің әдістемесін дербес өңдеу.

Білуі тиіс: дін психологиясының негізгі теориялық тұжырымдары, кәсіби орыс тілін, кәсіби шетел тілін оқудың негізгі әдістемелік ережелері.

Дағдылары болуы тиіс: дін психологиясы ерікшеліктерін анықтау, кәсіби орыс тілінің, кәсіби шетел тілінің грамматикасы мен стилистикасын меңгеру.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

БП/МК

KOT 2206

Кәсіби орыс тілі

емтихан

3

2

4

БП/МК

KBShT 2207

Кәсіби-бағытталған шет тілі

емтихан

4

2

4

Модуль бойынша барлығы
















7

13




Тарихи дінтану

БП/ТК

OM 1208

Eyr 1208


Ойлау мәдениеті

Эвристика



емтихан

1

3

5

Білікті болуы тиіс: ойлау мәдениетінің негізгі ұстанымдарын дербес талдау, ертедегі ойшылдар шығармашылығының көне текстерімен жұмыс істей білуге, сол философтардың дүниетанымдық мәселені қою мен шешудегі орнын айқындауға үйрету, ежелгі дүниенің негізгі діни және философиялық ойларын талдау.

Білуі тиіс: философиялық ойлау мәдениетінің теоретикалық негіздемелері, көне түркілердің рухани мәдениеті қалыптасуының негізгі ерекшеліктері, ежелгі өркениеттердің діни және философиясының негізгі идеялық-теоретикалық және гуманитарлық бағыттары.

Дағдылары болуы тиіс: ойлау мәдениетінің және ғылымның, философияның және діннің қайта мәнін түсіну үшін философиялық ойдың эвристикалық мүмкіндіктерін ашу, алынған білімдерді тарихи-мәдени зерттеулерде пайдалану, ежелгі әлемдегі діни және философиялық ойдың ерекшеліктері туралы қажетті мәлімет алу

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

БП/ТК

Bud 1209

Sop 1209


Буддизм

Сопылық


емтихан

2


3


5


БП/ТК

EOD 1210

YDTKZ 1210



Ежелгі өркениеттердің діндері

Ұлттық діндер: тарихы және қазіргі заман




емтихан

2

3

5

Модуль бойынша барлығы
















9

15




Мәдениет тарихындағы дін

БП/ТК

KADE 4211

SD 4211



Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы

Салыстырмалы дінтану



емтихан

7

4

7

Білікті болуы тиіс: қазіргі діни қозғалыстардың терминологиясын және ұғымдар жүйесін білу, мифологиялық дүниекөзқарастың дінтанулық әрекет тұрғысынан және өнердегі діни шығармаларды эстетикалық методология тұрғысынан талдау, ұлттық және әлемдік діндердегі концептуалды сипаттамалардың көрінуінің ерекшеліктері, Философиядағы Құдай мәселесін, Библия мәтіндерін талдау мәселесін, қазіргі жағдайдағы ғылым мен діннің мәселелерін ашу.

Білуі тиіс: салыстырмалы дінтанудың пәні мен әдістері, даму кезеңдері, қазіргі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің классификациясы, мифология дамуының негізгі этаптары, оның дүниетанымның бір түрі ретіндегі ерекшелігі, ежелгі өркениеттерде рухани мәдениеттің қалыптасуының негізгі ерекшеліктері, эстетика, символ ұғымы, ғылыми білімдерді діни мәселелерді шешуде қолдану мүмкіндіктері.

Дағдылары болуы тиіс: компаративистика әдісін толығымен меңгеру, діни дүниетаным дамуындағы мифология, тәңіршіліктің рөлін түсіну, діннің дүние көзқарастық мәселелерін шешудегі эстетикалық қатынас, діни және философиялық мәтіндерді талдауда герменевтикалық әдіснаманы қолдану.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

БП/ТК

Mif 1212

Tan 1212




Мифология

Тәңіршілік




емтихан

1

3

5

БП/ТК

EDO 2213

DS 2213




Эстетика және діни өнер

Діни символизм



емтихан

3

3

5

БП/ТК

FKM 2214

BMTM 2214





Философиядағы Құдай мәселесі

Библия мәтіндерін талдау мәселесі



емтихан

4

3

5

БП/ТК

GD 2215

DDEKS 2215





Ғылым және дін

Діни және діни емес көзқарастар сұхбаты



емтихан

4

3

5

Модуль бойынша барлығы
















16

27



Діннің әлеуметтік аспектілері

БП/ТК

KD 4216

KKDZh 4216



Қазақстан діндері

Қазақстандағы қазіргі діни жағдай



емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: Қазақстандағы әртүрлі діндердің салыстырмалы талдау, діни көзқарастарды сыни тұрғыдан талдау, діннің пайда болуындағы әлеуметтік жағдайларды талдау, әлеуметтік конфликтологияның әртүрлі теориялық концепцияларын дербес талдау, қазіргі заман жағдайындағы саясат және дін, мораль және дін мәселелерін талдау, діни ментальдықты зерттеу барысында талдау әдістерін қолдану, әлемдік діндердегі әлеуметтік ілімдерді талдау, толеранттылықтың түрлерін, конфессияаралық келісімнің формаларын көрсету, Қазақстан қоғамының модернизация процесін зерттеу барысында пайда болатын мәселелердің тиімді шешімін таба білу; Қазақстан қоғамы модернизациясының өзекті мәселелерін түсіну үшін тиісті кәсіби бағыттылыққа байланысты білімін қолдана білуі; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесін талдау және зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білуі; көзқарастық сипаттағы білімнің негізінде қазіргі заманғы әлеуметтік практиканың шындықтарын ұғыну және талдай білу. инновациялық процесстердегі адами фактордың ролін зерттеудің методологиясын дербес өңдеу, әлеуметтік шындықтың алуан түрлі салаларына осы методологияны қолдану ерекшелігін дербес айқындау, адами капиталдың қалыптасу методологиясын дербес өңдеу, әлеуметтік шындықтың алуан түрлі салаларына осы методологияны қолдану ерекшелігін дербес айқындау

Білуі тиіс: Қазақстандағы діннің даму ерекшеліктері, дін туралы мемлекеттік заңдар, еркін ойлау концепциясындағы негізгі идеялар, философия дамуындағы негізгі тарихи типтері, діннің әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, әлеуметтік конфликтологияның негізгі идеялары, сұхбаттың мәнін түсіну ерекшелігі, саясат, мораль және діннің негізгі ұғымдары, олардың қатынасы. Коммерциялық кәсіпорындар және жеке бизнесті құқықтық қамтамасыз ету және оның қызметін әрі қарай құқықтық реттеу; жеке бизнесті құрудағы және жүргізудегі экономикалық негіздерін білу, жеке бизнесті құру және жүргізудегі құқықтық және экономикалық негіздері, әлеуметтік модернизация саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана модернизациясымен байланысты бағдарламалық құжаттарды, әлеуметтік модернизация процесстерін сипаттаудың жаңа заманғы эпистемологиялық модельдерін білу, инновациялық дамудың негізгі концепциялары, адами капиталдың негізгі концепциялары

Дағдылары болуы тиіс: Қазақстандағы қазіргі діни ахуалды түсіндіру үшін білімдерді пайдалану, қоғамның рухани мәдениетіндегі еркін ойлаудың ролі мен біртұтас түсінігіне ие болу, жалпы теориялық талдау принциптерінің мәдени мұраларын зерттеуге қолдану, діни институттар қызмет етуінің әлеуметтік факторларын түсіндіруде білімдерді қолдану, алынған білімді діни-саяси мәселелерді шешуде қолдану, тиімді және табысты бизнесті ұйымдастыру, операциондық және бизнес үрдістерді оңтайландыру; келісім шартқа отыру бойынша келіссөздер жүргізу, Шағын бизнес қызметінің нәтижесін бағалау, тиімді және табысты бизнесті ұйымдастыру, операциондық және бизнес үрдістерді оңтайландыру; келісім шартқа отыру бойынша келіссөздер жүргізу, әлем туралы ақпараттар қалыптасатын амалдардың категорияларын меңгеру, осы ақпараттың өзгеруі жүзеге асырылады және бізді қоршаған орта зерттеледі, ойлау мәдениетін игеру мен сапалы кәсіби білімді талап ететін әлеуметтік жобалау саласындағы дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету, алатын білімдеріне тұлғалық қатынасын көрсете білуі, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, тұжырым жасай білу, оңтайлы және объективті шешімдер қабылдай білу, айрықша белгісіне динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғарғы мобильділік, инновацияларға қабілеттілік пен сыншылдық жататын ашық, демократиялық, құқықтық қоғамды құруға белсенді түрде қатыса білу қабілеттілігі.

БП/ТК

DPBAD 2217

DAIR 2217





Діннің пайда болуындағы

әлеуметтік детерминанттар

Дін әлеуметтік институт ретінде


емтихан

4

3

5

БП/ТК

EOT 3218

ADAI 3218





Еркін ойлау тарихы

Әлемдік діндердің әлеуметтік ілімі



емтихан

5

3

5

БП/ТК

AK3219

DMZTA3219





Әлеуметтік конфликтология

Діни ментальдықты зерттеудің талдау әдістері



емтихан

5

3

5

БП/ТК

MD3220

SD3220




Мораль және дін

Саясат және дін



емтихан

6

3

5

БП/ТК

TM3221

KAKTP3221





Толеранттылық мәдениеті

Конфессия аралық келісімнің теориясы мен практикасы



емтихан

5

3

5

БП/ТК

KB3222

BEOKKE3222



Қолданбалы бизнес

Бизнестің экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету



емтихан

6

2

4

БП/ТК

KRG3223

ZhT3223


Қазақстанның рухани жаңғырылуы

Жаһандану теориясы



емтихан

5

2

4

БП/ТК

AFKID4224

AKKRN4224



Адамдық фактор және Қазақстанның инновациялық дамуы

Адам капиталы қалыптасуының рухани негіздері



емтихан

7

2

4

Модуль бойынша барлығы
















24

42




Қазіргі діншілдік

ПП/МК

KDКК 3301

Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер

емтихан

5

3

5

Білікті болуы тиіс: діни көзқарастардың генезисін және эволюциясын, дін феноменологиясының негізгі идеяларын дербес талдау.

Білуі тиіс: қазіргі заманның негізгі діни қозғалыстары мен ғибадаттары, дін феноменологиясының концепциялары.

Дағдылары болуы тиіс: қазіргі діншілдікті түсіну, дін феноменологиясының және діншілдік трансформациясының қазіргі тенденцияларының ерекшеліктерін анықтау.

Құзыретті болуы тиіс: діни сферада қазіргі заманғы мәселелерді шешу үшін алынған білімдерді қолдану.

ПП/МК

DF 3302

Дін феноменологиясы

емтихан

6

2

4

Модуль бойынша барлығы
















5

9




Дінтанушылық герменевтикасы

ПП/ТК

Log 1303

Rit1303




Логика

Риторика


емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: логиканың әр түрлі теориялық концепцияларын өзіндік талдау, шешендік шеберлікті дербес жетілдіру, семинар мен дәріс әдістемесін өңдеу; өзінің әлеуметтік қызметі мен кәсіби қызметінде білім мен дағдыларды пайдалану.

Білуі тиіс: логиканың дамуының негізгі кезеңдері, риториканың негізгі өкілдері, даму кезеңдддері, қазіргі мәдениеттегі орны, негізгі әдістемелік құжатнаманың барлық түрлерін дербес құрастыру, дінтануды оқытудың әдістемесін толық меңгеру.

Дағдылары болуы тиіс: логикалық-диалектикалық талдаудың, риториканың іргелі ұғымдарын игеру шығармашылық ойлау мен қабылдау, алынған білімді кәсіби және әлеуметтік қызметте пайдалану.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

ПП/ТК

DGNOA 4304

BF 4304




Дінтанудың ғылыми негіздері және оқыту әдістемесі

Білім философиясы



емтихан

7

3

5

Модуль бойынша барлығы
















6

10




Классикалық дінтану

ПП/ТК

IT 3305
IT 3305

Исламдық теология (дін ілімі)

Ислам тарихя



емтихан

6

4

7

Білікті болуы тиіс: қоғамдық сананың күрделі және көпқырлы түрі – діннің конфессионалды тарихи қалыптасуын түсіндіретін діни теориялардың іргелі негіздемесі бола алатын дүниетанымдық және идеологиялық ұстанымдарға саралау.

Білуі тиіс: ислам теологиясының қалыптасуы мен өмір сүруінің тарихи алғышарттары мен теориялық негіздері, ислам дінінің өмір сүруі мен пайда болуының тарихи алғышарттары, христиандық теологияның пайда болуының тарихи алғышарттары мен теориялық негіздері.

Дағдылары болуы тиіс: діни мұсылмандық философия мен ислам теологиясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің мәтіндеріне концептуальды талдау жасау, христиандық философия мен христиандық теологиясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің мәтіндерін талдау.

Құзыретті болуы тиіс: жаңа көзқарастық идеяларды қалыптастыру үшін алынған білімдерді өзекті ету.

ПП/ТК

HT 3306
HT 3306

Христиандық теология (дін ілімі)

Христиан тарихя



емтихан

6

4

7

Модуль бойынша барлығы
















8

14




Діни дәстүр және қазіргі заман

ПП/ТК

DF 4307

FI 4307




Діни философия

Эзотериялық ілім



емтихан

7

3

5

Білікті болуы тиіс: діни философияның, эзотерикалық ілімдердің пайда болуы мен дамуын дербес талдау, Абайдың, Шәкәрімнің шығармашылығын дербес талдау, діни қатынастарды реттеуде заңнамалардың орының талдау, діни экстремизмнің, өзіндік сана феномені және діндегі медитацияның ерекшеліктерін анықтау

Білуі тиіс: діни философияның, эзотерикалық ілімдердің қалыптасу кезеңдері, Абай, Шәкәрімнің дүниетанымы мен философиясының рухани арналары, дін туралы негізгі заңдар мен актілер, діни экстремизмнің табиғаты мен мәні.

Дағдылары болуы тиіс: діндер тарихын концептуальды тұрғыдан түсіну, эзотериялық ілім мәселесі бойынша дербес көзқарастық позицияны ұсыну, атақты қазақ ағартушыларының ойлау мәдениетінің ерекшелігін көрсету, құқықтың негізінде діни өзара қатынастар мәселелерін шешу, діни экстре.мизмнің алдын алу шараларын көрсету

Құзыретті болуы тиіс: діни сферада қазіргі заманғы мәселелерді шешу үшін алынған білімдерді қолдану.

ПП/ТК

AD 3308

ShE 3308




Абай дүниетанымы

Шәкәрім философиясы



емтихан

5

3

5

ПП/ТК

DTMZ 2309
ZMKN 2309

Дін туралы мемлекеттік заңдар

Зайырлы мемлекеттің құқықтық негіздері



емтихан

3

4

7

ПП/ТК

DEAA 4310

OSFDM 4310





Діни экстремизмнің алдын алу

Өзіндік сана феномені және діндегі медитация



емтихан

7

3

5

Модуль бойынша барлығы
















13

22




Іс қағаздары

ҚМ/ТК

MTIZh2301

Kyzh 2301



Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Құжаттану



емтихан

4

2

4

Білікті болуы тиіс: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, іс-қағаздарды сауатты толтыра білу, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу.

Моральдық құндылықтарды күнделікті өмірде санаға сіңдіруді жүзеге асыру; адамгершілік мәдениетті жоғарлату бойынша жұмыс жасау; рухани-адамгершілік тетіктерін жемқорлықтың алдын-алу негізінде қолдану; моральді тұрғыдағы кикілжіңдермен мүдделерді талдау таңдауы, заманауи қоғам мен мемелкеттің шындығын ескере отырып, құқытық нормалардың даму мен қызмет ету принциптері мен заңдылықтарын көрсететін бңлңм жүйесін, мемелекет пен құқық туралы негізгі ұғымдарды меңгеру.



Білуі тиіс: кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін игеру; өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу

Жемқорлықтың пайда болуы, негізін, мазмұнын, сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін құқықтық, моральдық жауапкершілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы күші бар заңнаманы білу. Адам құқығының дамуы мен нормативті-құқықтық бекітілу кезіндегі мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының тарихи заңдылықтары, ұғымдары, белгілері мен жіктелуі.



Дағдысы болуы керек: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп ала білу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу.

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру. нақты өмірлік жағдайларды ескере отырып, адам мен азаматтың құқтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз ету саласындағы мемлекет пен құқық теориясының институттарының қызмет ету саласындағы әлеуметтік нормаларды жүзеге асыру кезіндегі теориялық білімдер мен тәжірибелік қабілеттерді қалыптастыру.



Құзыретті болуы тиіс: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу.

ҚМ/ТК

SZhKMN1302
KZAK1302



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Қазіргі замандағы адам құқығы




Емтихан

2

2

4

Модуль бойынша барлығы
















4

8




Тәжірибе







Оқу




2

2

1










Өндірістік




4,6,8

6

15

Білікті болуы тиіс: кәсіби құзіреттіліктерді өзіндік дамыту, мамандық бойынша алған тәжірибені жетілдіру, ғылыми-зерттеушілік жұмыстың бағытын таңдай білу

Білуі тиіс: тәжірибелік мәселелерді шешу жолдарын табу үшін әлемдегі және ҚР-ғы діни ахуалдың қазіргі тенденцияларын білу, дипломдық жұмысты жазу үшін керек материалды білу

Дағдылары болуы тиіс: әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалардағы ұйымдардың әрекетіне бейімделу, дипломдық жұмысты жазу үшін керек ақпаратты тәжірибені өткен жерден, әдебиеттерден жинау дағдысы

Құзыретті болуы тиіс: жалпылауға, талдауға, мақсатты мен оған жету жолдарын таңдай білуге, өз кәсіби деңгейін үнемі жоғарлатуға қабілеті, университетте оқу барысында алған теоретикалық білімдерді жоғары деңгейде меңгеру







Дипломалды




8

2

4

Модуль бойынша барлығы
















10

20




Мемлекеттік аттестация







Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан




8

1

2

Білікті болуы тиіс: Арнайы әдебиеттегі материлдарды мен дәйекті ақпараттарды жалпылау негізінде «5В020600-Дінтану» мамандығы бойынша мәселелерді шығармашылық тұрғыдан қарастыру және олардың өзіндік шешу жолдарын іздестіру

Білуі тиіс: дипломдық жұмысты жазу үшін керек материалды білу

Дағдылары болуы тиіс: ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің, әлеуметтік маңызды мәселелер мен үрдістерді талдаудың дағдысы

Құзыретті болуы тиіс: діни мәселелерде бағытталу







Диплом жұмысын (жоба) жазу және қорғау немесе екі бейіндік пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру




8

2

4

Модуль бойынша барлығы
















3

6





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет