Ситуациялық есеп
5 жастағы бала анасымен, бөлімшеге 8ай бойы мазалайтын іштің ауруына, негізінен оң жақ қабырға асты аймағында және кіндік айналасындағы ауру сезімге шағымданып келді. Ауру сезімі қомақты немесе майлы тағам жегеннен кейін 20-25мин кейін пайда болатынын айтты.Бала екінші жүктіліктен , жүктіліктің бірінші жартысында токсикоз және 5-ші айда үзіліс қаупімен босанған. Уақытында босану. Туған кездегі салмағы 3200 г, ұзындығы 52 см. Ана сүтімен емізу 10 айға дейін. Жасына байланысты профилактикалық егулер жүргізілген. 3 жасында ішектік инфекциямен ауырған.Қарап тексеру кезінде; бойы-110см, салмағы-15кг,тері бозғылт. АҚ 120/85 мм мм.сб жүрек соғу жиілігі-88 соққы/мин. Жүректің шекаралары: оң жақ - төстің оң жақ жиегінде, сол жақ - сол жақ ортаңғы сызық бойымен. Жүрек үні анық,ашық. Іші кішкене ісінген, пальпация кезінде ауырсыну бар әсіресе эпигастральды аймақта және өт қабы нүктесінде. Кера, Мэрфи, Ортнер симтомдары оң.Бауыр + 1,5-2 см қабырға шетінен шығып тұр. Көкбауыр пальпацияланбайды.
Жалпы қан анализы
Эритроцит (RBC ) 4,2 х 1012/л; Гемоглобин (Hb), г/л 120 г/л Тромбоциты , /л 316 х109/л Нейтрофил т/я, 4% Нейтрофил Б/я, 57% Эозинофил (EOS) 6% Базофилы 0% Лимфоциты 34% Моноциты 6% Лейкоцит 27 х109/л ЭТЖ , мм/сағ 13мм/сағ
Жалпы зәр анализы:
Түсі Сабан сары, мөлдір, р.Н 6,6, (Тығыздығы) 1,016 (билирубин) жоқGLU (глюкоза) жоқ (эритроцит) 0-1 көру алаыңында ( лейкоцит) 1-2 к/а Жалпақ эпителий 0-1к/а , Шырыш+, Бактерия жоқ
Қанның биохимиялық анализы
Жалпы ақуыз г/л 75г/л С-әсерлі нәруыз оң Холестерин 5,3ммоль/л,Жалпы билирубин 19мкмоль/л, АсАт 28ед/л , Мочевина 5,1ммоль/л, Креатинин 96ммоль/л
Есеп тапсырмалары
1.Негізгі синдромдарды анықтаңыз.
Ауырсыну (сыздап, тұйық, басып ауру сезімі;олар суық, майлы, қуырған,ащы тағамнан 20-30 мин өткен соң басталады) .
Диспепсиялық (жүрек айнуы, ауызға ащы дәм келуі,тәбет төмендеуі, сирек құсу, кекіру,іш қату не тұрақсыз нәжіс) .
Кабынулық (Әлсіздік, тез шаршағыштықашушандық, бас ауруы, тершендік) .
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы Липидті алмасудың бұзылуы (клинико-лабароторлы көрсеткіштер)
2. Тексеру нәтижелеріне интерпретация жасау (ЖҚА, Копрограмма,Б/Х)
Қанның жалпы анализінде:Лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы. Жалпы қан анализінде гипохромды анемия. Нейтрофильді лейкоцитоз, Диспротеинемия ЭТЖ жоғарлауы, СРБ деңгейінің артуы бұлар организмде қабыну процесі бар екенін дәлелдейді.
Жалпы зәр анализы:шырыш бар. Қабыну процесі жүргендіктен зәрге лейкоциттер көптеп түсіп лейкоцитурия, яғни шыршыш сияқты болады зәр.
Қанның биохимиялық анализінде:С-әсерлә нәруыз оң ол қабыну процесінің белгісі
3.Болжам диагнозды негіздеу.
Созылмалы холецистит.
Мына шағымдарға 8ай бойы мазалайтын іштің ауруына, негізінен оң жақ қабырға асты аймағында және кіндік айналасындағы ауру сезімге ,ауру сезімі қомақты немесе майлы тағам жегеннен кейін 20-25мин кейін пайда болатыны. 3 жасында ішектік инфекциямен ауырған. Іші кішкене ісінген, пальпация кезінде ауырсыну бар әсіресе эпигастральды аймақта және өт қабы нүктесінде. Кера, Мэрфи, Ортнер симтомдары оң.Бауыр + 1,5-2 см қабырға шетінен шығып тұр. Қанның жалпы анализінде:Лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы.Жалпы зәр анализінде шырыштың пайда болуы,Қанның биохимиялық анализінде:С-әсерлә нәруыз оң ол қабыну процесінің белгісі.Осы көрсеткіштерге негізделе отырып диагноз қойылды.
4.Зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Бихимиялық қан анализі
Копрограмма
УДЗ ішкі құрылысқа
5.Емдеу жоспары.
Дәрісіз ем
Стол №5 тағайындайды.
Дәрі-дәрмекпен емдеу
-Амоксициллин-250мг/кг күніне 3рет
-Азитромицин-20мг/кг күніне 1рет
-Панкретин- - 100000ЕД/тәу
- Омепразол- 10мг/кг 1рет куніне
- Гиосцина бутилбромид- 1-2 таб 3-5 реттен куніне
Достарыңызбен бөлісу: |