Лекция Сабақтың тақырыбы: №59. Жарықтың дисперсиясы. Спектр. Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері



бет1/11
Дата08.05.2020
өлшемі129,46 Kb.
#66633
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
жарықтың дисперсиясы


Лекция

Сабақтың тақырыбы: №59. Жарықтың дисперсиясы. Спектр. Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері

Ньютонның негізгі тәжірибесі даналықпен жасалған қарапайым тәжірибе еді. Ньютон призмаға көлденең қимасы кішкене жарық шоғын түсіруді ойлап тапты. Күннің жарық сәулесі терезе қақпағындағы кішкене тесік арқылы, қараңғылаған үй ішіне жіберілді. Жарық шоғы шыны призмаға түсіп сынды да, қарсы қабырғаға кемпірқосақ түстерімен кезек боялған ұзарған кескін түсті.

Ньютон тәжірибесінің айқындалған кескіні берілген 3-суретте көрсетілген. Кемпірқосақ негізгі жеті түстен құралады деген ғасырларға созылған дәстүр бойынша, Ньютон мынадай жеті түсті бөліп алды: күлгін, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызғылт сары және қызыл. Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр деп атады.

Тесікті қызыл шынымен жауып қойып, Ньютон қабырғадан тек - қызыл дақ, көк шынымен жауып - көк дақ т.с.с. байқады. Бұдан бұрын жорамалдағандай, ақ сәулені призма боямайтындығы анықталды. Призма жарықты өзгертпейді, оны тек құрамды бөліктеріне жіктейді (2-сурет). Ал жарықтың кұрылымы күрделі, одан әр түсті шоқтар бөліп алуға болады. Олардың тек бірлескен әрекеті ғана бізге ақ түс әсерін туғызады. Шынында да, егер біріншіге қарағанда 180°-қа бұрылған, екінші призманың көмегімен спектрдің бүкіл шоқтарын жинасақ, онда тағы ақ жарық шығарып аламыз (1- сурет). Спектрдің кез келген бір бөлігін, мысалы, жасылын бөліп алып, жарықты тағы бір призмадан өтуге мәжбүр етсек, енді боялуда өзгеріс болмайды. Ньютон жасаған тағы бір қорытынды оның "Оптика" трактатында былай айтылған: "Түстеріңде айырмашылық бар сәулелер шоқтарының сыну дәрежелерінде де айырмашылық бар болады" (олар үшін шынының сыну көрсеткіші әр түрлі болады). Ең көп сынатын — күлгін сәулелер, барлығынан аз сынатын қызыл сәулелер. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон дисперсия (латынның dispersio шашамын деген сөз) деп атады. Сыну көрсеткіші жарықтың зат ішіндегі жылдамдығына тәуелді.

1.Ньютон  ашқан  жаңалықтар,тәжірибелері

1966 жылы  И.Ньютон ақ  жарықтың  призмадан  өткенде,  одан  сынып  түрлі-түсті  жолақтар  пайда  болатынын  тапты. Әр  түрлі  түстерден  тұратын  жолақтарды  спектр деп  атады



2.Спектр  түстері

Ақ  түс — күрделі  түс ,ол негізгі  жеті  түстен  тұрады :қызыл, қызғылт  сары, сары ,жасыл,  көк, көгілдір ,күлгін.



3.Жарық дисперсиясы,оның  түрлері

Дисперсияның  екі мағынасы  бар:

1.Дисперсия – күрделі  ақ  түсті  спектрге  ажырату  құбылысы

2.Дисперсия – заттың  сыну  көрсеткішінің  түсетін  жарықтың   толқын ұзындығына  тәуелділігі.

Жарықтың  дисперсиясын  қалыпты және  аномальді  деп  бөледі.

4.Толықтауыш  түстер

Бір – біріне  қосқанда ақ  жарық  беретін  түстерді  толықтауыш  түстер деп атады.



5.Алғашқы  түстер

Қызыл,жасыл ,көгілдір  түстерді Юнг алғашқы түстер  деп  атады. Алғашқы  түстердің  ешқайсысын басқа түстерді  араластыру  арқылы  алу  мүмкін  емес.



6.Заттардың  түстері

Егер зат  ақ  жарықтың  барлық  құрамды  бөлігін  біркелкі  шашыратса ол  ақ  болып  көрінеді.Ал зат өзіне  түскен  барлық түсті жұтса, ол  қара түсті  береді.

Сондықтан мөлдір  денелерді жарық  жолына  ұстаса , олар  әр түрлі түске  боялған  тәрізді  көрінеді.Мұндай  заттар  жарық  сүзгісі деп  аталады.

7.Түстердің бір-бірінен ерекшелігі

Түстер  ерекшелігі: қызыл—күш-қуаттың  символы;қызғылт  сары— қызу қанды;сары—күн  шуағы ,жылу  символы,жасыл—тіршілік  түсі,жағымды  түс,көк— ашық  аспан,өмір,өсу;көгілдір— сенімділікті,білгірлікті;күлгін байлықты,жеңісті  бейнелейді;ақ—тазалық,пәктіктіңм  белгісі ; қара-қайсарлықты білдіреді.

Спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл бөліктері.


Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400—10нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электромагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріні "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.

Тарихы


Инфрақызыл сәуленің анықталғанынан кейін, неміс физигі Иоганн Вильгельм Риттер спектрдің қарсысындағы, күлгін түстен толқын ұзындығы қысқа сәулені зерттеуді бастады. 1801 жылы көрінбейтін ол жарықта ыдырайтын күміс хлориді күлгін ауданның шекарасынан тыста орналасқан көрінбейтін сәуле әсерінен тезірек ыдырайтынын байқады. Күміс хлориді жарықта бірнеше минут ішінде күңгірттенеді, ал спектрдің әр бөлігі процесс жылдамдығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Күлгін түске дейінгі ауданда бұл процесс ең тез байқалады. Сол кезде көпртеген ғалымдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын (инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет