Әскери коммунизм саясаты. Азық-түлік салғырты. Әскери коммунизм саясаты



Дата07.02.2022
өлшемі11,64 Kb.
#96745

1.Азаматтық соғыс кезіндегі (1918-1920жж) әскери коммунизм саясаты. Азық-түлік салғырты.
Әскери коммунизм саясаты -1918-1920 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтар мен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен,адам күштеріне барынша жұмылдыру,қалаларды,өнеркәсіп жұмысшыларын сонымен қатар Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету,елдегі қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында әскери коммунизм саясаты енгізілді. Әскери коммунизм саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы азықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды,басқа халықты азық-түлікпен бір ортадан қамтамасыз ету көзделді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға қатаң тиым салынды. Әскери коммунизм саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттелді. Қазақстанда әскери коммунизм саясаты негізінде өнеркәсіп өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру болды. Азық-түлік салғырты бойынша шаруалар өзінде өлместің күніндей ғана азық қалдырып, қалғанының барлығын мемлекетке тұрақты бағамен сатуға тиіс болды. Бұл кезде тауарды еркін сатып,базарға шығуға тиым салынды. Қазақстан мен Түркістанға азық-түлік салғырты 1920 жылы енгізілді.Бұл кезекте де халықты жөнсіз тонау саясаты болды,яғни шаруалардың жинаған өнімдерін тегін әрі тартып алып отырды.Барған сайын ақша құнсыздана бастады.Азамат соғысынан кейін Азық-түлік салғырты жүргізілуі шаруалар көтерілісне дейін әкеліп соқты. Мұндай көтерілістер Қазақстанның Семей мен Орал облыстарында болып өтті.Бәрібір тартып алатынын білген шаруалар артық өнім өндіруге ынталанбады.

2.Азаматтық қоғамды дамыту және оның саяси институттары.ҚР қоғамдық қозғалыстар. Бірінші Дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы.


Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет