ЭССЕ
Инклюзивті білім беру дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз
Сіздің осы сабақтағы дәрістеріңізді қарап шығып, осы инклюзивті білім алу туралы ұғымды жаңадан танып, біліп отырмын. Бұрын соңды бұл ұғымды ешқандай жерден естімеген едім.
Инклюзивті білім беру бұл тек ерекше балаларға ғана емес, сонымен қатар қарапайым балаларғада оң әсерін тигізетін сияқты. Өзіміз өмір сүріп жатқан ортада оларға теңдікті, қарапайымдылықты, адамгершілікті және де түрлі адамдармен тіл табысуды үйретеді деген ойдамын.
Менің бірінші бітірген мамандығым - техникалық мамандық. Мен оқитын оқу орнында да ерекше балалар болатын. Мұғалімдер және студенттермен тіл табысу жағынан оларда қиындық туындайтын. Сол қиындықтарды мектеп қабырғасынан болдырмаудың жолын қарастыру керек сияқты.
Әсіресе, мектептегі мұғалімдер мектеп қабырғасынан бастап оларды бөлмей, қалайда сол қалыпты, қарапайым балалардан ещқандай жерлері кем емес сияқты қараса жақсы болатын еді. Тіпті негізі ол нәрсені өзімізден бастау керек сияқты. Қарапайым балаларда оларға бір ауру, кемістігі бар деп қарамай, керісінше ерекше балалар деп қарап үйрету керек-ау.
Балалардың психологиялық жағдайына қарау, тақырыпты түсіндірудің басқа да тәсілдерін құрау мұғалімдердің педагогикалық дайындығын арттырады деп ойлаймын.
Әрине, бұл жерде тек мұғалімнің емес, ата-аналардыңда орны ерекше. Олардыңда ерекше балаларды тәрбиелеуде дұрыс тәсіл қолдана білуі, сол балалардың алдағы өміріне, мектепте өзін ұстауына үлкен әсер етеді.
Мектептерде және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру сыныптарының ашылуы сол жерлердің үлкен дамуына әсер етеді деп ойлаймын. Мектептерде ерекше балаларға арналған арнайы құрал жабдықтар – лифттер, арнайы баспалдақтар, қоңырау батырмалары орнатылу керек сияқты. Мектептерде балалар ешқандай кедергісіз білім алуға қол жеткізуі керек. Балалардың ерекше болып туылуында, олардың ешқандай кінәсі жоқ. Сондықтан оларға көмек жасап, сол ерекшеліктерімен ары қарай, үлкен өмірге жеңіл қадам басуына септігімізді тигізу бұл баршамыздың мойнымызда сияқты.
Ерекше балалардан да неше түрлі ғалымдар, ойшылдар шыққаны туралы түрлі бейне роликтер көрген болатынмын. Оларға осы инклюзивті білім беруді дұрыс жолға қойсақ, біздің елдегі ерекше балалардан неше түрлі ғылым саласынан ғалымдар шығатынына шын жүрекпен сенемін!
Егер осыны оқып жатсаңыз, сізге де көп-көп рахмет! Осы туралы ойландырып, эссе жазғызғаныңызға.
Тапсырманы орындаушы Мұратбеков А.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |