Эссе «Мәдениеттану пәні, құрылымы, қоғамдағы орны,және менің ойым»



Дата17.02.2022
өлшемі15,41 Kb.
#132250
Байланысты:
Эссе Х.Сымбат.


Эссе «Мәдениеттану пәні, құрылымы, қоғамдағы орны,және менің ойым»
Мәдениеттану пәні- мәдениет туралы ғылым.Ал мәдениет дегеніміз не? Мәдениет деген ұғымның қолданылу аясы өте кең. Сондықтан,мәдениетке түрлі анықтама беруге болады.Жеке тұлғаның ой санасы, әрекеті нәтижесінен туындайтын іс-әрекетті мәдениет дейді, Немесе адамның жасаған барлық нәрсені мәдениетке жатқызамыз.Осы мәдениетке бір адамның қасиеттерінен бастап,тұтас бір ұлт, сол ұлттың санасы, менталитеті, санасы, өмірі,дәстүрі, барлығы да кіріп кетеді. Сол себепті мәдениетті біз қоғамда алар орны ерекше дейміз.
Мәдениет адамды тәрбиелейді, мәдениет қоғамды ұлтты тәрбиелеп реттейді. Мәдениеттану пәні мен қазіргі уақытта оқып білім алып жатқан мамандығыма қатысты болмасада,бұл пән маған өзімді тәрбиелеуге,өз бойымдағы қасиеттерді ,өз ақыл-ойымды, мінез-құлықты жетілдіруге және қоғамдағы мәдениетті сақтауды ,қоғамды реттеуді,қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсарту,т.б. өзекті мәселелердің шешімін табуға бір көмегін тигізеді.Тіпті, болмаса танымдық көзқарасты кеңейтіп, осы ғасыр жастарына көзіміз ашық, білімді болуымыз үшін де керек. Өз тарихымызды білуіміз парыз болғандай,мәдениетті де білу керекпіз.Адамның жан-жақты болуы заман талабы. Осы мәдениеттану пәні қоғамға керекті, маңызды пән болғандықтан, пән ретінде,ғылым ретінде зерттелді.Адам мәдениетті қалыптастырушы, ал мәдениет нағыз «адамды» жасайды. Мәдениеттің бастауы адамнан. Демек,адамда мәдениетті өзінен бастайды. Күнделікті өмірде де, қарым-қатынаста да , түрлі сала, түрлі жағдайларда біз мәдениетті қолданамыз. Ал осы мәдениет туралы бізге толық айтып, қалыптасу тарихынан бастап түсіндіретін Мәдениеттану пәні. Мәдениеттің әлеуметтік рөлін де баса айтар болсам, оның рөлі зор.Себебі, мәдениет адамды жабайылықтан тұрпайылық пен еріншектік, зұлымдық пен қатыгездік сынды теріс қылықтардан сақтайды.Қоғамды дұрыс баққа, жақсы өзгеріске әкеледі.Қоршаған ортаға бағыт бағдар беріп,нұсқау көрсетеді. Қорытындылайтын болсам,мәдениет қарқынды түрде әлемді,қоғамды, жалпы адамзаттың өмір сүру салтын өзгеріске ұшырата алады, сол себепті ол тіршіліктің шығармашылық факторы болып және қоғамдық жаңа өзгерулердің шексіз қайнар көзі ретінде болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет