Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері



бет1/6
Дата09.10.2022
өлшемі22,68 Kb.
#152328
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әде-melimde.com


Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әдетте қарым-қатынаста, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің төрт негізгі тәсілін бөліп көрсетеді: жұқтыру, еліктеу, үйыту және сендіру

Педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің негізгі тәсілдері Әдетте қарым-қатынаста, оның ішінде педагогикалық қарым-қатынаста ықпал етудің төрт негізгі тәсілін бөліп көрсетеді: жұқтыру, еліктеу, ұйыту және сендіру.

Жұқтыру - бұл өзіндік мағыналық ықпал етуден немесе оған қосымшадан өзге байланыстың психофизикалық деңгейінде бір жеке тұлғаның басқаға эмоциялық жай-күйді беру үдерісі.

Жұқтырудың тарихи үрдістері жаппай психозға, діни экстазға, спорттық құмардың жаппай көріністеріне, дүрлігіске және т.б. байланысты зерттелді. АҚШ-та 1938 жылы Г.Уэллстың «Әлемдер соғысы» романы радио арқылы оқылғаннан кейін дүрлігістің туындауы кеңінен танылған. Адамдардың көбі (ресми деректер бойынша - 1 200 000 адам). Жерге марстықтардың басып енуіне сеніп, жаппай психоз күйде болған. Шамамен 400 000 адам кейін марстықтарды өз көздерімен көрдік деп сендірген. Жұқтырудың басқа мысалдары спорт жарыстарындағы жанкүйерлердің тәртібі болып табылады; адамға лық толып тұрған көлікке отырғызған кездегі, митингтер мен демонстрациялар уақытындағы адамдардың тәртібі; еңбекке құлшынысы және т.б.

Адам жұқтыру үдерісіне ұшырауға жақын дегенде, оның белгілі бір психикалық (эмоционалдық) күйге еріктен тыс жақын дегенді білдіреді. Бұл жағдайда адам өзінің ақыл-ойының жетегінде емес, өзінің бойында жүріп жатқан гармоналдық зат алмасудың ықпалымен әрекет ете бастайды. Ол өзінің әрекеттерін басқару, оқиғаны алдын-ала болжау, өзін және қоршағандарды бақылау қабілетін жоғалтады.

Мектептегі позитивті де негативті де құбылыстар осы күйге ұласуы мүмкін. Оқу топтарының бір-бірімен жарысы кезіндегі еңбек құлшынысы, кұмары, пәнді зерделеу кезіндегі белсенділік пен қызығушылық және т.б. мысалдар жалпыға аян. Тәжірибелі мұғалімдер мен дәріскерлер жұқтыруды өз мақсаттарына - дәрісхананың белсенділігін арттыру, маңызды істі орындауға адамдарды жұмылдыру үшін біріктіру факторы ретінде пайдалануға қабілетті. Алдын ала жұқпалыны туғызудың себебі, қол шапалақтау, жаппай декламация, ұрандарды мәнерлеп айту, әдейі туғызылған қуаныш, жеке мысал (мысалы, сенбіліктерде), жалпы маңызды мақсаттардың барлығы болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет